Осы аптада не нәрсе басты назарда болуы тиіс? 


Тоқтылар жоспарына бірінші кезекте тәрбие мәселесін қояды. Әдептілік, тәртіптілік, жақындарына көңіл бөлу. Эмоцияны еркіне жібермеңіз. Соның арқасында көп мәселені шешесіз. Жақындарыңызға сыйлық жасайсыз. Бұл аптада өз еркіңізбен емес, тұрмыстық қажеттіліктен көп нәрсені істеуге тура келеді. Біраз қиындықтар туындайды. Досыңызға сенім артасыз.  Жақын адамыңыз сізден алыс жерде болады. Көптеген тоқтыларды жалғыздық сезімі жаулайды. Сапарға шығасыз немесе дайындаласыз. Жаман әдеттеріңізден тезірек арылыңыз. 

Торпақтар қарым-қатынастың ұмыт болған түріне көшеді. Біреуі хат алмасумен, екншісі делдал арқылы қатынас жасайды. Адамдармен тікелей араласуға қажеттілік туындайды. Әрдайым өмірде маңызды мәселелерді шешуге ат салысатын боласыз.  Ұзаққа созылған соттасу проблемасына осы аптада соңғы нүкте қойылады. Ірі нәрсені сатып алуға дайындаласыз. Сіздің тілектеріңіз бен ниеттеріңізді жақындарыңыз талқыға салады. Сізге бәрі түсінікті болса да, олармен ортақ келісімге келе алмайсыз. Коммерциялық салада кедергілер бкүтілуде. Осы аптада достарыңызға қаржылай көмек көрсетуден бас тартқаныңыз дұрыс. Өзіңіздің және серіктестеріңіздің алдындағы міндеттемелерді нақтылаңыз. Талап қойып, табандылық танытыңыз. Әйтпесе сазға отырып қалуыңыз мүмкін. Жеке мәселелерде сізге бір әйел көмек көрсететін болады.  

Егіздер кәсіпкер серіктестерінің алдында өзін сенімді сезіне алмайды. Жаңа жағдайлар үрей тудыратын болады. Сонымен бірге осы аптада жаңа білім алудың жемісін көресіз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуге тура келеді. Рухани жағынан далада қалғандай әсерде боласыз Көптеген егіздер осы аптада тезірек шешім қабылдауы тиіс. Өзіңізді ұстай біліңіз. Мінезіңізде ашулану басымырақ болады, сондықтан әр сөзіңіз бен әрекетіңізді қадағалағаныңыз жөн. Әр сөзіңізді бақылаңыз. Ешкімді сынамауға тырысыңыз. Осы аптада қонаққа шақырады. Өзіңізден жасы үлкен адамдармен дауласпауға,жанжалға қатыспауға тырысыңыз. Отбасыңызда дәрстүрлі отырыс болады.  

Шаяндар соңғы кездері мазалап жүрген күмәннан арылады. Жағдай біраз ашылып, анықталмақ. Ол сізге тән пайымдай білу қасиетіңіздің арқасында жүзеге асады. Осы аптада басыңызға небір керемет идеялар келеді. Дегенмен оны құпияда ұстайсыз. Оптимистік көңілде боласыз. Қосымша шығындар күтілуде. Өміріңізді нақты жоспарлауға қажеттілік туады. Жұмыстағы проблемалар аяқталуға жақын. Беделді адаммен кездесудің арқасында өз ұстанымыңызды бекітесіз. Маңызды ақпаратқа қол жеткізесіз. Өзіңіз де өзгелерге ақпарат бере бастайсыз. Біліктілігіңіз жариялылығымен көзге түседі. Пікіріңізді өзгенің айтқанына қарап өзгертіп отырасыз. Жаңа жоба, аумақ, қатынастар күтіп тұр. Пікіріңіз өзгелерден ерекше болады. Тіпті кейбір сөздеріңіз басқа адамдардың жағасын ұстатуы мүмкін. Достарыңыз бен таныстарыңыз сіздің өміріңізді өзгерту керек деген ұсыныс жасау мүмкін. Бірақ өз қағидатыңызға берік боласыз. Жеке өмірде де өз дегеніңізді ітейсіз. Сапар күтілуде. Күтпеген жерден қонаққа барасыз.  

Арыстандар осы кезеңде тәуелді адамдармен қатынас жасауда ашуға берілмеуі керек. Арыстандар осы аптада барлығымен жақсы қатынасын сақтап қалуға тырысуы керек. Жақын досыңыз ортақ таныс адам туралы жағымсыз пікірлер айтады. Басқа адамдардың жанжалына куә боласыз. Туыс, дос, әріптес, көршілермен жанжалдаспауға тырысыңыз. Жұмыста аздаған проблемалар туындауы мүмкін. Өзіңізден мықты адамдармен бәсекеге түспеңіз. Ақшаны шаша бермеңіз. Осы аптада барынша үнемдеуге тура келеді. Ірі нәре сатып алуыңыз мүмкін. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Бірақ осы аптада көп қимылдап, дене шынықтырумен айналыспаған жөн. Жеке өмірде өте қзықты кездесулер күтілуде.

Бикештер өткен уақыт пен оқиғаларды есіне түсірумен болады. Баяғыда жоғалтып алған сезімді қалпына келтіруге тура келеді. Жоғалған байланыстарды да қалпына келтіресіз. Спорт, би кеші, көңілді отырыстар күтілуде. Жұмыста тепе-теңдік бұзылады. Серіктестеріңіз сырт айналуы мүмкін. Бірақ жұлдыздар күш сіздің уысыңызда болады деп отыр.  

Таразылар осы аптаны өзгенің жұмысына қызыға қараумен өткізеді. Қуанышқа себеп туады. Қуанатын кез келді. Бұрыннан жоспарлап жүрген дүниелер іске аса бастайды. Қонаққа барасыз. Өзіңіздің мәнеріңізді, сыртқы келбетіңізді өзгертуге ұмтыласыз. Туыстарыңыздан жағымсыз хабар алуыңыз мүмкін. Соны шешуге ат салысасыз. Жақын адамыңыздың басына түскен зардабына куә боласыз, жұбататын боласыз. Туындаған жағдайға күмәнмен қарайсыз. Жұмыста қиындықтар туындайды. Бойдақ таразылар махаббатын кездестіреді.  

Сарышаяндар адамдармен ұзақ уақыт араласпай жүре алмайды. Тіпті жақын достарыңызға наразы болсаңыз да, олармен араласудан бас тарта алмайсыз. Қиын жағдайдың өзінде жақсы нәрсені таба білу — бұл сіздің басты қасиетіңіз. Осы апта дау мен пікір қайшылықтарымен ерекше. Айналаңыздағы адамдармен ортақ тіл табысу қиын болмақ. Бұл әсіресе шығармашыл Сарышаяндарға тән. Айналаңыздағы адамдар сізді ешкіммен сыйыспайтын, ештемені жақтырмайтын, өзгеге жоғары талап қоятын адам деп ренжуі мүмкін. Алайда үйлесімсіздік кезеңі біртіндеп жұмыстың тұрақтылығына ауысады. Үлкен драмаға айналдырудың қажеті жоқ деген ойға келесіз. Бұл күндері ірі нәрсе сатып немесе сыйлық алуыңыз мүмкін. Алыс жақтан досыңыз келеді. Қарсы жынысты адамнан жаңалық аласыз. Сөзіңіз бен әрекеттеріңізді бақылаңыз. Күмәнді достарыңыздың пікіріне емес, өзіңіздің ішкі түйсіңіңізге сенім артыңыз. Өзгенің ойларынан басыңызды тазартыңыз. Сенімділік пен сабырлылық басты нәрсені назарда ұстауға көмектеседі. Өз ұстанымыңызды бекіту үшін анда-санда жалғыз қалып ойланған дұрыс. Денсаулығыңыз осы аптада жақсарады. Келбетіңіздің өзгеруі сізге оптимизм сыйлайды.  

Мергендер жағымсыз эмоцияны бастан кешіреді. Қызғаныш, өкпе, өкініш жүрегіңізді мазалайды. Болып жатқан құбылыстарға зер салып қарап, ойлану қажет. Соңғы уақытта ұмтылған нәрсеге осы аптада қол жеткізесіз. Ол — жалғыздық, әлде біреудің қамқорынсыз қалу. Өзіңізге қолдау-қолпаштау іздейтін боласыз. Соған зәрулік туады. Өзгеден көмек күтпеңіз. Жасайтын дүние көп. Мазалаған сұрақтардың жауабын кинодан кітаптан табасыз. Үйдегі кішкентай жақыныңызға көңіл бөліңіз. Соған көмектескенде ғана жаныңыз жай табатын болады. Жақында бойыңызға жаңа күш-қуат бітеді.  Сол кезде қайнап жатқан ортада оптимистік көзқарасқа ие боласыз. Сондай-ақ жақын туысыңызға өзіңіз бастама көтеріп қолғабыс жасайсыз. Бірақ сізге өйтіп ешкім қол ұшын бермейді. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасқа алаңдайсыз. Бірқатар мәселені шешіп жүріп, жоспарыңызды түп-тамырымен өзгертетін ақпаратқа тап боласыз. Сөйтіп жоспарыңызды қайта қарайсыз. Сапарға шығуға дайындаласыз. 

Тауешкілер ескі жоспарларын жүзеге асырудың жаңа амалын қарастырады. Тәуелділікке тап болып, ол жүйкеңізге әсер етеді. Жақын досыңызға сенімсіздік белең алады. Оның шынайылығына күмән туады. Болып жатқан жағдайлар дегбіріңізді алады. Өзгелердің қисынсыз істеріне қынжыласыз. Бұл апта  қызмет бабындағы келеңсіздіктерімен шаршатады. Өз пікіріңізді жоғары деңгейде дәлелдеуге ат салысасыз.  Пікірлес адамдар сізді жақтайтын болады. Дегенмен бейтаныс адамдардың арасында көп уақыт өткізесіз. Құпия келісімдер мен демалу мақсатында сапар күтілуде. Осы аптадағы сіздің мақсатыңыз — тәуелсіздік алу. Тұрақтылық қажет ететін боласыз. Қызметте де, үйде де тәуелсіз болуға бел байлайсыз. Өз әрекетіңізде тәуелсіздік аласыз. Өткен кездегі қызметіңізде қол ұшын берген адаммен кездесу күтілуде. Өзгенің жетістігі мазаңызды қашырады. 

Суқұйғыштардың жолы болып, сәл де болса сәтті кезең туғанын сезеді. Үлкен сатып алулар мен жылжымайтын мүлікке қатысты істер сәтті аяқталады. Сондай-ақ көлік, техникалық құрал-жабдық сатып алуда да жақсы нәтижелер күтілуде. Бұл күндері тұрмысыңызды түзетіп, қауіпсіздік шараларын жасайсыз. Көп нәрсені өз қолыңызбен істеуге тура келеді. Бұл кезеңде бұрынғы серіктестеріңіз бен достарыңыз сізбен жақындасуға ұмтылады. Бірге жұмыс істеп, бірге демалу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін. Достарыңыз бен таныстарыңызбен кездесу үшін, оларға көңіл бөлу үшін біраз шаруаларыңызды кейінге ысырып тастайсыз. Пайдасы бар адамдармен кездесу үшін жүгіріп, уақытыңыз жетпей, қатты шаршап, шалдығасыз. Өзіңізге, өз күш-қуатыңызға сеніміңіз азаяды. Дәрменсіз күй кешуіңіз мүмкін. Жұмыс осы аптада басты мақсатыңызға айналады. Жақын жерлерге сапарға шығуыңыз мүмкін. Жақындарыңызбен араласудың арқасында тынышталып, сабырлы қалыпқа енесіз. Алыстан жеткен қуанышты хабар көңіліңізді орнына түсіреді. Ол соңғы уақыттағы мазаңызды кетірген сәттерді ұмыттырады. Сыйлық аласыз. Жауаркершілік екінші орынға ауысады….

Балықтар осы аптада өлсе де, тірілсе де, өзін өзгертуге ұмтылады. Киім-кешектер мен сырт келбетіңізді жаңартуға құлшыныс пайда болады. Өміріңізді жақсартуға ат салысасыз. Айналаңызда айқай-шу болады. Қоршаған адамдар сіздің жай-күйіңізді біліп отырады. Бұл аптада жұмысыңыздағы бағытты өзгерткіңіз келеді.  Жағдайды түзету туралы ұсыныс та түсуі мүмкін. Ұсақ-түйек мәселе жүйкеңізді тоздырып, қатты алаңдайсыз. Өткен міндеттемелер мазаңызды алады. Эмоцияңызға ие бола алмай қалуыңыз да мүмкін. Көптеген суқұйғыштар әріптесімен, бастығымен сөзге келіп қалуы мүмкін. Маңызды құжатқа қол қою керек болады. Тапқырлығыңыз бен ақылыңыздың арқасында біраз пайда көресіз. Ірі нәрсені сатуда осы аптада жұлдызыңыз оңынан туып тұр.  

Дереккөз: ktk.kz