ІІМ басшысы: алкоголь тек арнайы дүкендерде сатылуы тиіс
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденов алкоголь өнімдерін тек мамандандырылған дүкендерде сатуды ұсынды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, елде мас күйінде жасалатын қылмыстар азаймай отыр. Жыл сайын шамамен 10 мың қылмыс, оның ішінде 1,400-ден астамы ойын-сауық орындарында тіркеледі.
Ақтөбеде үш адамның мәйіті табылды: бірі – “Ақтөбе” футбол клубының жас ойыншысы
- Подробности
- Категория: Бүгін
Ақтөбеде көпқабатты үйдің бір пәтерінен үш адамның мәйіті табылды. Қайтыс болғандардың бірі — “Ақтөбе” футбол клубының жас ойыншысы Арон Муса,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Төтенше жағдай туралы хабар 12 қазанда түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полиция барды. Үй ішінде өрт белгілері болмағанымен, үш адамның денесі табылған.
Ұлын “өлді” деп алдаған әйел Түркияға демалуға кеткен
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Астана қаласында әйел өз ұлын қайтыс болды деп әріптестерін алдап, олардың жинаған ақшасына Түркияда демалып қайтқан. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайы
31 жастағы әйел декреттік демалыста жүрген кезде әріптестеріне баласы терезеден құлап, жансақтау бөліміне түсті деп хабарлаған.
2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері 10 пайызға артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Подробности
- Категория: Бүгін
фото видеодан скриншот
el24.kz Тараз қаласында мектептерге қарулы шабуыл жасаймыз деген мазмұндағы хабарлама әлеуметтік желілерде тарады.
Бұл ақпарат қоғамда дүрбелең туғызып, ата-аналар мен оқушылар арасында алаңдаушылық тудырды. Алайда тәртіп сақшылары бұл мәлімдеменің жалған екенін мәлімдеп отыр.
Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз жанармай буынан улану салдарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында шекаралық бөлімшеде болған.
Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Подробности
- Категория: Сырласу
el24.kz Әрбір қарым-қатынас басында ерекше сезім мен түсіністікке толы болады. Алайда уақыт өте келе сол жылулық жоғалып, ер адамның көңілі суып кететін сәттер кездеседі. Мұның себебі көбіне әйел адамның байқамай жіберетін ұсақ мінез-құлықтарында жатыр.
«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойында қазақстандық команданың жас қақпашысы Шерхан Қалмырза жанкүйерлердің назарын өзіне аударды.
Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz 2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланғаны белгілі. Осы мәртебеге орай ұйымдастырылған «Қорқыт ата» түркі халықтарының кинофестиваліне Түркияның әйгілі актері Бурак Өзчивит арнайы шақырылды.
Ойыншы
- Подробности
- Категория: Проза
Ырысбек Дәбей
el24.kz Піл сүйегінен жасалған әппақ шар жап-жасыл шұға бетінде домалап барады. Төртеуі демін ішіне тартып, шардан көз алмады. Діттеген жеріне жетпей тоқтап қалардай көрінген әппақ шар ортаңғы ұяшықтың ернеуіне ілініп, көбелек қанат қаққан мезеттей іркіліп барып, ұяшық ішіне үзілген тамшыдай құлады.
Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Павлодар облысында ауыр қылмыс тіркелді. Теренколь ауданында 3 жасар бүлдіршін қаза тапты. Бала ауыр жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Астана. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен босатылып, жаңа тағайындаулар жасалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми хабарлады.