Суна Гүлер

Болған оқиға ізімен...

Қайыршыны қайыршы деп, менсінбейміз. Көзге ілгіміз келмейді.  Ал, сол қайыршының бізден де биік ары бар дегенге сенесіз бе? Ар - адамның тұрмыс хəлімен өлшенбейді екен.

Мен анық түйсіндім

   Мен  - қайыршыға бір өмір қарыздармын. Өткен жылы мен  журналисттік зерттеумен жүріп, кездейсоқ   ұрыларға тап болдым. Малатияның шеткі аудандарының бірінде еңгезердей екеу қайдан шыққаны белгісіз,  менің жолымды кесті. Көзді ашып-жұмғанша  сөмкеме жабысып алуға ұмтылды. Дүниеңді  біреуге беру оңай ма? Жұлқыласа кеттік. Сан мың адам кемеге міну үшін ары-бері өтіп жататын шақта, маған ешкім назар салмады. 

    Мені еңгезердей екі еркектен кім құтқарды дейсіз?

Қайыршы жігіт құтқарды. Екеуі қолымдағы сөмкемді ала алмай жұлқылап жатқан кезде, қайыршыдан басқа  мені екеуден  арашалаған ешкім болмады.  Рас, одан басқа бір жан баласы жəрдем бермеді. Бақырған, көмек сұраған даусыма ешкім  құлақ аспады. Мені таң қалдырғаны -  сол қайыршының ер жүректілігі. Оның шамасы жетпесе де, анау екеуден арашалауға талпынысы.

     Мен соның арқасында сөмкемді кері алып, көз  жасаурататын дəріні екеуінің жүзіне шашып,  қаштым.  Полиция шақырдым. Қайыра айналып барғанымда, көңілім жабырқады. Қайыршыны ана екеу аямай соққыға жығып кетіпті.  Сонда іштей анау екеудің қайыршыдан адамдық бəсінің төмен екендігін ұқтым. Қайыршы жігіттен қанша рет жағдайын сұрағанымда, күлімсіреп қана жүрді. Берген ақшамды алмады.Құжаттарын жоғалтып, қайыршы атаныпты. Сол құжаттарын қалпына келтіруге көмек еттім. Сосын  өз туған ауылына кетерінде  ғана, бір ауыз сөз айтты:

"Жақсы қарындас, менің сен сияқты қарындасым бар еді. Сол үшін сені олардан қорғамай тұра алмадым. Маған алаңдама. Арым үшін жасаған əрекетім" - деді. 

Сол сөздер əлі санамда жүр.  Ұмытпаймын да.

      Түрік тілінен аударған    Мейірхан Мейрамбекұлы