Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде қар, жауын жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады.
30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.