Фариза Амангелдіқызы
Анасы мен Жасұланның жанжалдарды ушығып барады.
- Білмеймін, осы қатынды алдың да, өзгердің. Оқу деп тумай да жүр. Келгеніне 7 -ай болды,- деп енді мына қырынан тиісіп көрейін деп ойлады. Мақсаты екеуі қалайда ұрысып тынса дейді. Осылай жиі-жиі ұрыстырсам өздері-ақ суып ажырасып кетеді. Мына қатынның көзін құртып, өзім қалаған қызды әперемін,- деп ойлайды. Сол үшін де тойды шығынсыз, кішігірім етіп өткізді. Бәрін ойластырып жасаған адуынды әйел қалай да мақсатына жетпейтін түрі бар. Оның ойын Жасұланның қатты шыққан дауысы бөліп жіберді:
- Онда тастасын оқуын, қалауыңыз сол болса. Енді 4-5 ай қалғанда оқымай, бала бағып отырсын.
- Е не бопты, жұрттардың келіндері оқымай-ақ жүр ғой үйдің берекесін кіргізіп. Кімнен кем солар?
- Мама біз біреудің өмірін сүрмейтін шығармыз. Неге түсінбейсіз? Қазір заманның өзі білімділікті талап етеді. Қазір қоғамда оқымаған адам ең төмен адам. Ештеңеге қол жеткізе алмайды.
- Байы оқыса болды, қатынына да жетеді сол.
- Сіз сияқты ма? Ол кезде заман басқа еді.
- Мама, соңғы курсым ғой, дипломымды алып алайыншы сосын үйде отырамын,- деп Ақтоты енді ғана сөзге араласты.
- Сен араласпа! Саған ешкім сөз берген жоқ.
- Ақтоты Мама түсінбейді бәрібір, сөйлеудің қажеті жоқ. Бар тірлігіңді істе.
- Бірақ...
- Бар дедім мен саған, - деп айқайлап жіберді Жасұлан. Дауысының қатты шыққаны соншалық Ақтоты селк ете қалды. Үнсіз асханаға бет алды. Кешкісін бөлмесіне келіп көңілсіз шкафтарды жинап отыр еді Жасұлан кіріп келді. Көңілсіз күйде диванға қисайды да, теріс бұрылған күйі ұйықтап кетті. Әдетте екеуі ұзақ сөйлесіп, болашақтарын елестетіп тәтті ұйқыға бірге кететін, бүгін Жасұлан тым суық. Шаршаған шығар деп келіншегі мән бермеді. Өзі де жастыққа қисайып ұйқыға бас қойды. Ертеңіне ерте тірліктерін аяқтап Жасұланды күтіп отырды. Әпкесіне барып келмекші.
- Не істеп отырсың үйдің бәрі айрап-жайрап жатқанда?- деді енесі жанына келіп.
- Жасұланды күтіп отыр едім. Бірге...
- Сен жай айтқанды түсінбейсің бе немене бәле? Бармайсың ол үйге.
- Кеше Жасұлан барамыз деген соң...
- Өзің кете бер барғыш болсаң.
Үнсіз орнынан көтерілген ол ақырын аяңдап сыртқа шықты. Барсам ба, бармасам ба деп ойланып біраз тұрды. Жасұлан таңата әкесімен бір шаруаға кетіпті. Сыртта ары-бері күткен Ақтоты ақырын сыртқы қақпаға беттеді. Енді аша бергенде Жасұлан кіріп келді.
- Жол болсын.
- Сені күтіп. Әпкемнің үйіне барамыз десем мама...
- Қазір мен киімімді ауыстырып шығайын.
Үйден тағы да айқай-шудың дауысы шықты.
- Сен бала өз бетіңмен өмір сүретін болыпсың,- деп бастаған анасы ұлының жүйкесіне тиетін сөздермен балағаттап, соңында ұрысып тынды.
- Ақтоты кір үйге, ешқайда бармаймыз.
- Бірақ...
- Кір дедім үйге ! Сенің әпкең деп өлетін болдық қой әр қайсысымен қырылып,- деген Жасұлан қатты ашулы еді. Ақтотыға алғаш рет дауыс көтерді. Айызы қанып тұрған енесі қуанышын білдіргісі келмей қабағын түйіп бөлмесіне кіріп кетті. Ақтоты түсінбей жалтақтап үйге қайта кіріп сыртқы киімдерін шешті.
Осы оқиғадан кейін жиі ұрысып қалатын болды.

Әрине ол жанжалдың артында Айғаным тұратын. Болмағанды болды деп, болғанды құдай ұрғандай етіп жеткізетін енесі Ақтоты мен Жасұланның ортасына от тастауын жиілете түсті. Жаңа жылдан соң оқуына қайтатын кезде де қатты жанжал болды. Тіпті оқуға бармайсың деген Жасұлан ашуланып ауылда боламыз деп тұрып алды.
Сонда ғана анасының құлағын жемей тыныш отыратын шығар деп ойлады. Ақтоты жалынып жылап жүріп әрең көндірді. Сонша жылдық еңбек, оқу бекерге кетпесінші деп жылады. Қалаға кететін күні анасы үйінде жоқ болатын.
Заттарын жинап түс болмай шығып кетті. Қалаға келген соң Жасұланның телефонына тыным болмады. Үстін-үстін соғылған қоңырауларда тек анасының нөмірі шығып тұрды. Телефонды көтерген оған дереу айқайлап қоя берді:
- Анаңнан қатыныңды артық көрдің бе? Бір ауыз сөзімді тыңдамай кетіп тыныпсың. Үйге келуші болма. Ақыры қатын артық екен, жалғыз балам болсаң да, жоқ деп есептеймін сені,- деді.

- Мама тыңдаңызшы...- деп анасымен сөйлесе алмаған Жасұлан ақыры түсіндіре алмасын білген соң үндемей қойды. Есесіне ақысын Ақтотыдан алып, ақыры екеуі ұрысып тынды.
Оқу аяқталуға жақын қалды. Бұйырса дипломын қолына алады. Күн өткен сайын Ақтоты уайымшыл болып барады. Сол қыста кеткеннен соң Жасұлан анасымен мүлде сөйлескен емес. Ертең ауылға қайтса шынымен үйге кіргізбесе ше?
Елдің өсегіне қалады ғой. Жалғыз ұл қатынының соңынан кетіп әке-шешесімен араласпай кетіп еді деген сөздер шықса бәріне кінәлі мен боламын ғой деп ойлады. Диплом алатын сәт туды. Жасұлан үлкен гүл шоқтарымен оқу орнының алдында күтіп тұр. Жүгіріп шыққан Ақтоты Жасұланның мойнына асыла кетті. Қолында қып-қызыл диплом. Дереу қайын әпкелеріне қоңырау шалып сүйінші сұрады. Бәрі құттықтап жатыр. Бірер сәт тосылып қалған ол:
- Әпкеме хабарлассам болады ма?- деді Жасұланға қарап.
- Оның несін сұрайсың тентек. Әрине,- деді құшақтап. Әпкесінен сүйінші сұраған Ақтотының қуанышында шек жоқ. Ертеңіне-ақ жиналып ауылға тартты.
Енесі көңілсіз күтіп алды. Тіпті амандаспады да. Қайын атасы көрімдік деп дипломының арасына ақша қыстырып берді. Келген бойда үй тірлігіне кірісіп кетті.

Бірақ бәрібір енесіне жақпаған Ақтоты отырса опақ, тұрса сопақ бола берді. Әр ісінен мін іздейтін енесі тіпті шектен тыс талап қояды. Тамақтың суын аз құй, етті тағы бір рет жу, қолыңды жудың ба, шаңды қайтадан сүртіп шық деген сынды жүйкеге тиетін сөздерді күнде жанында тұрып айтатын болды. Тіпті соңында сен таза емессің, сенің пісірген наның да таза емес деген ол базардан сатып әкеліп жейтін болды.
Осылайша екі күнде бір жанжалдың ұшын шығарып отырады. Арасында Жасұлан да киліксе оны қатынжанды сорлы деп айыптайды. Соңында Жасұлан мен Ақтоты ұрсып қалады. Бір күні күздің суық күнінде таң алакеуімнен енесі үйдегі бүкіл кілемдерді сыртқа шығарып тастапты. Ақтотыға соның бәрін жу деп жекіді.
Жасұлан жұмыстарымен қалаға кеткен болатын. Атасы үйде емес. Ақтоты мен енесі ғана. Күн суық. Ақтоты енесіне бірдеңе де сөйлейін десе ұрсып тастайтыны белгілі. Соңында Жасұланға жамандап жеккөрінішті етеді. Соңғы күндері Жасұлан да баяғыдай емес. Анасы әбден жамандай берген соң Ақтотыға кейде салқындық танытады. Соны ойлаған Ақтоты тағы берекеміз кетпесін деп кілемдерді жууға кірісті. Қалың киініп алды да, краннан аққан салқын сумен жуып бастады. Жаңбыр ақырын сіркіреп тұр. Терезеден рахаттана қараған енесі Жасұлан келмей тұрып жуып бітсе екен деді. Осы сөзін есітіп қойғандай қақпадан Жасұлан кіріп келді:
- Сенің денің сау ма өзі? Қыс жақындағанда кілем жуғаның не?
- Апам...
- Таста қолыңдағыны. Жаңбыр жауып тұрғанын көрмей тұрсың ба? Жүр үйге.
Енесі дереу бөлмесіне кіріп кетті.
- Мама Ақтотының не істеп отырғанын көрдіңіз бе?
- Не болды?
- Кілем жуып отыр.
- Жуса жуады да. Мен жас келін кезімде аяғын ауыр болса да қардың астында да кілем жуғанмын. Бір баламнан айырылып сол кезде. Қатының әле бала көтерген жоқ қой.
- Әрине көтермейді, суықтаса осылай.
- Сен қайдан білесің қатындардың тірлігін.
- Мам қазір заман басқа. Дамыған елде өмір сүреміз ұмыттыңыз ба?
- Ендеше дамыған елде тұрады екенсің, қатыныңа бала тууды да үйрет.
- Сізбен сөйлесіп болмайды адам,- деген Жасұлан есіктен қайта шығып кетті.
- Тамақтанбайсың ба?- деген келіншегіне қараған да жоқ. Сол кеткеннен түннің жарымында келген Жасұлан ішімдік ішіп алыпты...
Кезінде Талғатты алқаш де менсінбеген Айғаным ананың баласы Жасұлан бүгінде алқаш атанып үлгерді. Ол ішкен сайын күнде жанжал үйде. Баласын ішімдіктен құтқарудың орнына балаға сөздермен жекіп жүйесіне тиетіндіктен, Жасұлан тағы барып арақпен достасады. Осылайша анасының адуынды мінезі мен ұрысының кесірінен Жасұланның өмірі арақпен өтіп жатыр. Ақтоты қанша түсіндіруге тырысқанымен Жасұланның тыңдайтын түрі жоқ. Бір күні Ақтоты мазасы қашып лоқсып тамақ іше алмай, жатып қалды. Екі күн осылай қиналды. Бірақ оның жағдайымен ешкімнің шаруасы болмады. Тек қайын атасы ғана жаны ашып, қыздарына хабарласып келінінің жағдайын айтты.

Жалғасы бар…