«Google» Мексикада интернетке ақысыз қосылатын 56 Wi-Fi орындарын ашты 
 
    «Google» корпороциясы «сымсыз нүктелер» арқылы Латын Америкасында өз пайдаланушылар санын арттыруды мақсат етіп отыр. 
 
    Уақыт өте келе, компания өзінің Wi-Fi нүктелер санын арттыруды көздеп отыр. Мексика «Google» компаниясы өзінің «Station» бағдарламасын жүзеге асырып жатқан алғашқы мемлекет. Бұл бағдарлама интернетті тегін пайдалануды қамтамасыз етеді. Алғашында Wi-Fi орындары мемлекет бойынша, Сюдад-Хуаре әуежайынан бастап, АҚШ шекарасындағы жолдарға дейін, сонымен бірге Мексикадағы сауда орындарында қосылады. Естеріңізге сала кетейік, «Google» осыған дейін Үндістан мен Индонезияға да Wi-Fi нүктелерін орнатқан еді. Бүгінгі күнде әр айда «Google Station» бағдарламасынан 8 миллион адам пайдаланып жатыр.