«Қалаулым» тележобасының қатысушысы

- Замира ханым, көрермен мен оқырман білмейтін қырларыңыз бар ма?

Білмеймін жоқ деп ойлаймын,шынымды айтсам әлде... бар ма?

"Қалаулым" жобасы сізге не берді?

- «Қалаулым» жобасы  маған батылдық берді десем болады.Өйткені  бұрын ажырасқанымды айтуға қорқатын едім.Енді ажырасқанымды,мен туралы көп нәрсені, бүкіл ел біледі.Сондықтан да «Қалаулым» батылдық берді деп айта аламын.

Батыс медиа мамандары танымалдықтың  үш сатысы бар деген екен.  Сіздіңше, танымалдықтың қанша сатысы бар?

- Танымалдықтың қанша сатысы бар дейді.Сатысы деген сөздерді түсіне бермеймін.Ол не екен? Сондықтан жауап беру қиын маған.Көп сөздердің қазақша мәнін де, мағынасын да түсіне бермеймін, ренжімеңіздер.

Өзіңіз  əлеуметтік желілердегі жұрт пікірлерін  оқисыз ба?

- Шынымды айтсам оқымаймын.Кім не десе де қарамаймын.Бұл менің өмірім не істеймін десем де, өзім білемін.Оқығанда адамдар жақсы пікір айтпайтын сияқты.Сондықтан да оқып, жүйкемді жұқартқанша оқымағанды дұрыс көрем.

Өмірдегі ең сүйікті ісіңіз?

– Үйге «уборка» жасап, демалғанды жақсы көремін.Үйдің таза болып тұрғаны маған қатты ұнайды.Сондықтан бос уақытымда үй тазалағанды жақсы көрем.

- Өмірдегі  адам бойындағы сіз бағалайтын қасиеттер?

-Өмірдегі адам бойындағы бағалайтын қасиет, адалдық.Сосын өте тазайынмын.Өзім жаман болсам да, тек шындықты айтамын.Ешқашан өтірік айта алмаймын.Сол бойымдағы жақсы қасиеттерім.

- Өзіңізді үш сөзбен суреттессеңіз...

- Бойым ұзын, сары қызбын.Өте ақ көңіл жанмын.

- Сіздің  ер - азаматтың  бойынан  көргіңіз  келетін екі қасиетті  атасаңыз.

- Еңбекқор болу керек және алдамау керек.

Экрандағы Замира мен өмірдегі Замираның ұқсастығы бар ма?

-Бар.Бірақта экранда ұрысқақ сияқты көрінемін.Негізі өмірде,ондай қатты  ұрысқақ емеспін.

 - Болашаққа  қойған  мақсатыңыз?

- Мен күйеуге тиіп көп балалы ана, бақытты әйел болғым келеді.Жұмыс істегенді өзім ұнатпаймын.Бала –шағаға қарап, үйде отыратын бақытты ана болғым келеді.

 

Баннер 2 поз