Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирус инфекциясымен ауыратындардың рекордтық тәуліктік санын тіркеді.

Ұйымның сайтында жарияланған статистикаға сәйкес, соңғы тәулікте (22 қазандағы деректер) әлемде COVID-19 жұқтырған 423 819 пациент тіркелген.

Бұған дейін 17 қазанда тіркелген 412 889 жағдай рекорд болды. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та тіркелді, онда 1 күнде 60 мыңнан астам адамда инфекция анықталды. Үндістанда тағы 55 мыңнан астам адам, Францияда 41 мың және Ұлыбританияда 26 мың адам коронавирус жұқтырды. Бразилияда инфекцияның бір тәуліктегі өсімі - 24 858 жағдай, Аргентинада - 18 мың жағдай болды. Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның 41,1 миллионнан астам жағдайы анықталды, 1,1 миллионнан астам адам көз жұмды.

Дереккөз: Stan.kz