Фариза Амангелдіқызы
Күліп жіберген Жасұлан:
- Онда балалы болмай тұра тұрамыз,- деді.
Өзінің айтқанына өзі ұялып қалған Ақтоты не айтарын білмей қызарақтап қалды.
- Мен, жәй көргенімді айтып жатырмын. Енді...
- Жарайды, жарайды. Ұялып қалдың ба? Қалжыңдадым,-деп сүйіктісін құшақтаған Жасұлан күлкісін тыя алар емес.
Ақтоты қалада қалды. Ауылға әпкесінің үйіне барғысы келмейді. Талғат жездесі тағы да тиісері анық. Өткен жолы ауылға барып, тағы да сондай жағдайға куә болған соң Жасұлан үйенгенге дейін ауылға баруға тыйым салған. Анда-санда әпкесі келіп тұрады. Ал Жасұлан оқуын аяқтаған соң ауылға барып келемін деді. Ақтоты себебін сұрап еді, ата-анамды көріп қайтамын деп сылтауратты. Негізгі мақсаты үйленетінін айту еді. Бірақ қазірше Ақтотының көңілін түсіргісі келмей ештеңе айтпады. Сүйіктісін қалаға қалдырып Жасұлан ауылға қайтты. Жол бойы бойы қуаныш кернеп, "аз қалды жаным, бірге боламыз, сені бақытты етемін " деп өз-өзімен тілдесіп отырып көзі ілініп кетіпті. Таңата ауылға жеткен ол дереу такси ұстап тіке үйіне тартты. Ата-анасының таңғы асын ішіп отырған жерінен кіріп келді. Қуанып кеткен анасы бетінен сүйіп, құшақтап құттықтап жатыр. Әкесі баласын мақтан тұтып, арқасынан қақты. Ауылда бірер күн болған ол, әңгіменің ашығын айтуға бекінді. Қалай бастасам екен? Әпкелерін шақырды. Бәрінің басы қосылған, дастархан басында отырып өз ойын айтты. Алғашында тосылып қалған олар бәрі бұрылып не айтар екен дегендей анасына қарады. Үнсіз отырған анасы амалсыз келісетіндігін білдірді. Алда үлкен той. Барлығы тойдың қамына кірісіп кетті. Тек анасы ғана көңілсіз. Тұра тұр бәлем, дегендей іштей бір ойлағаны бар. Жасұлан ертеңіне-ақ қалаға жүріп кетті. Сүйіктісіне асыққан ол, қалаға келе салып Ақтотының пәтеріне тартты. Келерін келіп алып, қалай айтарын білмей біраз тұрды. Қазір айтса, қарсы болары сөзсіз. Тіпті, ренжітіп алуы да мүмкін. Сол үшін айтар сөзін ішіне бүгіп қалды. Ертеңіне кешкісін жұмыстан шыққан соң кездесейік деді. Сол кезде ауылға алып қайтатынын айтамын деп ойлады. Жаз бойы ауылда болып, оқу басталғанда қалаға бірге келетінін де ертең айтпақшы.
Ертеңіне Жасұлан оны жұмысының алдынан күтіп алып, екеуі пәтерге келді. Киімін ауыстырып шығатынын айтып Ақтоты кіріп кетті. Жасұлан тағатсыздана күтіп тұр. Автобус кетуіне бір сағат қана қалды. Іздегенге сұраған дегендей, Ақтоты тез-ақ шықты.
- Қайда барамыз? - деді күлімсіреп.
- Ауылға,- деді Жасұлан оның қолынан ұстап.
- Сен де айтасың,- деп күлген Ақтоты ештеңеден хабары жоқ сүйіктісінің қолынан ұстап кете барды. Автобус бекетіне келгенде барып шындықты сезген ол:
- Жасұлан, қайда бара жатырмыз? -деді аңтарылып.
- Ауылға дедім ғой.
- Жындысың ба? Ауылы нес? Ертең маған жұмыс қой.
- Енді жұмыс істемейсің. Сені алып қашып барамын.
- Жасұлан шыныңды айтшы, ойнамай.
- Шын айтам. Енді менің сүп-сүйкімді келіншегім боласың.
- Мынаның есі дұрыс емес. Бармаймын ауылға. Не деп келісіп едік?
- Бармайсың ба? Ендеше өзім кетемін. Сосын мені көрмейсің мүлде.
- Кете бер.
- Шынымен қаламайсың ба менің келіншегім болғанды?
- Қалаймын әрине. Бірақ қазір емес деп едім ғой Жасұлан...
- Кеттік автобус жүргелі жатыр.
Ақтоты аяғын әрең басып автобусқа мінді. Келесі оқу жылы не болады? Ертеңгі жұмысым ше? Тым болмаса ескертпей кеттім. Шынымен мен енді келін атанамын ба? Өз ойына өзі шырмалып не болып жатқанын түсінбей Ақтоты сүйіктісінің етегінен ұстап ауылға кете барды.
Ертеңіне бекеттен Жасұланың сыныптастары күтіп алды. Бәрі дайын, тек Ақтоты ғана ештеңеден хабары болмапты. Машина сигнал бере Жасұланның үйінің алдына тоқтады. Ақтоты көліктен түсер түспесін білмей отырғанда жеңгелер келіп қолтығынан демеп үйге кіргізді. Басына ақ орамал салынды. Неге екенін қайдам, енесін көре алмай отыр. Орамал астынан көз жүгіртіп іздеп қояды. Бірақ көрінбейді. Бір кезде бір кемпірдің дауысы қаттырақ шықты:
- Әй Айғаным? Ошақтың басынан шықпай не көрінді? Кел бері, келініңнің маңдайынан сүй. Қызық-әй, жан дегенде жалғыз баласы үйленіп отыр, бұл келінін көруге асығар емес, тұқымың көбейгір- деді.
Сырттан кердең басып енесі келді. Ақтотының орамалын көтерді де, оқты көзін қадап тұрып :

Бақытты бол !-деді. Сескеніп қалған келіні жүзін төмен салып ойланып қалды. Біраздан соң кемпірлер шығып, бөлмеде Ақтоты жалғыз қалды. Жасұланның әпкелерінің бір-екі қыздары кіріп-шығып ойнап жүр. Ақтоты көзіне жас алды. Ендігі өмірім қалай болар екен. Енем мені ұнатпайды. Әпкем ренжіген шығар. Бірақ Жасұлан жанымда болса болды деп өзін жұбатты. Осы кезде сүйіктісі күлімдей кіріп келді.
- Келіншек, қалай жағдай? Жылап отырсың ба? Маған тұрмысқа шыққаныңа ренжулісің ғой өзің.
- Жоқ, тіпті де олай емес. Қуаныштымын әрине.
Ертең беташар тойы. Бүгін қуғыншылар келеді. Неке қиылады. Күткен қуғыншылар да келді. Алдымен әпкесі түсті көліктен. Сосын бір-екі туыстары, нағашысы. Әпкесі тіке Ақтотының алдына келді.
- Саған не деп едім? Неге сонша асықтың? Неге бұл ауылға? Не үшін? Неге мені ойламадың? Менің жай-күйімді білетін едің ғой. Сырымыз беймәлім жаққа неге кетпедің?
Ақтоты үнсіз жылағаннан басқа ештеңе айта алмады. Жасұлан кіріп келді де:
- Әпке, оған ренжімеңіз. Ол келетінін білген жоқ негізі. Бірақ біз бір-бірімізді жақсы көреміз.
- Жақсы көру? Мен де бір кездері махаббатпен тұрмысқа шыққан адаммын. Халімді өзің көрдің ғой Жасұлан. Бірақ, енді айтып-айтпа не керек. Қысқасы, сіңлім саған аманат !-деді көзіне жас алып.
Қуғыншылар жақсы отырып қайтты. Неке қиылды. Той өтті. Ақ орамал таққан Ақтоты ертеңіне иіліп сәлем салып, таңғы ас дайындап жүр. Жасұлан сүйсіне қарап "мынау менің келіншегім бе?" дегендей көз алар емес.

Әпкелері де келінінің жылы жүзіне тәнті болып бақыт тілеуде. Қайын атасы үйге келін келгелі басқаша болып жүр. Тек енесі ғана сабырлы қалыпта. Ақтоты бұл үйге келгелі тіке өзіне сөйлеген емес. Орағытып, біреу арқылы сөйлесіп жүр. Келім-кетім көбейе бастады. Жас келіннің шәйін ішуге келгендердің қарасы көбейді. Бәрі келінге бақыт тілеп кетуде.
Ақтоты келіндік өмірге ақырындап үйренісе бастады. Басында бөтен үй, бөтен тұрмыс болған соң аздап қиын болды. Бірақ, таныс ауыл, оның үстіне көріп тұрмаса да, әпкесі жанында екенін сезінеді. Бәрі жақсы, тек енесінің мінезінен бөлек... Ақтоты енесін жаман дей алмайды. Рас, мінезді кісі. Бірақ, өмір көрген, үлкен кісі болғандықтан ашушаң шығар деп ойлайды. Тек үнсіз ғана тірлігін істеп жүре береді. Жаз да аяқталуға жақын қалды. Оқуға кетуге дайындалмақшы. Ақтоты мен Жасұлан қалаға жиналды.
- Бір жерге жиналдыңдар ма? - деді енесі.
- Ия мам, қалаға. Ақтотының оқуы басталады.
- Қайдағы оқу қатын болғанда. Оқуды ойлайтын адам байға тие ме? Келін болды ма, келін жөнімен жүрсін. Оқу оқып білімді болмай-ақ, менің жағдайымды жасасын.
- Мам, мен айтып едім ғой сізге, соңғы курсы бар деп.
- Үйде менің айтқаным-айтқан, дегенім-деген екенін ұмытып қалдың ба сен бала?
- Еске салудың қажеті жоқ. Онсыз да папамды көрсем есіме түседі.
- Тарт тіліңді. Қатының қалада сайран салып жүрсе, сен жүр ауылда дымнан хабарың болмай. Кім біледі бұл қалаға барып не істейтінін?
- Мам, не деп тұрсыз? Біріншіден, қалағанын істейтін Ақтоты бетімен кеткен әйел емес. Екіншіден, менсіз қалаға бармайды. Өзім болам жанында.
- Ой бейшара, қатынжанды бола қалуын қарашы.
- Несі бар, әкемізге тартамыз да. Ол да сіздің етегіңіздің астына тығылумен өмір сүріп келеді ғой.
- Өшір үніңді Жасұлан! Көрдің бе? Саған үйленді де, маған қарсы сөйлейтін болды. Ана мен баланың арасына шоқ тастап өтірік мүләйімсіп тұрғанын қарашы кесапат неме!
- Мен Ақтотысыз-ақ өз ойымды ашық айтып үйренгенмін. Болды, Ақтоты заттарды дайында, ертең кетеміз,- деді де шығып кетті.
Ақтоты не істерін білмей тұрып қалды. Енесінің оқты көздері оны жіпсіз байлап, қозғалтпай тастағандай. Енесі шығып кеткен соң барып терең дем алды да, жинастыруға кірісті. Ата-анасыз қыздың артынан қай бір жасау келеді дейсің. Оның үстіне бас-көз болатын әпкесінің түрі анау. 2-3 киім мен 4көрпеден басқа ештеңе келмеді. Жасұлан бәрін өзіміз жасаймыз деп жұбатады. Сол 2-3 көйлегін алды да, ертеңіне қалаға кетті.
Қалаға келіп, баяғыдай емес, бірге пәтер іздеді. Жас отбасы екенін айтып ыңғайлы бір пәтерге жайғасты. Әне-міне дегенше оқу да басталып кетті. Жасұлан өз мамандығымен болмаса да, басқа салаға жұмысқа тұрды. Ақтотының степендиясы да жоғары. Жақсы өмір сүріп жатты. Бірақ, ауылда екеуі жайлы өсек тарап үлгеріп еді. Әрине оның да себепшісі енесі. Баламды бізбен ұрыстырып қалаға алып кетті. Жалғыз бала ата-анасын тастап кете барды. Келін келмей жатып үйіме билігін жүргізді деп келінін жамандаған Айғаным әр айтқан сайын айызы қана сөйледі. Оқу жылының жарты жылдығында ауылға келген олар өсекті есітіп те үлгерді.
- Біз қалаға тек оқуға ғана кеттік қой. Біржола кететін болсақ қазір алдыңызда неге тұрмыз? - деген Ақтоты көрші келіншекке ренжи қарады да үйіне кіріп кетті.
Балаларының келгеніне әкесі ғана шын қуанды. Өтірік күліп қарсы алған енесі ойының іске аспай қалғанына іші ашып, келгендерін жақтырмай қалды. Елге енді ғана Ақтотыны сұмырай етіп көрсетемін дегенде келіні келіп қайтадан жақсы келін атанып жатыр.
Жаңа жыл қарсаңы. Ақтоты Жасұланға әпкесінің үйіне құттықтап барып қайтуды өтінді. Жасұлан жарайды дегенмен, енесінен сұрануды жөн көріп, айтып көріп еді енесі бірден жағадан ала кетті:
- Ойпырмай әпке жалғыз сенде бар ма? Жасұланның да әпкелері бар. Неге оларды құттықтайық демейсің? Жасұланның тапқан ақшасын қайдағы бір алқаштың үйіне апарып шашпақсың ба? Баратын болсаң өзің кете бер. Жасұлан бармайды.
- Мама неге оларды кемсіткеніңізді қоймайсыз? Әпкесі ғой туған. Сыйлық алсын онда тұрған не бар? Ол үйге жалғыз бармайды. Бірге барамын.
- Білгеніңді істе. Әйтеуір осы қатынды алдың да басқаны ұмыттың ғой. Әпкелеріңнің бір ауыз звондап жағдайын сұрамайсың. Маған мүлде кеткелі хабарласпадың.
- Хабарлассақ сөйлесесіз бе? Үнемі өшіріп тастайсыз ғой. Әпкелеріммен сөйлесіп тұрамын. Олар сіз сияқты емес.
- Мен қандай екенмін? Қатының жаман деді ме мені? Әрине айтады, оның мақсаты да сол. Ұрысытырып-қырылыстырып өзі сенімен қалаға тайып тұру.
- Енді не қалайсыз мама? Оқуы бар десем түсінбейсіз. Басында ол оқуым аяқталсын дегенде өзім тыңдамадым. Енді сөзімде тұрып оқуын оқытайын да.
⠀
Жалғасы бар...