1) Тамақты орташа мөлшерде жеу. 16-17 сағат еш нәр татпаған адамның қатты ашығатыны табиғи жайт. Бірақ, бұл деген, көп мөлшерде тамақ ішу керек дегенді білдірмейді. Ендеше, тәбетіңізді тежеп, ауыз ашқанда болсын, сәресіде болсын, орташа мөлшерде ас ішуге дағдыланған жөн. Бұлай істеуіңіз – сізге ораза айы бойы артық салмақ қосудан сақтайды.

2) Асты жақсылап шайнап жеу керек (Мысалы, 40 мәрте шайнаса болады). Асты ұзақ шайнап жеу – қомағайлануды тежеуге көмектеседі. Ол – асқазанның мидағы тойымдылық жүйесіне артық ас жеуден тоқтай тұру керектігі жөнінде сигналдар жібере алуына уақыт береді. Бұл, өз кезегінде, Рамазан айы бойы артық салмақ қосудан сақтануыңа жәрдемші. (Өйткені, ұзақ шайнау адамды тез тойдырып, аз тамақ жеуге әкеп соғады. Соның нәтижесінде семіздік ауруына шалдығу қауіпін төмендеткен болады).

3) Ауыз ашарда ас жеместен бұрын су іш. Диетолог мамандар, ауыз ашар сәтінде әуелі екі шыны (стакан) су ішу керектігін баса айтады. Бұл – асқазанның толғандығын және тойғандығын сезуге көмек береді. Сондай-ақ, ауыз ашарда су ішу – жиналған майлардың жойылуына және дененің токсиндерден арылуына жәрдем етеді. Ал, бұл салмақ қоспауға көмекші.  

4) Сұйық тамақты көбірек ішу. Рамазан рационы сұйық тамақтарсыз болмайды. Сұйық тамақтар өте пайдалы. Сол себепті, ораза айы бойы сұйық тамақтармен дос болу кеңес етілген. Артық салмақ қосудан сақтайтын сорпа түрлерінің бірі – көкөніс сорпасы мен жасымық сорпасы (чечевица). Ал, кремді-кілегейлі сорпаны қысқартыңыздар. Өйткені олар калориясы жоғары тағам түрлеріне жатады.

5) Көп салат жеңіз. Салмақ сақтағысы келетін кісілер Рамазан айында әр күні салат жеп тұруы тиіс. Себебі салаттар, адам ағзасы қажет ететін көптеген витаминдер мен минералдарды және пайдалы талшықтарды қамтиды. Және де салаттың құрамында калория аз.

6) Балық жеу. Аптасына екі рет балық жеп тұрған пайдалы. Балықтар жоғарғы мөлшерде Омега-3 май қышқылын қамтиды. Оның есесіне, балықтарда май аз болады. Осы жөнінен алғанда, салмақ қосқысы келмейтіндерге балық таптырмас тағам түрі.

7) Дене жаттығуларымен айналысу. Ауыз ашқаннан кейінгі кешкі уақыт - Рамазан айында жаттығу жасау үшін жақсы сәт. Өйткені ыстық қайтып, салқын түседі. Денедегі сұйықтықтардың азаюына алып келмейді. Әр күні ауыз ашып болғаннан кейін 2-3 сағаттан соң жарты сағат дене жаттығуларымен айналысуға мән беріңіз. Дене жаттығулары ас қорыту жүйесінің жеңіл жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жиналған майлардан арылтады. Ораза бойы салмақ қоспауға көмектеседі.

8) Жеміс-жидек көбірек жеу. Жаңа піскен жемістер денені әртүрлі витаминдермен, минералдармен және талшықтармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ас қорыту жүйесінің дұрыс жасауына көмек береді. Жеміс-жидектерді тамақтану арасында, ашыққанын сезген кезде жеген жақсы. Осылайша қарны тойғанын сезініп, артық тағам жеуден тежеледі. Соның нәтижесінде, артық салмақ қосудан сақтанған болады.

Оразаларыңыз жеңіл әрі берекелі өтуіне тілектеспіз! 

Дереккөз :  islam.kz