Ербол Әкімғали сексеуілден тері ауруларын емдейтін сабын жасап шығарушы
Əңгімемізді өзіңізбен танысудан бастасақ...
Мен 1988 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келдім.Сол жақта жоғары оқу орнын бітірдім.2008-жылы ата жұртыма қоныс аудардым.
Сіз сабын жасап отырған сексеуілдің жалпақ жұрт білмейтін емдік қасиеті қандай?
Жалпы сексеуіл адамның денесіндегі әр қандай тері ауруларына қолданылады.Мысалы:
безеу,бөрткен, аллергиялық бөрткен, қотыр, қышыма экзема ,псориаз ,теміреткі ,гемаррой, шуаш ,қолаңса ,шаш түсуі,қайызғақ ,сәби шомылдыру, сүйел және тағы басқа тері ауруларын жазады.
Құпия болмаса, сексеуілден сабын жасау технологиясына тоқталсаңыз...
Cабынды әзірлеу оңай шаруа емес. Мысалы, алаботаның емдік қасиеті артып, пісетін уақыты болады. Оны сол кезде алу керек. Оны жаз бойы өзім жинаймын. Ал сексеуіл «Қызыл кітапқа» енген өсімдік. Сондықтан оны заңды құжаты бар арнайы орындардан сатып аламын. Бұл екі өсімдік те шөл, шөлейтті жерде өседі. Улы, дәмі ащы болғандықтан оны мал жей бермейді. Қайнату үшін өсімдікті таза жерге өртеп, күліп аламын. Оларды бір-бірімен араластырғанда мөлшері артық, не кем болмауы керек. Көп қосылып кетсе, адамның терісін күйдіріп жіберуі мүмкін. Мөлшерден төмен болса, емдік әсері азаяды. Дұрыс жасалмаған сабын кө пірмейді, тез сынғыш, пайдалануға қолайсыз болады.
Күлді 200 литр суға таңертеңнен кеш батқанша тоқтаусыз, су толық буға айналып кеткенше сақырлатып қайнатамын. Қайнату кезінде бет аузымды тұмшалап аламын. Одан сондай бір ащы, өткір иіс шығады. Ол мұрын мен тамақ арқылы өкпеге өтсе, күйдіріп жіберуі мүмкін. Қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу керек: қайнап жат қан кезде кішкентай түйір денеге немесе бетке тиіп кетсе, қорғасын құй ғандай күйдіріп жібереді. Қойдың майын қосқанда мөлшері асып кетсе «вулкан» сияқты ауаға атқылайды. Жан-жаққа шашырайды. Сондықтан мөлшерін білу маңызды. 12 сағатқа жуық қайнағанда 200 литрден бір бақырдай ғана қою қомалжың қалады. Оны қалыпқа салып кептіріп, сабын көлеміндей етіп кесемін.
Сабынның шарапатын көрген жандар көп пе?
Жалпы жұмыс істеген уақытым 2 жыл болды. Осы уақыттан бері пайдасын көріп ұзақ жыл болған тері аурулар жазылды.
Жағымсыз əсерлері болуы мүмкін бе?
Жағымсыз белгісі жуған кезде ашытады.
Негізі, тері ауруына емдеуде емдік бір курс үшін қанша сабын қажет?
Сабынды пайдалану ,адамдардың денесіндегі ауру әр түрлі болады, сондықтан олардың қабылдайтын курсы да әр түрлі болады.Ол әрқандай тері аурудың тез жазылуы, сол тері ауруларының ұзақ қысқалығына байланысты, және де сол тері ауруымен ауырған адамның сабынмен күнделікті жууына байланысты. Қаншалықты көп жуса, соншалықты тез жазылады.
Сабын қарапайым халыққа қол жетімді ме? Алыс ауылдарға жеткізу жағы қалай?
Бұл жерде көп санды адамдар тері ауру жағдайымен сабын қолданады ,сондықтан сабынның бағасы халыққа қол жетімді.
Алыстағы кісілерге поезд немесе автобуспен көрсетілген мекен -жайға салып жібереміз.
Сабынды халықаралық нарыққа шығару жайы қандай?
Қазіргі уақытта тек қана өз елімізде ғана қол жетімді. Сырт мемлекетке шығара алмау себебім мемлекет жағынан каржылай көмек болмай отыр.
Сабын дайындағанда қосатын қоспаларын дұрыс қоспаса кері әсері болады дейді.Қосатын қоспаларының мөлшерін қалай,немен өлшеп қосасыз?
Сабын дайындағанда сабынның қоспалары көп болып кетсе теріні зақымдайды.
Ол сабынды жасағанда штук санына байланысты таразымен өлшеп салынады.
Əйелдердің бəрі сұлу болғысы келеді емес пе? Қазір бет тері күтіміне бейжай қарайтын əйел заты кем.Сабын бет тері күтіміне қалай?
Әйелдердің бет күтімі , бет терісі өте нәзік болып келеді.Сондықтан оған мұқият күтім жасаған жөн.Біреулердің беті майлы болып түрлі бөртпелер,безеулер шығып кетеді.Мұндай бетке күніне екі -үш мәрте қолданса болады. Сабынды қолданғанда бетте 5-10- минуттан ұзақ ұстауға болмайды.Күйдіріп жіберуі мүмкін.Кейбір құрғақ терілер болады.Түлеп жүретін.Сабынның құрамында қойдың майы бар болғандықтан , құрғап кеткен теріні қалпына тез келтіреді.Кез -келген теріге күніне бір рет қолданып тұрса болады.Өйткені терінің құрғап ,немесе майланып кетуінің алдын алады.Крем немесе басқа нәрсені қолданып керегі жоқ.Өйткені сабын теріні бір қалыпта ұстайды.
Көптеген əйел адамдар бала босанғаннан соң көтеумен бетпе-бет келеді. Сабын көтеуге қалай көмек береді?
Ия көтеу адамдардың отыруына,жұмыс істеуіне қатты ықпал етеді.Сондықтан сабынды қолданған уақытта,егер шығып,ісіп кеткен геморрой болатын болса,күнделікті дәрет алған уақытта көбігімен дәрет алып, көбігін ұстап тұру керек.Ал кейбір кісілердің геморройы қатты іспеген.Бірақ ар жағы тік ішегі қатты ауырып геморрой ішінде өседі. Бұл уақытта сабынды свеча есебінде салып отыру керек.Кішкентай свеча жасап, күніне екі -үш мәрте салып, дәрет алып жүру керек.Бірақ тік ішекке терең салмау керек.Өйткені сабын тік ішекті қатты ашытып,адамның мазасы кетеді.Сондықтан тек ауыз жағына ғана күніне екі -үш рет жуынып салып отырса,өнім өз нәтижесін береді.
2 мың теңгеден сатылып жатыр екен.Қарапайым халық үшін бір сабынды 2-мың теңгеге алу ауырлық етеді деп ойламайсыз ба?Әлде алып сатарлардың қойған бағасы ма?
Бұл жерде менен алып сатып отырған кісілердің бағасы. Ал мендегі баға халыққа қол жетімді.87089584820,87082133031 Осы нөмерге хабарласқан кісілер қол жетімді бағада ала алады.
Соңғы сұрақ,алдыға қойған қандай мақсаттарыңыз бар?
Алдағы жоспарым қазағымыздың ата дәстүрі болған қазақи қара сабынымызды,қазақтың кең байтақ еліне жаңғыртып шығару .Ата -бабамыздың аманатын ұрпақтан -ұрпаққа жалғастырса деймін.Қара сабынымызды басқа ұлттарға,шет мемлекеттерге таныту.Дәл қазір,алдыға қойған бірден бір мақсатым,сабынды дамыту.Бұдан да жоғары өреге жеткізу.Ем іздеген жандарды,сабынмен емдеу.Жандарына шипа тауып, бір ауыз “рақмет” айтса да маған жеткілікті.Алла қаласа болашақта сабын завод ашсам деймін.Ол үшін көптеген жұмыстар жасап,біраз ой үстінде жүрмін.Ол да болса алдағы уақытта бола жататын істер. Қазақ еліне бір кісідей өз үлесімді қоссам деймін.Қазақтың қандай ұлт екенін,қандай мәдениеті барын ,өнерін осы сабын арқылы болса да әлемге танытсам деймін.Жалпы арманым көп...
Қарбалас,уақытыңыздың тығыздығына қарамай сұхбат бергеніңз үшін рақмет !Халық игілігі үшін жасар еңбегіңіз көп болсын !
Дайындаған Мейірхан Мейрамбекұлы