- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Қаз дауысты Қазыбек пен Әлібек батыр ел аралап келе жатса, жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Әлібек батыр мынадай сауал қояды:
– Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?
Ақсақал сәл ойланып былай дейді:
– Ауыл ақсақалы шала болса, жігіттері алты ауызды ала болса, жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе, сол ауылдың берекесі кетеді.
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Құрметті мұсылман бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге дұға жасау туралы және дұғаның қай уақытта тез қабыл болатыны жайлы мәлімет ұсынады.
Дұға жасау тәртібі
– Бар ықылыңызды дұғаға аударыңыз. Және өзіңіздің Жаратушымен сөйлесетініңізді естен шығармаңыз. Сондай-ақ, осы уақытта жүрегіңіздің дұғамен бірге екеніне көз жеткізіңіз.
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты.
Түркістан қаласынан 60 шақырымдық жерде орналасқан Үкаша ата құдығының сіз бен біз біле бермеймін сыры неде? Зиярат етушілер қандай жағдайға тап болады? Құдық астында нендей тылсым күш бар? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін sputniknews.kz тілшісі киелі құдыққа арнайы барып, шырақшы Серік Қыстаубайұлымен сұхбаттасып қайтты.
Тарихқа көз жүгіртсек…
Шырақшы Үкаша ата құдығын ешкім қазып, қолдан құдық етпегенін бірден кесіп айтты. Аңыздарға сенсек, Үкаша Ата Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың тікелей тапсырмасымен осы маңға (қарт Қаратау тауының маңы: автор) ислам дінін насихаттау мақсатында келген екен. Нәтижесінде ислам дінін қабылдаушылар көбейіп, дін дұшпандары оның көзін құртуды ойлайды.
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Ерсін Ерғалиев
Өткен ғасырдың 60 жылдары ауыл халқының тұрмысы тым жүдеу еді. Сталинның қанды шеңгелінен құтылып, Хрущевтің темір қақпанына тұтылған кез. Бірақ ауыл адамдары бір - бірімен барын бөліскен ұйымшыл ауыл болды. Анам «Батыр ана». Ол кезде ауылда көп балалы жанұя болу қалыпты жағдай тұғын. Анам ұстаз, әрі үйдегі бала-шағаның қамын жасайтын. Анамның осы шаруалардан-ақ қолы босамайтын. Біз балалары анамызға қолқабыс жасауға тырысушы едік.
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Ата-ананың алдында перзенттік парызымды дұрыс өтей алмадым деп сезінген адам, ең әуелі Алла Тағалаға шынайы тәубе еткен дұрыс.
Мұнан соң, қате-күнәсінің кешірілуі үшін ата-анаңызға арнап дұға жасаңыз және ата-анаңыздың атынан садақа беріңіз. Сонымен бірге, ата-анаңыздың туыстарымен ара-қатынасыңызды түзеңіз. Өйткені, бір кісі Алла елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алла елшісі! Ата-анам бақилық болған соң оларға менің жасайтын тағы да бір жақсылығым бар ма? – деп сұрағанда Пайғамбар(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, бар. Ата-анаңа дұға ету, олардың ақысына истиғфар айту, оларға берген уәдені орындау, екеуінің ағайын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу және дос-жарандарына жақсылық жасап тұру[1]», – деген екек.
Страница 7 из 14