Джо Байден Ақ үйдің бұрынғы басшысы және республикалықтар атынан АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптқа жасалған қастандық әрекетіне байланысты Америка халқына үндеу жасады. Президенттің Сопақша кабинетте жазған мәлімдемесінде ол америкалықтарды саясаттағы зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды ВВС. 

«Біз саясатымызда температураны төмендетуіміз керек. Мұндай зорлық-зомбылықтың нормаға айналуына жол берілмеуі тиіс. Еліміздегі саяси риторика өте қыза түсті. Оны салқындататын уақыт келді. Мұны істеу – бәріміздің жауапкершілігіміз», - деді Байден.

Ол саясат «бейбіт пікірталас алаңы» болуы керек екенін және зорлық-зомбылық ешқашан жауап бола алмайтынын айтты. 

Президент Трампқа тезірек сауығып кетуін тілеп, митингі кезінде оның отбасы мүшелерін оқтан қорғаған 50 жастағы Кори Комператорені батыр деп атады. Бұл Байденнің президенттік кезеңдегі Сопақша кабинеттен жасаған үшінші үндеуі болды.

Мұндай сөз сөйлеу салыстырмалы түрде сирек өтіп, әдетте ең маңызды оқиғаларға арналады. Байден бұған дейінгі үндеуін өткен жылдың қазан айында ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін жасаған. Бұған дейін ол 2023 жылдың маусымында АҚШ Конгресінен америкалық қарыз шегін ұлғайтуға рұқсат беруді талап ету үшін ұлтқа үндеу жасады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акциясы кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған.

Дереккөз: Kazinform