Есеева Гүлназ Мырзашқызы 
 
1962 жылы 6 желтоқсанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Дауан ауылында дүниеге келген. 1986 жылы  Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша біткерген. Түлкібас аудандық емханасында   34 жыл бойы қызмет етіп келеді. 2000 жылы емханада бөлім меңгерушісі болып бекітілген. 
 
 2005 жылдан  аудандық емхананың  бас дəрігері болып тағайындалған. 2007 жылы  бөлім меңгерушісі жəне ауданның бас терапевті . 2010 жылы дəрігерлік консультативтік комиссияның төрайымы. 2012 жылы бас дəрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. 2017 жылдан  Түлкібас аудандық ауруханасы консультативтік-диагностикалық емханасының меңгерушісі.
 
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында біліктігін арттырған  жоғары санатты терапевт жəне ұйымдастырушы дəрігер
 
Лале Башароғлы
Аудармамды Есеева Гүлназ Мырзашқызына арнаймын
 
Ақ антына адалым,
адамдыққа бас иген.
Өр намысты адамым,
өмірді өлеңдей сүйген.
Науқас жанын ұғатын,
бауырыңдай ол жақын.
Үміт отын үрлеумен,
асқақтатқан адам атын.
Арына қылау салмаған,
адалдығынан танбаған.
Ғазиз ғаламның тұрғыны,
бұла болмысыңа таң қалам.
Арман отынан нəр ала,
адам емдеген абзалым.
Сан дертке дəру таба,
оң болғай əркез қадамың.
Жүрегінде,
тілегінде,
адам жайлы арда жыр.
Жанарында,
қабағында,
көктемдейін алау нұр.
 
Аударма Мейірхан Мейрамбекұлы