Сəлем,"Сырласу" клубы. Үнемі əртүрлі тағдыр иелері сіздерден ақыл-кеңес алып жатады. Менің де сұрағым бар еді. Менің 1995 жылы туған ұлым -  бала кезінен мүгедек. Екінші топтағы мүгедектікті алған. ДЦП-мен ауырады.  Жəрдемақысы дəрісіне  əзер жетеді. Тегін дəрілердің көмегі аз. Сондықтан, қалтамыздан аламыз. Соған ақша таппай қиналып қалам. Жүріп-тұруы қиын.  Арнайы тамақпен зорға адам қылып отырған жайым бар.  Соған мемлекеттен қандай көмектер бар?  Атаулы көмек деген бар дегенді көп адамнан естимін. Əкімшілікке барсам, ол жердегілер сіздің үйдің табысы бар деп кері қайтарды.  Күйеуімнің тапқанымен үш бірдей баланы асырау қиын ғой. Əрі ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Соған кеңес берсеңіздер.
 
 
Алматы облысы
Арайлым