Ғани Әлихан

Тапа-тал түс. Үйге жақын болған соң көлге күніне екі-үш рет барып шомылып тұрамыз.
Бүгін де сол əдетіме басып көлге бардым. Ығы-жығы, көл жағасы толған адам. Шашлык пісіріп мəре-сəре боп жатқандары қайсы ,шомылып жүргендері қайсы,су шашып ойнап жүргендері қайсы, əйтеуір бос орын жоқ. Осының бəрін маған жоғарыдан отырып тамашалағаннан басқа қызық қалмады. 

...Кенеттен мен отырған тұстан ағаш арасынан жас қызбен жігіт шыға келді.Айналасында ешкім жоқ ,екеуі жапанда жалғыз жүргендей ай тұрып алып сүйіссін. Сүлікше сорысқан екі жастың қылығы мені ғана емес,сондағы жұрттың бəрін де қатты таң қалдырды. Ол олма сол сүйіскен күйі бірін -бірі шешіндіре бастады.Масқара , мыналарды жын ұрған ба? Мұнысы несі дерсің? Бір қызығы екеуі де қазақ. Екеуі де əрі кетсе жиырманың үстіндегі жастар.Бірақ біздің қалалыққа ұқсамайды.Əне, əне бойжеткен ішкиіммен қалды.Енді ол жігітті шешіндіре бастады.Қарасаң қара ,қарамасаң отыра бер ,саған көңіл бөліп жатқан олар жоқ .Арадан кем дегенде бес минут өтті. Екеуі де жалаңаш қалды.Ал еріндері болса əлі сол жабысқан күйі.Енді не болар екен ?
....Қой құдай сақтады .Кенет қыз отыра қалды да жігіт суға секірді.Жүзіп білем дегендей құлаштап біраз жерге дейін барды.Содансоңғана кері қарап қызға қол бұлғап шақырғандай болды.Алайда қыз жүзу білмейтін болуы керек жай ғана белге дейін барып екеуі жағалап отырып жартастан ары асып кетті.
Əрі қарай айтпай-ақ қояйын....

Есіңді жый қазақ жастары .Екеуің ерлі-зайыпты болсаңда ел алдында ерсі қылық қой .
Ақыл айтқаным болмасын қазақ жастарының қазіргі болмысы міне осындай !