Альбина ШАРДАРОВА, әнші

                                                                     Гитараны әкемнен үйрендім

  •   Үлкен сахнаға шықпай тұрып, гитарамен ән айтқан видеоңыз әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Инстаграмға видео жүктеу қай кезден басталды?
  • Инстаграмға видео жүктеп жүргеніме, шамамен, бір жыл болды. Гитара тартуға кішкентай кезімнен қызығатынмын. Бір екі-рет гитараның сүймелдеуімен айтқан әнімді видеоға түсіріп, достарыммен бөліскім келіп, Инстаграм желісіне салдым. Содан бәріне ұнап, мақтап, тілектерін жаудырды. Достарымның қолдауы маған демеу болып, бос уақытымда видеолар түсіріп, жариялай бастадым. Ұйқысы кеп отырған сіңлімнің видеосының жөні бір басқа (күлді). Бұл видеоның халыққа кеңінен таралуы мен күтпеген жағдай болды. Оның осынша тез тарап кететінін білген жоқпын. Барлық видеолар тек қызығушылықтан туды, оның арқасында сондай танымалдылыққа ие болдым деп айта алмаймын. Дегенмен, «гитара тартатын қыз» деген ат қойған Инстаграм желісінің тұрақты пайдаланушыларына рақмет!

(сұхбаттың жалғасы)

 - Қазіргі таңда фильмдерге сценарий жазып жүрсіз бе? Дайын болғаны қаншалықты көңіліңізден шығуда? 

- Фильм түсіріліп жатыр Жаужүрек жайлы Балуан Шолақ. Сценарийін өзім жаздым. Орысшаға өзім аудардым. Енді басталады, жер қарайды күн ысыды. Күзге дейін түсіріп бітіресіңдер деген тапсырма алды олар. Қаржы жағы əдеттегідей. Ахан Сатаев "Томиристі" түсірейін деп жатыр екен. Оның əрі продюсері, əрі сценарий авторларының бірі Ə.Назарбаева. Қаражат соған кетіп жатыр деген сөз. Бір проект екі сағаттан аспауы керек екен, біздікі төрт сағат болып кетіпті. Қысқартып реттедік. Біздің режиссерларымызда дегенмен əдебиетші емес қой. Ең керекті жерін алып тастайды дə. Əттең өзіңнің ішіңнен шыққан дүниенің бəрін түгел экранға шығара алмайсың. Фильм желісі былай басталады «Орыстар бізді "Бұлардың бəрі жабайы" деді ғой енді. Долгоносовтың он жеті жасар қызы оқып жатқан. Осы он жеті жасар қызды Балуан Шолақ алып қашады. Шарт қояды "Елімді ,əке шешемді босат. Əйтпесе қызыңды тірі көрмейсің" деп. Қыздың ойында қазақтар жабайы, аман қаламын деп ойлмады.»

ЖАЗУШЫ,ДРАМАТУРГ ДУЛАТ ИСАБЕКОВ

75-жас мерей тойы қарсаңында 

Жазушы ағамызды,"EL24KZ" сайтының  және оқырмандарының атынан мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз.

 

 

-Ассалаумағалейкүм ата! Есімім - Ақылбек Балжан Бертайқызы. 

-Уағалейкүмассаләм! Кел. Қайда оқып жатырсың?

Гүлмария апа, армысыз?! Сұхбатымызды әжелер тақырыбынан бастасақ. Бүгінгі қазақ қоғамынан қазақ әжесін жоғалтып алғандаймыз. Тағлым берер әжелердің қатары сиреген сықылды. Сіздің ойыңызша, біздің  бүгін кешегі әжелер мектебінің құрдымға кетіп жатуына не себеп?

Данияр Барыс, «Қазақстан дауысы» жобасының екінші орын иегері, жас әнші:

                          «Есті әнге жаным ынтық»

  - Қайырлы күн, Данияр аға! Бүгінгі сұхбатқа келісім бергеніңізге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Сұхбатымызды өзіңізбен жақын  танысудан бастасақ...

-  Мен, Исмаилов Данияр Қайратұлы 1990 жылы ОҚО, Түркістан қаласы, Ынтымақ аулында дүниеге келдім. 1996 жылы ауылдағы "Молда Мұса" атындағы жалпы орта мектептің табалдырығын аттап, 2007 жылы тəмамдап, сол жылы Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің "Өнер" факултетіне "музыкалық білім" мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына түстім. 2011 жылы университетті "ой, жарайсың!" ))) деген бағамен бітіріп, қазір осы əн əлемінде ақырындап жүріп жатқан жайым бар.