Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.
Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған.
Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған.
«2 қазандағы сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.