Айзере үнемі ұстазынан қашқақтап бойын аулақ ұстауға тырысып ақ жүрді. Бірақта Нұрдәулет оның қыр соңынан қалмай жүрді. Нұрдаулет өзінің ғашық болып қалғанын, және де сүйіктісін көрмесе бір сәтке де тұра алмайтынын түсінді.

Бірақ сүйіктісіне жақындаған сайын Айзеренің жаны қинала түсті. Өйткені әпке, жездесі кейде сабаққа жібермей.

Еш бір үйірме қосымша сабақтарға қатыстырмай қойды. Сүйгенінің нұрлы жүзін бір көргенді қанағат тұтып үнсіз ғана алыстан бақылап жүрді. Оның әр бір жетістігіне қосыла қуанып, оған қырындаған жігіттердің құлағын бұрап қызғыштай қорғап жүрді. Күнде кешкісін Айзеренің үй жағына барып, сыңғырлаған үнін естіп нұрлы жанарына тамсанып жүрді. Сөйтіп жүріп Айзеренің жездесіне ұсталып қалды.
- Ей, сүмелек неге менің үйімнің маңынан кетпейсің?
Саған өзі не керек? Кіп -кішкентай қызда не шаруаң бар. Ол әлі махаббат не екенін білмейді.
- Мен оған ессіз ғашықпын. Оны сүйемін.
- Ол әлі бала ғой.
- Білемін. Соны білген соң одан алшақ жүрмін. Оған еш бір зиян тигізер ойым жоқ. Тек оны көрмесем, дауысын естімесем жүрегім жай таппайды. Көзім ілінбейді.
- Сенде менің шаруам жоқ. Бірақ балдызымның бір тал шашы түссе де мен сенен көремін. Және де сені аямаймын.
- Уайымдама, менде оған ешкімнің саусағының ұшында тигіздірмеймін.
- «Тең теңі мен, тезек қабымен» деген. Өрімдей жас қызға көз салмай, өз теңіңді тапсаңшы.
- Жүрегіме әмір жүрмесе қайтейін? Өзгеге көңіл бұра алар емеспін. « көзден кетсе көңілденде кетеді» деп айтып жатады ғой. Мүмкін мектепті тәмамдап ЖОО ға түссе сол кезде ұмытармын. Ал оған дейін осылай сыртынан ғашық болып, оған қамқор болуыма рұқсатыңды бер.

- Ех, Нұреке сені түсініп ақ тұрмын ғой. Мен де еркекпін. Менде махаббат атты шоқтың үстінен жүріп өткенмін. Жаныңды өртеп азапқа салатынын да білемін. Егер де ағасындай қамқор боламын десең ендеше үйіме жүр. Қонағым бол.
- Рас айтып тұрсың ба?
- Иә, тек бір ғана шартым бар.
- Иә, мен бәріне дайынмын.
- Әр күн сайын менің үйімді қарауылдауды қоясың. Тек аптасына бір күн ғана үйіме қонақ болып тұрасың. Онда да балдызыма ессіз ғашық ретінде емес, менің досым ретінде.
- Жарайды, досым.
Айзеренің жездесі Еркін өте түсінігі мол көңілі кең жігіттің сұлтаны. Нұрдәулетті өзіне дос санап үйіне қонақ етті. Нұрдәулет Айзере мен қоса Еркіннің ұл қыздарының сабақтарына көмектесіп, білмеген жерлерін түсіндіріп жүрді. Жап жас қыздың қамыр жайып тұшпара түйгенін көрген Нұрдәулетің ғашықтық сезімі арта түсті.
Нұрдәулет пен Еркін бауырлардай бір біріне жақын болып кетті. Нұрдәулеттің сезімінің шынайылығына, сіңілісіне деген құрметін көрген Арайлым оны ерекше сыйлап келген сайын құдайындай сылап жүрді. Бұрынғыдай сіңілісіне « Одан аулақ жүр. Оған сөйлеуші болма. Алыстан көрсең дереу тұра қаш» деп айтуын тоқтатты. Керісінше сіңілісінің де көңілінде ұстазына деген ғашықтық сезімі барын байқап іштей олар үшін қуанып, бақыт тілеп жүрді.

Уақыт осылай өте берді. Айзере он бірінші сыныпты аяқтауға шақ қалды. Мектеп бітірер кез жақындаған сайын көңілі құлазып әр түн сайын көрпенің астына тығылып жылайтын әдет шығарды. Әпкесі сіңілісінің жан күйзелісін байқап оны мен бірнеше рет сырласқысы келсе де Айзере бой бермей ығына көнбей ештеңе айтпай қойды. Сіңілісінің жаны қиналып жүргеніне төзе алмаған Арайлым оны бөлмеге қамап әбден ұрыса бастады.
- Мұның не сенің? Саған не болды? Неге маған ештеңе айтпайсың?
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге жылап жүрсің?
- Мен бәрінен шаршадым. Сезімімді жасырудан. Тығылып жылаудан шаршадым. Мен ешкімнен ештеңе жасырмай, тығылмай еркін өмір сүргім келеді?
- Нені жасырып, кімнен тығылып жүрсің?
- Әпке мен одан алыста өмір сүре алмаймын. Тек оның жанында ғана өзімді ерекше бақытты сезінемін. Оны көрмесем бір сәтте тұра алмаймын. Онсыз маған күн жоқ. Ол болса мені тек шәкірті ретінде ғана жақсы көреді. Жездемнің досы болған соң мені қарындасы санайды. Ал мен болсам оған ессіз ғашықпын.
- Не айтып тұрсың? Кімге ғашықсың?
- Нұрдәулет ұстазға.
- Жаным ау, ол сенен он жасқа үлкен ғой. Оның үстіне бұл сезімің бала махаббат емес пе? Қалаға оқуға түсесің. Жаңа орта жаңа достар табасың.
- Жоқ, маған одан өзге қажет емес.
- Оны қатты сүйесің бе? Қашаннан бері сүйесің?
- Алғаш көрген кезден бері. Үш жыл бойы оны ойламай көз ілген емеспін.
- Оған деген сезімің өзгермейтініне сенімдісің бе?
- Өзгерсе осы күнге дейін өзгерер еді.

- Жаным ау, ол да саған ессіз ғашық. Тек сені қинап, жұрттың өсегіне қалдырмау үшін ғана сенен алшақ жүр. Ол алғашында жездеңнің досы түгілі танысы да болған жоқ. Тек сен үшін екеуі достасып бауырлардай болып кетті.
- Рас па? Ол мені сүйеді ме?
- Иә, жан тәнімен сүйеді.
- Әпке, оған барсам болады ма?
- Жоқ болмайды.
- Неге әпке? Мені жіберші.
- Ол өзі саған келеді.
Еркін досындай болып кеткен Нұрдәулетке өз ризашылығын беріп екеуінің кездесіп сөйлесуіне рұқсатын берді. Ұстаз бен шәкірт оңаша алғаш рет ғашықтардай кездесіп сезімдерін ақтарды.
- Ұстаз...
- Сені әлі де ұстаз деп тұрсың ба? Жаным ау жаңа ғана қалай келістік.
- Атыңызды атауға үйреніскенше уақыт қажет.
- Жарайды. Бір бірімізге сезімімізді ақтардық. Енді не болмақ? Сен оқуға түсуің керексің?
- Иә, мен бұл ауылдан кетер болсам тек сіздің некелі жарыңыз ретінде ғана кетемін. Сізден басқа ешкім де қажет емес.
- Маған тұрмысқа шығасың ба?
- Әрине.
Соңғы қоңыраудан соң Нұрдәулет келісілген күйде Айзерені алып қашып ақ бантиктің орнына сүйгеніне ақ орамал тақты. Екі жас бір бірін сүйіп қосылды. Ешкімнің де қарсылығы болған жоқ. Айзере қалаға ЖОО орнына грант иегері ретінде оқуға түсті. Бір бірін шын сүйген, бір бірінен иланбай сенетін қос ғашыққа арақашықтық кедергі бола қойған жоқ. Төрт жыл бойы сынға түскен сезімдері еш сынақтан мүдірмей өтіп одан әрі берік бола түсті. Төрт жыл бойы күтініп, сақтанып бала көтермей жүрген Айзере оқуы аяқталған сәттен ақ дереу жүкті болып, сүйіктісіне шекесі торсықтай ұл сыйлады. Еркін мен Нұрдәулет бір анадан туған бауырлардай етене жақын араласып кетті. Нұрдәулет мектеп директоры болып сайланып әр бөлінген ақшаны тиынына дейін мектепке жұмсап білімді шәкірттердің саны арта түсті. Айзере де ұстазы әрі өмірлік серігінің ізбасары болып мектепке жұмысқа орналасып тарих пәнінен сабақ өтіп, мықты шәкірттер тәрбиелеуде.

Соңы ...

"Әсерлі әңгімелер "топтамасынан