Рейхан Ахмад
Аудармамды Əділ Ахметовке арнаймын.
Өнер адамы,
анық қадамы.
Басқаны күндемей биікке шықса,
Баһадүр бағын жүрекпен ұқса,
Өлеңге ерке арудай ынтықса,
Сол - шын өнер адамы,
сала алмас ешкім ноқта,
Дей алмас дəті жетіп,
Талантын көргенде тоқта.
Сол - шын өнер адамы,
Өзгеше оның ғаламы.
Өзгеден анық болады,
адымдар əрбір қадамы.
Жүрекпен толғап
үміт жырларын,
Сағыныш жолдап
сағым жылдарың.
Теңіздей толқи бер мəңгілік,
Теңіздің ешкім көрмеген тынғанын.