Оңайбек Нұрасылұлы Әбділов
Ауа –райы биыл біртүрлі болып, қан қысымым дәріге түспей, біраз дәрігердің алдынан өтіп, енді не істеймін деп қиналған тұста астаналық дәрігер еске түсіп,содан жазбаша кеңес сұрадық.Қан қысымның бірден –бір емі хиджама жасату деп кеңес берді ол.Содан хиджама жасайтын кім бар деп, білікті маман іздеп, сұрастыра бастадық.Біразына сенімсіздік танытып, соңында біреуіне тоқтадық.
Ол Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Халық медицинасында жеткен жетістіктері үшін «Шарапат» медалінің иегері» ,«Кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациасының» ең жоғарғы мәртебесінің«Ғасыр емшісі», Қазақстан Республикасы Заң Ғылымдары Академиясының Академигі, Шығыс медицинасы дәрігері Оңайбек қажы Нұрасылұлы Әбділов болатын.
Оңайбек қажымен емшілікке келу тарихы және шығыс медицинасының ерекшелігі жайлы сұхбаттасқан едік.
Маңғыстаулықпын. Жасым, 60-та -дейді Оңайбек қажы өзін таныстырып. Ауылда өскен қазақпын. Ата - бабаларым қиын – қыстау замандарда елде көшпей қалған. Себебі ишан, молда болған кісілер.Егер бәріміз үдіре көшіп кететін болсақ жерді жауға тегін береміз , қандай қиындық болса да көре жатармыз деп елде қалған.
Маңғыстауға белгілі Есқали ишанның шөбересімін. Сұпы Есқали ишанның бес ер баласы, екі қызы болған.Бес ер баланың ортаншысы Әбділ дегеннің баласының немересімін. Ишанның шөбересімін. Есқали сұпы заманында аңыз болған адам. Ілімімен періні жеңген, мешіт пен медресе салып, бала оқытып, халқын Алланың ақ жолына бастаған ұлағатты ұстаз болған. Ол кісі тек дін адамы емес, керемет домбырашы да болған. Домбыра тартқысы келгенде балаларын сыртқа қарауыл қылып қоятын болған. Сырттан танымайтын адам келіп тыңдаса ишан, молда адам домбыра тартып отыр деп , әңгіме қылмасын деген оймен сақтанып осылай жасайды екен. Ол кісі домбыра тартқанда, домбыраға тіл бітіп сөйлейді екен.
Ол атадан тараған ұрпақтардың бәрі бала оқытқан, заманында білімдар адам болған.Қазір Ұланақ, Бәстілі жерлерінде медресе мешіттерінің орыны бар. Мендегі емшілік те осы ата – бабалардан келе жатқан қасиет.Мен өз атамды көрген жоқпын. Атамның кенже інісі Құбай кәкем жайлы көбірек айтылады.Ол кісі 1958 –жылы, мен дүниеге келген жылы қайтыс болып кеткен. Ол кісі көзі соқыр болып қалса да,16- жыл емшілікпен айналысқан.
Бала кезде екі арманым болатын, дәрігер немесе журналист болу. Дәрігер болып, адам жасын ұзартамын деген балалық арман болғантын. «Адам неге өледі?Адам неге ауырады?»деген тақырып бала кезімнен зерттеген ойым еді.
Екінші арманым – журналист болу болса, 7- сыныптан бастап газеттерге мақала жаза бастадым. «Қазақстан пионері» газетінде тұңғыш мақалам жарық көрді.Ол мен үшін күтпеген жайт еді.Содан бастап журналистикаға деген ықыласым оянып, қабілетімді шыңдай түстім.Бірақ мектеп біткеріп журналистикаға оқуға тапсырғанымда барлық емтихандардан өтіп тұрып, руға бөлудің құрбаны болып кеттім.
- Қайдан келдің? Руың кім?- деді декан көзінің астымен сүзіле қарап.
- Маңғыстауданмын. Адаймын !- дедім ойымда ештеңе жоқ.
- Адайлар қашанан бері қолына қалам алып шығармашылықпен айналысып еді, сен жауынгерсің, бірінші әскерлік борышыңды өтеп кел ! - деп оқуға қабылдамай жіберді.
Сол ең алғашқы рухани , соққым болды. Руға бөлгенді бірінші рет сезіндім - деп сөзін сабақтады Оңайбек қажы.
Бірақ қаншама кедергілер болғанына қарамай мақсатыма жеттім деп ойлаймын, жазған кітаптарым мен мақалаларым арқасында Қазақстан Журналистер Одағына мүше болып қабылдандым. Ал емшілікке келетін болсақ, бала кезден басталған емшілікке деген қызығушылық Қытай елінде білім алуыма қол жеткіздірді. Жаратушы Жаппар Иеме шексіз разымын!
Өз бойымдағы қасиетті сезгенмен мән бермейтінмін. Біреу ауырып тұрса, соны ұстасам ол кісінің ауруы жеңілдеп қалатын.1978- жылы әскерден келген жылы «ГАЗ-69» көлігі басып кетіп, әупірімдеп тірі қалдым...
Ата –бабадан келе жатқан қасиетті сезінсем де, ол кезде жаспын мән бермей , біраз қиындықтарға, кедергілерге тап болдым.
Берілген қасиетті мойынсұнбай, мән бермей, қатты қиналдым.Сосын барып Құран ұстап, намазға жығылдым.2003- жылдардан бастап тиіп қашып, емшілік жасаған болып жүрдім.
Ол кезде полиция полковнигімін.1979- жылдан органда істеген адаммын. Былай қарасаң жұмысым мен емшілік мүлде қабыспайтын дүниелер. 2011- жылы пенсияға шықтым, 53- жасқа толғанда.Содан Қытайға кеттім.Себебі «кімге барып мен осындай» едім деп айтамын. «Мен, мен деп өзін жарнамалағанды ұнатпайтын адаммын »- дейді Оңайбек қажы.
Зерттеп іздестіріп қарасақ, шынында да ол кісінің жарнамасы немесе әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ екен.
Сөйтіп Қытайдан «шығыс медицинасы дәрігері» деген диплом алып келдім.Оқыдым, іздендім.Әлі іздену үстіндемін. Білгенімнен білмегенім көп- дейді қажы Оңайбек аға.
Қытайға оқу іздеп барған ылғи сайдың тасындай жігіттер мен қыздар болды.Қытайлар бізге өте риза болды.Өйткені техникасы күрделі инемен емдеу, әртүрлі нүктелі массаж, табан массажы, гуаша деген бар, солардың бәрін біздің барған жігіттер мен қыздар құйып алғанына таң қалды. «Біздерде оқытамыз, оқытамыз, соншалықты мынандай ғып бойға сіңдіріп құйып алу деген өте тамаша» десті олар.
2012- жылы қажылыққа барып келдім.
Қазіргі медицинада адамды бір тұтас орган деп қарап емдемейді, дәрігерлер асқазанды бөлек, жүректі бөліп алып қарайды.Міне біздің түпкілікті емделіп кетпейтініміз де содан.Адамды - біртұтас организм деп қарап, емдеу керек. Адамның көзі арқылы қай органы ауырып тұрғанын білуге болады.Бет терісі арқылы да. Шығыс медицинасы салдарын емдемейді, себебін тауып емдейді.
Адамдарда аурудың бәрі дұрыс тамақтанбаудан және уақытында жатып ұйықтамаудан келіп шығады. Аталарымыз «ауру астан»деп бекер айтпаған, «асқазанды үшке бөлің: біріншісіне тамақ салың, екіншісіне су құйыңдар, ал үшіншісін ауаға қалдырың» деп дәл айтқан.
Қазіргі кезде бізде той –жиындарда етпен бірге мұздай су әкеледі.Осының бәрін доғарту керек.
Неге? Өйткені мұздай су ішкенен кейін жеген майың қатып қалады. Май қатып қалғанан кейін ішкі энергияңның бәрі соны ерітуге жұмсалады. Ол нәрсе бүкіл ағзаңды барып, табиғи жолмен сыртқа шыққанша улап барады. Міне ауру қайдан? Өзін күтпесе, не болса соны жейтін болса адам денесі тезірек ластанады.
Мысалы экология дейміз,бірақ ешкім өзінің ішкі экологиясы жайлы ойлап жатқан жоқ.Егер адам өзінің ішкі экологиясын ойласа, ішуге болмайтын нәрсені ішіп, жеуге болмайтын нәрсені жемес еді.Уақытында ұйықтап,дұрыс тамақтанбау соның бәрі адам денсаулығына кері әсер етеді.
Шығыс медицинасында ұйқының құндылығы туралы бір түсінік бар. Егер түнгі сағат онан, он бірге дейін ұйықтайтын болса, бір сағат уақыты, екі сағат ұйқыға тең дегенді айтады. Құндылығы сондай.Ал таңғы ұйқының құндылығы бір сағат ұйықтасаң пайдасы он бес минуттай делінеді.Сондықтанда уақытында жатып ерте тұруды дағдыға айналдыру керек. Қазақ :”Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық , ерте тұрған еркектің ырысы артық” деп бекер айтпаған- деп сөзін түйіндеді қажы.