-
Біздің көшеде бір ескі, адам тұрмайтын үй бар.Ол үйде бұрын кəрі əйелмен оның алқаш ұлы тұратын.Кейін екеуі де қайтыс болып кеткесін ,азып-тозып фундаменттері үгітіліп тұрған үйді ешкім иеленіп тұрмады.Бір күні көршіміз Таня тəтейге :-Қиын мына үй адам тұрмағасын ,от жағылмағасын құлайтын болды дегем.-Ол жақсы құласа құласын онда ол үйде аруақтар(призрак)жоқ. Мұнда қанша жыл азып тозып құламай тұрған үйлерден қорқу керек ондай үйлерде жын -пері аруақтар жүреді- деп əңгімесін сабақтап кетті.
Бұл əңгімені əжем айтып беріп еді деп бастады. Ол кезде олар Беларуссяның бір селосында тұрған екен. Соғыстан кейінгі қиын жылдар болса керек,селода бос үйлер көптеп кездеседі екен. Күндердің күнінде сол бос тұрған үйдің біреуіне бір сыған отбасы көшіп келеді. Отбасында əкесі,əйелі жəне үйелмелі -сүйелмелі алты бүлдіршіні бар екен. Сыған отбасымен бірге ол селоға бір жайсыздық келгендей.Əкесі жұмыс істемейді. Балалары əркімнің қорасына ұрлыққа түсіп кір-қожалақ ылғи аш жүреді екен. Балаларды аяған село адамдары оларға нан сүт берсе,əкелері намыстанып :-Алмаңдар деп айқайлап балдарды ұрады екен.
Кейінен ауыл адамдары нанды қораларының қасына шөптің үстіне қойып кетеді екен.
Солай күндер өте береді.
Бір күні сол селоның бір əйелі сол цығанның кішкентай қызын шақырып алып,үстіндегі алба-жұлба киімдерін шешіп қызының ескілеу көйлегін кигізіп жібереді. Қуанған бүлдіршін үйіне тұра жүгіреді. Бірақ оны үйінде қуанып ешкім қарсы алмайды.
Сол күннен кейін ертеңіне сыған отбасы азанымен шамалы жүктерін арқалап,балаларын жетектеп,ешкіммен қоштаспастан көшіп кетіп қалады.
Күндер өте береді.Үй тағы бос қалады.
Бірақ сол үй жақта күнде кешке бір өзгерістер байқала бастайды. Село иттері де кеш болысымен сол үйге қарап үре беретін. Қасынан өткен адамдар сол үйден сыған тілінде күбірлеп сөйлесіп жатқандай дыбыстар естиді,айғыз-айғыз кішкентай көмескі терезеден қызғылт сəуле көрінгендей болады.
Бір жолы көше аяғында тұратын ерлі зайыпты ұрысып қалады. Сол бəле əзəзіл арақтың кесірі. Əйелі, араққа сылқия тойып келген күйеуін үйден түнде қуып шығады .Түн ортасы дала суық қайда барады, мас адам ешқандай ойда қорқыныш жоқ ,сыған тұрған үйді паналайды.Есігін ашып, бұрышта жатқан ескі төсек жапқыштың үстіне құлай кетеді.Түн ортасында бір жылаған дауыстан оянады .
Көзін ашып қараса бұрышта шашы жалбырап жылап отырған сыған қызын көреді.
-Ағатай мен тоңдым,өте қатты тоңдым- дейді де жоқ боп кетеді.Қорыққаннан есін жинап алған еркек далаға атып шығады. Ертеңіне көрген оқиғасын бүткіл село естиді.
Сол үйге өте жақын тұратын көршісі жылап қоя береді.
-Мен олардың кетіп бара жатқанын көрдім,балалар маған бесеу сияқты көрінді ,мен оған онша мəн бермедім.
Неде болса бұл дұрыс нəрсе емес. Село адамдары жаңағы адамды ертіп үйге қайта келеді.
Көмескі үйде сығандардың бірталай заттары қалғаны көрініп тұр. Қай жерден көрдің ?- дейді.
Ол сылағы томпайып шығып тұрған бұрышты көрсетеді.Сол бұрышты кубалдымен ұрып қалғанда қыздың мəйіті сылақпен бірге құлайды,сыған қызын өлтіріп қойып содан қашқан екен.
Үстіндегі көйлекті көріп, берген əйел жылап жібереді.Село тұрғындары қызды өз рəсімдерімен, өз мазараттарына жерлейді. Оның атында білмейді екен. Өздері Катя-деп ат қойып, басына сол жерде өсетін жабайы гүлдерден апарып қояды екен.Орыс деген заңға өте мықты халық болсада сол сығанды таба алмапты. Жердің астына түсіп кеткендей жоқ болған.
Ол үй көп жылдар солай құламай тұрыпты.
Қызды алып кеткеннен кейін, ол үйдегі түнгі, бір түрлі құбылыстар жоғалғанға ұқсайды.