Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты "Алинұр" балабақшасында "Наурыз келді, құт келді" атты, наурыз мерекесіне арналған кеш өтті,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі

 

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қанағаттандырды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

 Бұл бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда 10 құрылтайшымен, оның ішінде Қайрат Перизаттың қатысуымен тіркелген болатын.

 

Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталды Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

— Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

 

2025 жылдың алғашқы айында 1 513 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Ал өткен жылы 20 мыңға жуық отандасымыз өзге елдің азаматтығын алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған,- деп el24.kz хабарлайды.

 

Ақтау, 2025 жылғы 28 ақпан – Өзбекстанда жасырынып жүрген Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Қазақстанға экстрадицияланды. Ол алаяқтық және пара алу айыптары бойынша іздеуде болған,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.