Тайваньда теңіз жағасында арнайы байларға арналған демалыс орны салынады. Құрылыс кезінде көптеген қайғылы оқиғалар орын алады. Жұмысшылар құпия жағдайда жан тапсыра бастайды. Бірі жоғарыдан құлап мойындарын сындырған не қайтыс болған, енді бірінің беліне байлаған қауіпсіздік белбеулері өздігінен үзілген. Ел арасында қорқынышты әңгімелер пайда бола бастайды. Осыларға қарамастан құрылыс бітіп, ашылу рәсімі де болады. Бірақ демалыс орнына туристер аяқ баса қоймады.
Жобаны құрастырған адамдар, бұл жобамен үлкен қаржыға қол жеткіземіз деп үміттенеді. Бірақ бәрінің күлі көкке ұшты. Керемет демалыс орнына айналады деп күткен жер әп-сәтте елестер қаласына айналып шыға келеді. Жағажайлар, қонақ үйлер бос қалады. Арамшөп өсе бастады. Ел арасындағы қауіпті жоймақ ниетте, жергіліктті билік курортты жермен жексен етуге шешім қабылдады. Бірақ сол жердегі халық бұл шешімге қарсы шықты. Егер курортты жоятын болса, ондағы елестер ол жерден шығып, жаңа қоныс іздей бастайды деген қорқынышта екенін жасырмады.