Бүгінгі аңшылық сапарым өте сәтті өтті. Таңертең-ақ қасқырдың апанын оңай тауып алдым. Екі бөлтірігін ойнатып отырған қасқырға бірден көзім түсті. Көп ойланбастан қасқырды атып тастадым. Сөйткенше бөлтіріктерін итім жайратып салыпты…

Үйге келе сала, мен әйеліме еш қиналмай алған олжамды айтып, мақтана түстім. Сол кезде алыстан қасқырдың ұлыған дауысы құлағыма келді. Бірақ, бұл дауыс әдеттегі ұлушы қасқырлардың дауысынан ерекше болды. Құлақты кернеген дауыстан мұң мен сағыныш лебі сезілгендей болды…

Анамның жаңадан келін боп түскен кезі екен. Мезгіл қара күз. Баяғы айдалада екі үй қойшы. Әкей көрші ауылға асау үйретуге кетіп, сол күні қойды атамыз жаяды. Түс кезінде анам төбе басына шығып, отарға көз салса, атам құрыққа бөрікті іліп, бұлғап тұр екен. Шақырғанын түсініп тұра жүгіріп кете береді. Дауыс жетер жерге таянғанда «мылтық, күрек» деген сөзді естіп, қайтадан үйге қарай зымырайды. Таяп қалғанда үй сыртында «не болдылап» тұрған енесіне «мылтық, күрек» деп дауыстайды. «Қойға қасқыр шапқан шығар» деп топшылаған әжеміз оқшантайды келіннің беліне байлап, мылтық пен күректі қолына ұстатады. Сөйтіп анамыз ебіл-дебілі шығып атам тұрған жерге де жетеді ғой.

Бір ауылда дұғасы екі етілмей, қабыл болатын бір адам бар екен. Дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам, әлгі адамның алдынан шығып, мұның сыры мен жай-жапсарын сұрайды. Дұғасы қабыл болатын адам бір топ адамнан: 
— Дәл қазір сендер танымайтын бір адам келіп, қарызға ақша сұраса берер ме едіңдер? — деп сұрайды. Олар бір-ауыздан: 
— Танымайтын адамға қалай қарыз береміз, — дейді. 
— Жарайды, егер мен сұрасам берер ме едіңдер? — деп тағы сұрақтың астына алады. 

Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса,алдарынан әйел шығады.Жөн сұрасып,жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біліп,беріп жіберетін манаты бар екенін айтып, оны Сырымға жеткізуді өтінеді :

-         Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма?- деп сұрайды жолаушылар.

-         Қадірін білсеңіз жеңіл де емес ,алып жүруге  ауыр да емес,- дейді де,әйел басындағы орамалын көтеріп бір тал шашты желкесінен,енді бір тал шашты маңдайынан жұлып алып жолаушыларға  береді.Содан кейән оң жақ қолтығыныан бір жапырақ шүберек береді.Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып,оны да Сырымға жеткізіңіз деп береді.Жолаушылар”Мұны кім берді деп айтамыз”,-дегенде, әйел: ”Сырымның өзі біледі” ,- деп жауап қайтарады.

Жас жігіт сырқат анасының тілін алмай, қажылық сапарға аттанбақшы болыпты. Анасы: «Балам, мен сауыққан соң барғаның дұрыс. Жинаған ақшаңа мені емдетші», – десе де: «Алла жолына жұмсаймын деп жинаған өз ақшам, қалай жұмсауды өзім білемін!» – деп, қажылыққа баруды өз анасының мүшкіл жағдайынан артық көреді. Сөйтіп қажылыққа анасынан рұқсат-бата алмай аттанып кетіпті.

Анасы бұған қатты ренжиді. Жалғыздықтан жаны қиналып, қажыған кезде ана болса да баласына: «Жолың болмағыр, жүрген жеріңде қырсыққа ұшырағыр!» – деп теріс дұға жасайды.