Фейсбуктің белсенді қолданушысы

-Қайырлы күн, Ержан аға! Əңгіме басын өзіңіз көп қаузайтын тақырыптан бастасақ. Тоқал алу үшін ер азаматқа не істеу керек деп ойлайсыз?

- Қайырлы күн, Мейірхан! О, тоқал алу үшін мен құсап құр тоқылдау аз, көп іс тындыру керек қой. Бірінші момын, инабатты, ибалы бәйбіше алу керек. Жыртқыш тектес бәйбіше алсаң, бітті шаруа. Ары қарай тоқал туралы армандап та керегі жоқ. Екіншіден, екі әйелді асырай алатындай дүние-байлығың болу керек шығар?! Әйтпесе, дипломсыз, жұмыс істемейтін екі қатын алып алсаң, Бақытжан Момышұлынша айтқанда; «  жоқшылық есігіңнен сығалағанда, махаббат терезеңнен қашып шығады» Асырай алмасаң, бәйбішең есіктен, тоқалың тесіктен қашып кетуі әбден мүмкін. Бұл «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айрылыптының» кері болады. Өзімізге лайықтасақ, «кедей еркек тоқал сұрап жүріп, бәйбішесінен айрылыптының» нақ өзі болады. Сондықтан тоқал алу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы жерден тоқтайын, әйтпесе, тоқал туралы таңды таңға ұрып жырлауға бармын. 

- Дəурен аға, өткен туған күніңізбенен! "El24.KZ" порталының ұжымының атынан құттықтаймыз. Шалқар шабыт тілейміз! Əңгімемізді балалық шағыңызға сапарлап қайтсақ. Қандай бала болдыңыз?

 - Рақмет! Екі "үшке" кеп жатқан жайымыз бар. Отыз үшке. Бала кезім нағашы жұртымда өткеннен бе, аздап ынжықтық, ұяң һәм ұялшақ болдым. Өз жұртың болмаған соң, өз руыңның асын ішпеген соң, өзімді сол ауылда бөтен көргенім рас. Мейірімге зәру мені өз балаларынан кем көрмеген анамның ағасы, қара шаңырақтарында анамның анасы мәпелеп, бақты. Тәттісін алдымен менің ауызыма ұсынатын еді. Қазірде екеуі де бақилық, жандары жаннаттан болсын!

 Республикалық "Жас Алаш" газеті бас редакторының орынбасары,қаламгер Оралхан Дәуітпен сұхбат

- Оралхан аға,кеше ғана кітабыңыздың тұсауы кесілді,құтты болсын ! Әңгімемізді  осы  " Ақ самаурын" атты кітабыңыздан бастасақ...

 

   Қайырлы күн, Дана ханым!  Риясыз əңгімелесуге келісім бергеніңізге көптен-көп рахмет!  Өмірде кіммен яки кімдермен  риясыз əңгімелесесіз?

    Өмірде көбіне,жалпы әңгімелесе бермеймін.Ашық- жарқын сөйлескенім болмаса, риясыз әңгімеге бара бермеймін.Анаммен,сосын туған әпкем бар сонымен ғана, риясыз әңгімеге бара аламын.

                                                                      Альбина ШАРДАРОВА, әнші

                                                                     Гитараны әкемнен үйрендім

  •   Үлкен сахнаға шықпай тұрып, гитарамен ән айтқан видеоңыз әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Инстаграмға видео жүктеу қай кезден басталды?
  • Инстаграмға видео жүктеп жүргеніме, шамамен, бір жыл болды. Гитара тартуға кішкентай кезімнен қызығатынмын. Бір екі-рет гитараның сүймелдеуімен айтқан әнімді видеоға түсіріп, достарыммен бөліскім келіп, Инстаграм желісіне салдым. Содан бәріне ұнап, мақтап, тілектерін жаудырды. Достарымның қолдауы маған демеу болып, бос уақытымда видеолар түсіріп, жариялай бастадым. Ұйқысы кеп отырған сіңлімнің видеосының жөні бір басқа (күлді). Бұл видеоның халыққа кеңінен таралуы мен күтпеген жағдай болды. Оның осынша тез тарап кететінін білген жоқпын. Барлық видеолар тек қызығушылықтан туды, оның арқасында сондай танымалдылыққа ие болдым деп айта алмаймын. Дегенмен, «гитара тартатын қыз» деген ат қойған Инстаграм желісінің тұрақты пайдаланушыларына рақмет!