22 қазан күні таңертең Талдықорған қаласының тұрғындары түрлі ауданнан әлеуметтік желі арқылы қатты соққыға шағымданды. 
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 22 қазанда сағат 5:50-де Талдықорғандағы  Желтоқсан көшесі бойында, ЖШС аумағында газ жарылысы болғаны туралы хабарлама түскен.

Жеке тұрған күзет дүңгіршегінде жарылыс болып, заттардың тұтануы салдарынан нысанның қабырғалары мен төбесі құлаған. Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (алдын ала 10-12 пайыз), жағдайы тұрақты.

Газдың шығу себебі анықталып жатыр, оқиға орнында Талдықорған ТЖД және ПБ ЖТТ тергеушілері, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

КТК телеарнасы