Ғабит Нұрханұлы  дәрігер  анестезиолог реаниматолог, перфузиолог

 

Ғабит  аға, əңгімемізді  Германия медицинасының артықшылығын айтудан бастасақ...

Ең басты айырмашылығы жұмыс уақтында жұмысыңды ойлайсың. Ол кəрі ме жас па,  ақшасы бар ма ,жоқ па , кімнің туысқаны, мүлде шаруаң жоқ .

Барлық науқастар сен үшін бірдей.  Барлық дəрігерлер бірдей жалақы алады.  Ешкім ешкімнің ақшасын санамайды.  Ешкім пара бермейді. Ешкім ол  туралы ойламайды да. Бізде басқаша жүйе , дəрігерлер мен халықтың арасы алшақ.  Əр жерде əртүрлі айлық. Одан қалса категория дейтін бар.  Ол дегеніміз əртүрлі емтихан тапсырсаң айлығың басқа, тапсырмасаң басқа.  Яғни ақылды болсаң басқа төлейді.  Осы жерден сұрақ ақылды болмаса ауруханада неге жұмыс істеп жүр.  Одан басқа да айырмашылықтар көп.

 Бүгінгі біздің  медицинаның өрісін тарылтқан нəрселер қайсы?

Біздің медицинаны өзгерту керек.  Адамдардың санасын өзгерту керек. Денсаулық шынымен зор байлық екенін түсіндіру керек.  Дəрігерлердің халық арасында беделін көтеру керек. Дəрігерлерге өз құқықтарын қорғауды үйрету керек.  Мысал үшін жалақың аз ба ?  Күнделікті өмірге жетпей ме ,мемлекеттен сұра.  Мемлекет береді.  Бəріне береді.  Кім сұрайды бəріне береді. "Жыламаған балаға емшек жоқ"

 Германия медицинасының темірқазығы - баршаға теңдей көрсетілетін медициналық қызмет екені даусыз. Отандық медицинаның сондай  дəрежеге жетуі үшін қандай қаракет керек?

Германияның медицинасы тек сақтандыру жүйесімен отыр.Медицина ақысы қымбат, дəрілер тегін.   Сол үшін əр науқас оларға үлкен ақша. Мысал үшін  жай МРТ (магниттік резонансты томография ) бізде 38-40 евро болса , оларда  800 евро тұрады, əр науқасқа клиент ретінде қараудың да бірден –бір себебі осы. Əрине сақтандыру жарнасы да қымбат ,жалақыдан 10% басталады, бізде 1% .Айырма жермен көктей.

 "Науқастың жігерін жанып, сенімін оятып, өмірін сақтап қала алатын адам - дəрігер" деген грек халқының нақылы бар. Бұл ойға алып қосарыңыз бар ма?

Дәрігер- көп оқуды қажет ететін  мамандық.  Басқа адамдар  5 жылда диплом алып жұмысқа кіріссе, бұлар 7 жыл ,9 жыл оқиды. Басқа адамдар диплом алуға 20-30 кітап оқыса, дəрігерлер 100-150 кітап оқуы керек. Дəрігер бұл өте сыйлы мамандық. 

Бүгінгі  қоғамдағы  жалпы  дəрігерлердің  беделі қандай?Дәрігердің  беделі  түсіп  кетті  дегенге  келісесіз бе?  

Дəрігердің беделі түсіп кетті емес, дəрігерлердің беделі  жоқ. Халық арасында «дəрігер мен полициядан сақтасын» деген ұғым бар.  Ол жала емес , дəрігерлер парақор болып кетті.  Ауруханаларда профессорлар мен бөлім меңгерушілері тек ақша бергендерге операция жасайды. Барлығы науқастарды  қорқытып ақша алуды  ғана ойлайды.  Жоқ олай болмауы керек . Пара алатын жерде сыйластық болмайды.  Солай дəрігерлер қəдірін жоғалтып алды. Бір ауруханадан бір адам ғана пара алсыншы бүкіл аурухана парақор атанады.”Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді”

 Ғабит аға, сіздің  кардиохирург екенініңізді білеміз,бүгінгі күні жүрек  ауруларының  жас пен кəрі талғамай жиі кездесуінің себебі неде? Аурулар  жасарып бара  жатыр деген  қаншалықты  рас?

Мен анестезиолог реаниматологпын.Қосымша“перфузиолог “деген мамандығым бар. Жасанды жүрек аппараты маманы. Аурулардың, əсіресе жүрек аурулардың көп болуы, ол мөлшерден тыс тамақ жеу мен қимыл  қозғалыстың аз болуына  байланысты. Жəне адам тұрақты түрде қан өткізіп тұрған дұрыс.  Қəзір мен осыны қолға алмақшымын. Бос болғанда  науқас қабылдап бойын салмағын есептеп ,артық салмағын көрсетіп.Одан қалай құтылу жолдарын түсіндіріп.  Қан шығару (хиджама ) жасап ең болмағанда он ,он бес адамның инфаркт пен инсулть ауруларының алдын алсам үлкен жетістік.

 Соңғы фейсбуктегі жазбаңыз  елді елең еткізердей жазба болды.Бәрі білетін,бірақ ашық айта бермейтін,елдің сыбырлап айтатынын сіз жария айтып, өзіңізге деген әріптестеріңіздің көз –қарасын өзгертіп алған жоқсыз ба?

Елең еткізгенде көп порталдар, газеттер мен айтпағанды айтты деп тақырыптарын айқайлатып қойып біраз шу болғаны рас.  Өзім тақырыпты немісше  “ich bin wieder da”яғни "мен қайта осындамын" деп қойдым.  Əріптестерім де екіге бөлінді.  Біреулері қолдап хат жазса, екіншілері су ішкен құдығына түкірме деп ескертіп жатты. Қарсы болғандар сол пара алып өздері рахат өмір кешіп жүргендер, қолдағандар адал еңбекпенен айлықтан- айлыққа  жетіп жүргендер деп топшыладым. Мен бұл мақаланы жазғанда бір ауруханаларды əшкере етейін деп жазбадым. Əйтпесе дəрігердің пара алатынын мен түгіл көшедегі алты жасар бала біледі.  Менің дəрігерлерге айтпағым өзгеру керек.Стреотиптер өзгереді.  Халық асырайды деген ойдан арылу керек. Адал еңбекпен нан табу рахат екенін сезіндім.  Соны əріптестеріме айтқым келді. Əшкере етейін деп жазбадым.  Айтқандарымның бəрі факт. Өзім дəлелдеп бере алам.  Мен бір сэнсация жасап , жаңалық ашпадым.

 

Емделуге келмейтін өтісіп кеткен ауруға емдеу жүргізу қалай қиын болса,ушығып кеткен жемқорлықпен күресудің жолы бар ма?

Біздің мемлекет жемқорлықпен өте күшті күресуде.  Біз сияқты ешкім күресіп жатқан жоқ. Оған мен өте сенімдімін.  Мына көрші мемлекеттермен əсіресе Ресей жəне Өзбекстанмен салыстырған да бізде жемқорлық əлдеқайда төмен, Ресейдегі жағдайды əріптестерім айтқанда шошып кетесің,  бізде оңдай жағдайлар 1990 жылдары болған.

Президентіміз жемқорлықпен күресуге барлық жағдайды жасап қойған.  Қай ауруханаға, емханаға кірсеңіз жемқорлықпен күрес агенттігінің нөмері, ішкі аудит нөмері тұр.  Ең маңыздысы екеуі де жұмыс істейді.  Егер халық мына дəрігер менен пара алды деп хабарласса оны сұраусыз жұмыстан босатады. Егер дəлелдеп берсе қамайды.  Яғни мемлекет өзінің жұмысын жасап жатыр.  Дəрігердің болсын, басқаның болсын жемқор болғанын мемлекеттен көрудің керегі жоқ.  Пара берушілер азаймай пара алушылар азаймайды.  Пара беріп алып артынан дəрігерлер  парақор деп жылап отыратын халық кінəлі . Бірінші  халықтың сана сезімін ояту керек . Артынан дəрігерлер өздері түсінеді. Президентіміз əр адам  бірдей тегін  медициналық көмек алу керек деді ме, солай болуы тиіс.

 Германияға  қайта  кетпек  ойыңыз  бар ма? Бүгінгі  күндегі  қоғамдағы көз –қарасты  төңкеріп  тастау  үшін  не  істеу  керек  деп ойлайсыз?

“Жалғыздың үні  шықпас, жаяудың шаңы шықпас” деген бар. Мен жалғыз еш нəрсе өзгерте алмаймын. Оның үстіне мен мемлекеттік ауруханаларда жұмыс жасамаймын, олар мені алмайды да, менің де барғым жоқ. Менің сенетінім фейсбуктегі оқырмандарым мен жақын достарым.  Мендегі мақсат мүмкіндігінше дəрігерлер мен халықтың арасын жақындастыру. Халықты өзіне тиселі емді алуға үйрету ,дəрігерлерге өздеріне тиселі жұмысты істеудің рахат екенін сезіндіру.  Шынында да жұмыс уақтында , əр науқасқа бірдей көз –қараста қарап, туысқаныңдай емдеу рахат сезім.Қолым босағанда осындағы білімді дəрігерлерді жинап, немісше үйретіп ,барынша жол көрсетіп Германияға жіберу. Ол жаққа əлі де дəрігер күші керек.  Егер мен  ешнəрсе жасай алмасам,  ойлағанымның бəрі жүзеге аспаса ,онда кері Германияға оралармын.  Германия есігі маған əрдайым ашық. Бірақ өз үйім өлең төсегім демекші , бəрібір өз еліңе жетпейді.  Мұнда жүргендей еркін жүре алмайсың.  Ұрысып талассақ та өз елімізде жүрміз. Еркін жүріп үйреніп қалған қазаққа ,шет ел түрме сияқты.

Уақыт тауып бізге сұхбат бергеніңіз үшін рақмет !Елім деп соққан жүрегіңіз  соғуынан жаңылмасын!

Дайындаған Мейірхан Мейрамбекұлы