Фариза Амангелдіқызы
Санат үнсіз біраз отырды да:
- Кетсе кетіпті да. Онсыз да күніміз өтер,- деді.
- Балам-ау, екі бала ше? Бізді іздейді ғой.
- Балаларды көріп тұрарсыздар анда-санда. Менің уже көңілім қалды. Әркімнен ол туралы есітіп жүргендерім де жетеді. Ал бүгінгі қылығы тым шектен шығып кетті. Рас, әйел кісіге қол көтермеймін. Соны пайдаланып жүр-ау шамасы. Мен енді онымен бірге тұрғым келмейді,- деген Санат шаршадым деп бөлмесіне кіріп кетті. Айнакүл апа екі ортада қалып езіліп жылады. Келініне барайын десе, не деп барады? Кешірім сұрайды ма? Қолын бір сілтейін десе, екі тәтті немересін қимайды. Олар да әбден ата-апасына үйренген. Кім білсін, олар қалай шыдап жүргенін...
Осылай күндер өте берді. Келіннен бір хабар жоқ. Енесі Айнакүл немерелерін сағынып ішігіп, мазасы кетті. Бір кемпір емес, үй іші сағынып жүр. Іштей тынады... Сағындық ақсақал мен Санат жұмыста болып кішкене болсын көңілі бөлінеді, ал Айнакүл апаға өте қиын соқты. Күн ұзаққа көз жасына ерік беріп немерелерін іздейді. Ақыры шыдамаған ол, келініне емес, құданың әпкесіне хабарласты. Себебі, құда-құдағилары ертеректе қайтыс болып үйдің үлкені осы келіндері болып қалып еді. 80-ге келген әжесі бар(құданың анасы)Бірақ қауқарсыз қарияны кім тыңдасын? Оның сөзі тек келінге ғана емес, басқасына да өтпейді, әйтеуір үйдің бір бұрышын паналағанына шүкіршілік айтып отырады. Өзінен кейінгі бауырларына тәрбие берудің орнына жандарына барып қайтпай отырған келінінің үйге оралуын, атасынан кешірім сұрауын айту үшін жаңағы құдашаға(құданың әпкесіне) хабарласты:
- Құдаша, саламатсыз ба! - дей беріп еді, құдашасы дүрсе қоя берді.
- Жағдайымызды қайтейін деп едіңдер? Қаршадай қызымызды алып, жетім деп елемедіңдер де. Екі баласымен үйден қуып жібергендерің не? Ұят бар ма өзі?
- Сізге келінің қалай жеткізгенін білмеймін, бірақ...
- Өтірік көлгірсудің қажеті жоқ. Әңгіменің тоқ етері, қызымыды бөлек қойыңдар. Жас қой, өз күндерін өздері көреді. Бір келінге қарап қалмаған шығарсыңдар. Біздің қызымыз болмағанда да күндерің өтті ғой. О несі-әй, келін екен деп үй тірлігіне жегіп қою керек пе? Қажет пе өзің жаса, қызымызға бөлек отау құрып беріңдер!-деді ызғарлы үнмен.

- Құдаша, келінді біз қумадық. Кесе лақтырып, атасының басын жарып өзі үйден кетті. Жүріс-тұрысы өзгерген соң тергегеніміз рас! Келін болған соң әдеп пен ибаны білу керек емес пе? Оның үстіне жастай бізге тапсырдыңыздар, ары қарай өзіміз тәрбиелеп аламыз деп едік.
- Қысқасы, бөлек шықсын, болмаса ажырассын. Екі баланы бағу қолымыздан келеді !
- Құдаша, ажырасқаны нес? Жаман ырым шақырмаңыз. Екі бала тұрғанда қайда барады?
- Енді екі бала деп өз өмірін қор қылмайтын шығар қызымыз! Ойланып жауабын айтарсыз, екі немереңізді ойласаңыз, бөлек шығарыңыз!
- Енді... Санат үйдің жалғызы, мына қара шаңырақты қалай тасап кетеді? Даңғарадай 7 бөлмеге сыймады деп жұрттар күледі емес пе...- деп жатқанда құдашасы телефон тұтқасын қоя салды.
Айнакүл ападан маза кетті. Екі жақтың үлкендері болып екі жасты қосамыз деп ойлаған ойы быт-шыт болып шытынаған кеседей пара-парасы шықты. Амалсыз баласына келінді алып келуді сұрады. Бірақ Санат келісер емес.
- Әкеме қол көтерген, отбасымды адам құрлы көрмеген, сыйламаған әйелдің маған қажеті жоқ,- деп бірден бас тартты. Айнакүл апа кімге барып мұңын шағарын білмеді. Анда-санда келіп тұратын қыздарынан алғашында жасырып жүрді. Жұмыс басты олар телефон шалғанда немесе үйге келгенде жеңгелерін төркінге қыдырып кетті деп ойлайтын. Бірақ қашанғы жасырсын. Қашанғы төркінге кетті деп алдайды. Сезіктенген кіші қызы мән-жайды білгенде бірінші болып ағасына жаны ашыды. Екі баласын ойлап жүнжіп кетіпті. Үйдің тірлгін бүкшеңдеп істеп жүрген анасын көріп көңілі босады. Кеткен қыз төркіндегі болып жатқан іске араласпайды деп үйреткен анасының өзі. Амалсыз, іштей тынады...
Бір күні Айнакүл апа көңіл жазып қайтайын деп көрші кемпірге келді. Көрші кемпір салқын қарсы алды. Баяғыдай күлімдеп "әй кемпір ау" демеді де. Әңгімені арыдан бастады.
- Иә, халдерің жақсы ма?
- Жүрміз өлместің күнін кешіп...
- Келін хабарсыз кетті ғой.
- Сол жаныма батып жүр. Немерелерімді сағындым. Барып алып келе ғой десем, Санат та қырсығып отыр.
- Келіндеріңді өздерің күн көрсетпей қуып шығып, енді несіне көлгірсіп отырсың, қызық адам екенсің, -деп қойып қалды көрші кемпір.
- Не деп отырсың? Күн көрсетпегені нес? Оны кім айтып жүр?
- Келіннің өзі айтты. Бір-екі рет үйге келгенде қуып шығыпсың.
- Қашан келіпті? Шатасып отырсың ау. Мен сол келінді үйге келтіре алмай жатқан жоқпын ба?
- Өткен жолы есігіңнің алдынан көргенмін. Кеш қараңғысы қоюлана бере қақпа алдында тұр екен. Кірмейсің бе дегенімде үйге кіргізбей тұр деді өзі.
- Дәл қай күні екені есіңде ме?
- Әрине. Абысынның үйіне беташарға барып келген күні, өткен сенбіде.
Айнакүл апа бірдеңе есіне түскендей орнынан атып тұрды. Жақсы рақмет шәйіңе, кейін келермін, деп асыға басып шығып кетті. Үйіне келіп мусор тастайтын шұқырға қарай адымдады. Жексенбі күні есігінің алдын, қақпаның жан жағын тазалағанда қиқымдалып қырқып тастаған бір ер адамның футболкасын тауып алып еді. Ойында ештеңе жоқ, мусорға тастай салған. Енді сол есінен кетер емес. Мусор тастайтын шұқырға келіп қараса ештеңе жоқ. Шалы бәрін өртеп тазалап тастапты. Үнсіз үйге қайтты. Есінен кетер емес. Неге қақпа алдында жатыр деп ойлап еді сол кезде, бірақ келіні туралы жаман ой мүлде ойламапты. Ертеңіне күн ұясына батарда келіні тағы келді. Және ешкім байқай қоймады. Осы кезде көрші кемпір тағы көшеге шықты. Келінді көріп жанына жетіп барды.
- Әй, шырағым-ау, үйге кіре алмай тұрсың ба? Айнакүл ондай қатал адам емес еді. Болмаса мен кіргізейін, жүре ғой.
- Жоқ, жоқ қажет емес. Егер
Қиын болмаса, мына затты қора жаққа апарырып лақтыра салыңызшы...
-Бұл не?-деді көздері шарасынан шығып кемпір.
- Жәй әншейін. Сөмке мен іш киімдер ғой. Осы үйдіңкілерін әкетіп қалыппын өткен жолы.
- Аа е жарайды онда,- деп кемпір үйіне қайтты.

Үйге келген соң көрші кемпір біраз ойланып отырды. Сөмкені ашып көргісі келді, бір жағы ішкиімдер деген соң жиіркеніп қалармын деп те ойлады. Ертеңіне таңертең ерте тұрды да, үйдің артқы қорасына көрші үйге қаратып сөмкені іліп қоя салды.
Арада 3-4 күн өткен соң Санаттың отбасы өзгере бастады. Біресе Санат, біресе әкесі қайта-қайта мазасы кетіп жұмысқа бара алмай жатып қала беретін болды. Кейде тіпті қатты ауырып қалатын. Сап-сау адам қалай аяқ астынан ауырады. Мүмкін суық тиді ме екен деп ойлаған Айнакүл апа жедел жәрдем шақырды. Олар еш кінәрат таппай, тек ағза әлсіреген деп бір-екі дәрумендер жазып беріп кетті. Жедел жәрдемді көрген көрші кемпір жағдай сұрауға үйге кірді. Мән-жайға қанық болған соң аз-маз ойланып отырды да, әлгі сөмке есіне түсті. Дымын білдірмей сытылып шығып кетті де үйді сырт айнала барып қараса қорада әлгі қара сөмке әле ілініп тұр екен. Бар ойы бәле-жала осы сөмкеде ме екен деп Айнакүл апаны шақырып келді.
- Қой құрсын, келінім ұрысса шапылдап ұрсатын шығар, өтірік сөйлесе сөйлейтін шығар, бірақ мұндай харам іске қолы бармайды,- деді Айнакүл апа.
- Көрейік те ішін. Маған беріп кетіп еді. Ішінде осы үйдің заттары бар, шатасып алып кетіппін деп еді.
- Қане, бері әкелші,- деп Айнакүл апа сөмкенің ішін ашты. Ешқандай да ішкиім жоқ. Қиқымдалып қиылған кәдімгі адамның шашы тола.
- Мынау не пәле, Алла сақтасын,- деп апа қоқысқа апарды да өртеп жіберді. Дәрет алып, іштей дұғаларын оқып, бәле-жаладн қорғанды. Көрші кемпір өз ойымен өзі болып үйіне қайтты. О, тоба, әлгі келін мені де алдағаны ма сонда? Алла сақтай гөр деп жағасын ұстаған күйі үйіне кіріп кетті.
Санат та, Сағындық ақсақал да жағдайы жақсарып қайта жұмысқа шықты. Бірақ, Санаттың денесін бір ауырлық басып тұрғандай сезінеді.
Санат күні бойы жұмыста жүргенде ұмытып кетеді. Ал, кешкісін үйіне келгенде денесін бір ауырлық басып тұрғандай сезінеді. Шаршау шығар деп жатып дем алады. Бір күні жұмыстан қайтып жатқанда телефонына смс хабарлама келді. Асығыста оқыған жоқ. Көлік айдап келе жатқан соң телефонды қолына алмады. Сол бойы ұмытып кетті. Үйге келіп кешкі ас ішіп болып жайласып отырып телефонын іздеді. Сол кезде әлгі смс есіне түсті. Кім екен деп телефонды ашып еді:

- Сәлем, қал қалай? Менсіз күнің қалай өтуде? Балаларыңды сағынбадың ба? Кеткеніме шүкірлік айтқандайсың, мүлде хабарласпадың. Ал мен сені сағынып жүрмін...- деген әйелінің сөздері жазылыпты. Біраз ойланып отырды да:
- Сағынсаң үйге қайт!- деп қысқа қайырды. Бірақ жауап келмеді. Санат та артық ештеңе жазбады. Бірақ шәй үстінде келіндері хабарласқанын айтты. Әкесі мен анасы қуанғаны соншалық дереу барып келінді алып кел деді. Бірақ Санат қарсы болды. Әбден шекесіне тисін. Қатесін сезінсін. Өзі-ақ келеді кейін деді. Осы кезде тағы да телефонына смс келді:
- Егер балаларыңмен бірге отбасы болып тұрғың келсе, бөлек шығамыз! Немесе үй мен көлікті менің атыма аударасың, болмаса балаларыңды да мені де көрмейсің!- деді. Ашуланып орнынан атып тұрған Санат:
- Көрдіңдер ме құрақ ұшып әкеле ғой деген келіндеріңді. Міне, нағыз оның бет-бейнесі. Оқыңыз!- деп әкесінің алдына телефонды тастай салды. Сағындық аға мен Айнакүл апа үнсіз іштей тынып қала берді. Санат пен Сағындық аға өз жұмыстарына кетті. Сол баяғы Айнакүл апа ғана үйде жалғыз қалды. Ой үстінде отырғанына екі сағаттан асты. Орнынан қозғалған жоқ. Түс болғанда бір-ақ тұрды. Үйді реттегенсіп, кешкі астың қамына кірісті.
Күнделікті өмір өтіп жатыр... Келін сол күйі хабарласпады. Санат та қайта сөйлесуге құлқы жоқ. Соңғы смсінен кейін қатты көңілі қалған. Ал Сағындық аға мен Айнакүл апа немерелерін көрмегелі 5 айдың жүзі болды. Санаттың құлақ етін жеп бітіретін болды. Бар айтатындары:
- Келін не десе де келісеміз, алып келші,- дейді.
Бірақ Санат келіншегін алып келмеймін деді. Үй мен көлікті соның атына аударып, оның үстіне жалғыз ұл бола тұра ата-анамды қалай жалғыз тастап бөлек тұрамын. Одан да өмірден қатынсыз өткенім жақсы емес пе деп ойлады. Бірақ, баяғы еңсесін басып тұратын қара күштен арылар емес. Ата-анасы амалсыз, баласы әкелмеймін, бірге тұрмаймын деген соң келіндеріне бара алмай отыр. Бірақ, күнде Санатқа жалынады. Қартайғанда немересіз қу бас болып қалай отырамыз деп жылайды Айнакүл апа...
⠀
Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман? Сіздің әрқайсысыңыздың пікірлеріңіз маңызды. Санаттың іс-әрекетін дұрыс деп ойлайсыз ба? Қарттардың арман-тілегі ше? Келіннің қылығын қалай бағалайсыз?

Соңы...