Мәдениет саласының үздігі, ақын, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы дүниеден өтті.Бұл жөнінде қызы анасының инстаграм парақшасында хабарлады,- деп жазады el24.kz тілшісі.
“Анашым Раббысына қайтты,дұғада болыңыздар.Артында дұға арнайтын ата-анасы бауырлары,үлкені ханшайым Толғанай,кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен,Арыстан. Жақсы көретін,дұға арнайтын Қазақ Елі бар!Анама деген махаббаттарыңызға рақмет!"-деп жазды ол.
Ақын 1 жыл бұрын денсаулығы сыр бергені туралы айтқан еді. Оған күрделі операция жасалған.
Кейін ақын 7 рет ота жасатқанын да хабарлады.