Тайландтағы Чонбури аймағында сұлу аруға ессіз ғашық болған ер адам оны досынан қызғанып өлтіріп тастады. Кәсіпкер бойжеткенді туған күнін тойлап жатқан сәтінде атып жіберген деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

20 жастағы Павина Нэмьюэнгрук өз басшысы болған 43 жастағы кәсіпкердің сезімін қабылдамай қойған. Нәтижесінде, қызғаныштан күйінген ер адам бойжеткенді туған күні кезінде атып өлтірді.

Кәсіпкер Павина туған күнін сүйіктісімен атап өтуге кетті деп ойлап қалып оны мерекелік кеш кезінде бала кездегі досымен қоса атып тастаған. Бойжеткенмен бірге көз жұмған жігіт қызтеке болып шыққан.

Полиция оқиға орнынан қашып кеткен 43 жастағы Панью Инганды іздестіріп жатыр.


  Дереккөз: NUR.KZ