Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды.
Бұл туралы Президент 12 сәуірде өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. "Үкімет пен әкімдіктер зардап шеккен адамдарды орналастыру, оларға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс.
Қазір бұл жұмыстар атқарылып жатыр. Эвакуациялық пункттердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау керек. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажет.
Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деді Президент.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:
▪️Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;
▪️ «Қазақстан украиндарының радасы» бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович, «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович «Ел бірлігі» орденімен;
▪️ Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич, Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
▪️Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович, Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич, Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна «Шапағат» медалімен;
▪️Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна, Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич, Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.
Бұған дейін хабарлағанмыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын ескере отырып, 6 жастағы балаларды (1-сынып) туберкулезге қарсы ревакцинацияланбайды;
Министрлік өкілдерінің айтуынша, профилактикалық екпелерге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті.
Бірақ қазақстандықтар вакцинациядан бас тартуға құқылы. Бұл Кодекстің 77-бабында айтылған.
Республикада профилактикалық екпелер туралы деректерді тіркеу мақсатында "Вакцинация" модулі жұмыс істейді. "Вакцинация" модулі - вакцинациялар туралы деректер қоры.
Денсаулық сақтау министрілігі екпе алатындарға кеңес берді.
"Профилактикалық екпелер туралы ақпаратты ресми және сенімді дереккөздерінен алу қажет. Вакцинациялау туралы ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттар мен аккаунттарда орналастырылады. Сонымен қатар, вакциналар туралы толық ақпарат алу үшін EGU.kz платформасына және вакцинациялау бойынша Call-орталыққа (жедел желі нөмірі 7701) жүгінуге болады", - делінген хабарламада.
Атырау облысындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтері өртеніп, екі бала мерт болды.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, өрт туралы бүгін, 25 сәуірде таңғы сағат 05:37-де хабар түскен.
«Өрт 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде тұтанған. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтердің толықтай жанғаны анықталды. Пәтердің жатын бөлмесінен 2014 және 2017 жылғы балалардың өлі денесі табылды.
Балалардың анасы –1995 жылғы әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі ес-түссіз күйде табылды. Олар жедел жәрдем бригадасының көлігімен аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Қазір жалынның тұтану себебін анықтау мақсатында өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жүргізіп жатыр. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толық сөндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
Атырауда ұсазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Ақтөбе полициясы оқ атқан күдіктілерді ұстап, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайдыҚазАқпарат
Оқиға 16 мамыр күні болды. Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр көшесінде орналасқан моншада белгісіз біреулер оқ атып, Атырау облысының тұрғыны ауруханаға түсті.
«Бақытты отбасы болу, бала сүйіп, ұрпақ жалғастыру менің де арманым еді. Амал қанша, оған қол жеткізе алмадым». Моншаға бірге түсіп жатқан бейтаныс еркек әңгімесін осылай бастады.
«Міне, үйленгеніме он жыл болды. Бірақ бір шыр еткен көре алмадық. Кінә кімнен? Мен бе, әлде әйелім бе? Білмедім. Өзімше ойлаймын, менмін деп. Өйткені төсекте өте әлсізбін. Ұлы мүшем жөнді істемейді. Әрине, оны жеген тамақтан, я болмаса суық тигізгеннен деп айта алмаймын. Кінә басқада ма деймін.
Достық үйінің мәжіліс залында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлттық тарихи жады – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізілді.
Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, ғалым-сарапшылар, облыстық мемлекеттік архив қызметкерлері, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда басында қатысушыларға «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты көрме таныстырылды.
Әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайсыз. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы.
Көзіңіздің үсті іссе
Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз.
Ғұлама Мужаһит: «Қадір түні – тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін, тағы басқа үкімдерді белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафиль, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген.
Ал, Абдуллаһ Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан бір жылдың ішінде кімге қанша ризық бөлінетіні, қашан қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген. Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның соңғы түндерін дұға жасаумен өткізуге қалай қарайсыз?
Аудан орталығына шалғай жатқан осы ауылдың шын атын біреу білсе, біреу білмейді. Себебі мұны «екінші ферма» дейді. Ал, олай десең сұраған адамың «қай ферма, қай жерде» деп басыңды қатырады. Ал, «Сұлулар ауылы» десең бәрі біледі. Құм ішінде орналасқан бұл ауылдың бұлай аталуының басты себебі Нартай көкем.
Жасы алпысты алқымдап қалған Нартай көкені іздеп бару үшін жолға шықтым.
Жол-көлік полициясына елді мекендерде қозғалмалы радарды пайдалануға тыйым салынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Полицияның жеке қызмет түрлері бойынша жемқорлықты азайту үшін бірқатар шаралар қабылданады. Бұл ретте патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысына маңыз берілмек.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы орталық базардан 1,5 млн теңгенің алтын бұйымдары ұрланды. Күдіктілер сауда қатары жаймасының астында тұрған сөмкені қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алтын ұрлығын өзінің 4 сыбайласымен бірге жасаған. Аудандағы тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында күдіктілерді жедел іздестіру шараларын жүргізді.
Менің есімім – Айымгүл, үстіміздегі жылы отыз жастан астым. Құдайға шүкір, өзімнің отбасым бар, бауырымда балаларым өсіп келеді. Әрине, біреудің отбасында несі бар, қанша жерден бірге туған бауыры болса да деп сөкпейтін шығарсыздар.
Өйткені, біз ағамызбен араласамыз, жиын-тойларда бірге боламыз. Сонда ағамыздың мәнсіз-мағынасыз сөздерін көргенде жүйкең еріксізден жұқарып кетеді. Еріксізден тілімізді тістеп қаламыз. Оның барлығына кінәлі – жеңгеміз.
Қызғыштай қорыған сайын қызығып, қырындай бастады. "Маған сенбейсің бе, сені ешқашан тастап кетпеймін" деді, "заманнан қалып қойғансың ба, ол - ескінің сарқыншағы" деді, "сүйген жандар бір-бірінен аяры жоқ" деді, "бәрібір үйленеміз, күтудің қажеті жоқ қой" деді. Менің айтарым біреу: "Арымды некеме дейін сақтаймын". Әр жолы өзінше неше түрлі аргумент айтады.
Басқа тақырыпта бастасақ та, әңгіме осы жаққа ауысып кете беретініне бір күні төзімім таусылды. "Жолың ашық!" деп шорт кестім. Арысы бір ай шыдап, айыбын мойнына алып, кешірім сұрап қайтып келді. Сүйіп тұрған соң, қабылдаймын. Бірақ өзгерген адам да жоқ, заман да жоқ. Баяғы жартас бір жартас. 4 жыл аз уақыт емес, күн өткен сайын күшейе түседі. Жүрегімнен алып тастай алмаған соң, өмірде де безіп кете алмай мен жүрмін. Үйленгенде бәрі де артта қалады ғой. Үмітім сол.
Қазақ есепшілері адам баласының 100 жасын бір ғасыр ғұмыр деп есептейді.
Осы 100 жастың 50 жасын "ұйқылы өмір" немесе "барзақ ғұмыр", қалған 50 жасын "ояу тірлік" немесе "саналы ғұмыр" деп есептейді. Ал ояу тірліктің 15 жасын ойнақтаған балалық, 75-тен асқанын жер таянған кәрілік, сонда ортасында "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" деп есептейтіні содан.
Саған мен соғыс жылдарынан кейін болған бір оқиғаны айтып берейін-деді,кәрия,тек,қорқып жүрме…
-Бірде қос өгіз жеккен екі шанамен поселкеден қалаға кіре тарттық.Аяз шамалы болса да,күн алақаншықтанып,жаяу борасын жүріп тұрған.
Колхоз бригадирі Матвей:-бұның соңы боранға ұласады.Бүгінше поселкеден шықпай-ақ қойыңдар-десе де,тәуекел деп,тартып кеттік Наталья екеуіміз. Ол - колхоздың агрономы да,мен-қоймашысы едім.Бұл-соғыстан соңғы,тың игеру жылдарының алды болатын.
"Менің жанымда болсаң, ештеңеден қорықпа да, қысылма!"
Еңгезердей бойы мен екі иығына екі кісі мінгендей тұлғасына қараймын да, бұл сөзіне шек келтірмеймін. Өзім де ұсақ адам емеспін. Кәсібім де ерлерге тән. Өз өміріме өзім толық жауап бере алатын қауқарым бар, тісті, тілді қызбын. Ер адамның алдында иілуді білмеуші ем. Оның жанында бой жеткенімді, қыз баласы екенімді сезіндім.
Мен студент кезімнен бір жігітті қатты сүйдім. Соны көрсем есім шығып, ақылымнан адасатынмын. Ал ол мені тіпті көзге де ілген емес. Өйткені оның сүйікті қызы бар еді. Соны біле тұрып менің бар ойым оны өзіме қарату болатын.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бәріміз жан-жаққа жұмысқа кететін болдық. Мен ұнатқан жігіттің жүретін қызы "Дипломмен ауылға" атты бағдарламамен біраз уақытқа жұмыс істеуге кетті. Ал жігіті қалада қалды, мен де сол жігіт үшін қалада қалдым. Қалада тұратын жерімнің ыңғайы жоқ болса да, дайын тұрған жұмысым болмаса да, мен үшін сүйген жігітімнің қасында қалу маңызды болды.
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru