Астанада автобустағы қалта ұрысы қолға түсіп қалып, өз тамағын өзі орып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Арман Тастанов есімді Facebook қолданушысы мәлімдеді.

"Бүгін менің әріптесім автобустағы қалта ұрысын байқап қалған. Өзге әйелдің сөмкесін қолын сұққан ұрыны менің қызметтесім тоқтатыпты. Содан соң, автобустағы полиция қызметкерімен бірге сыртқа алып шығып, арнайы потрульді шақырыпты. Алайда олар келіп жеткенше, қалта ұрысы қалтасындағы канциляр пышағымен тамағын орып жіберіпті. Алайда оны тоқтатып үлгерген. Аса ауыр жарақат алып үлгермепті.

Айта кетейін, бұл ұрыны жақында ғана бостандыққа шығарған. Ол сотталып, темір торға отырып шыққан екен. Мұндай адамдар қоғамға өте қауіпті. Өзгелерді өлтіріп, өзінің де тамағын ора салуы мүмкін, мұндайлардың. Қолға түскен азамат әріптесіме келісімге келуді ұсыныпты. Денис Тенніің өлімінен соң да қоғамда бұл мәселе өз шешімін таппады", - деді желі қолданушысы.

дереккөз: NUR.KZ.