Қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытайда шығарылған мектеп оқулығына енгізілді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.

 

"Өзіңді Қытайдың мектеп оқуылықтарынан көру көңіл сүйсіндіреді", - деп жазды Димаш.

 

Жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған.

 

Тағы оқыңыз: Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео

 

Димашқа арналған беттің төменгі жағында оның өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше сұрақ қойылған.

 

 

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I'm a Singer байқауына қатысқаннан кейін бүкіл әлемге танымал болды. Ол финалға дейін жетіп, екінші орын алды.

 

sputnik