Денис Тен соңғы рет тамақтанған мейрамхананың қожайыны көп нәрсеге өкінетінін айтып, қатты қайғырып кешірім сұрады.

"Әлі де сене алмаймын. Бейнематериалды қайта-қайта қарап, шынымды айтсам, бұл болмағандай, Дениспен қайта кездесетін сияқты болып отырмын. Ол өмірінің соңғы сағатында өте көңілді болды, айналасына жайдырлы қарап, күн сәулесіндей нұрланып отырды, ол бізге де жігер берді", - деп жазды Instagram желісіне rus_libirry.  

"Тападай тал түсте, қаланың қақ ортасында, қылмыс, ұрлық, адам өлтіру...Түсіну қиын. Сену де қиын. Денис, сені шығарып салмағаным үшін кешір. Ұзағырақ ұстап қалмағаным үшін кешір. Құшақтамағаным үшін кешір. Ертерек қайтып кетпегеніңе кешір. Байқамай қалғанымды кешір. Кешір, мені, досым", - деп жазды ол.

Денис Теннің соңғы бейнематериалы.

Видео авторы: Мейирим Смайыл