Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің 42 жастағы сержанты Әділет Керімов сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлегені және бір сарбазды ұрып-соққаны үшін сотталды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты оны билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.

 

Семей қаласында жоғары сынып оқушыларының 6-сынып оқушысын соққыға жыққаны туралы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Абай облысының полиция департаменті оқиғаға қатысушыларды анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді.

 

Ақтау қаласында 2025 жылғы 20-22 ақпан аралығында қар жауу ықтималдығы жоғары.

Жалпы, ақпан айының екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанда аязды күндер жылы күндермен ауысып, қар жаууы, тұман және көктайғақ болуы мүмкін- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

 

2025 жылғы 19 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, "BizBirgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталуға жақын,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, тергеу амалдары наурыз айының басында аяқталып, іс материалдарымен танысу кезеңіне өтеді.

 

Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты.Ер адамның құлаған кезде көпеген сүйегі сынған.

Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады.
 
- Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, -  деп хабарлады полиция қызметкерлері.