Медине Гүлгүн
Аударма Айымбетов Асаубек Əлібекұлына арналады
 
Биіктікті аңсайды
қырандар,
Биіктікке ынтық ұларлар.
Адамдығы  өлмесе тірлікте, 
биік болар адамдар.
Көк зеңгер көктің,
қонағы бұлттай.
Төресі жігіттің,
Темір болаттай.
Құзар шыңым,
қиялға қанат.
Көктем жырым,
көңілге аманат.
Адал адамым,
ақ көңіл арда.
Жаққұт жанарым,
жетелер ақ  таңға.
Асаулығы ары деп,
Албырттығы бағы деп.
Жазатындай бұл көңіл,
адал жанды таны деп.
Үмітті үсіртпес адалдық,
жылы ықылас барында.
Арманға қорған асаулық,
жастық жұмақ бағында.
Жақсылар жарық  жалғанда,
ықыластың алтын тағында.
 
Түрік тілінен аударған  Мейірхан Мейрамбекұлы