Назлы Гүвеноғлы

Аударма Нағашбек Алдан ағама арналады


Осынау бір есімнен,
Қуат алғам, есіргем.
Жалғандағы жақыным,
Білместігімді кешірген.
Тəте!
Шықпайды еш есімнен,
Ренжіген маған сəтің кем.

Қатемді менімен өшірісіп,
Мен үшін жазу көшірген.
Сол ғана...
Сол ғана...
Бұны жақсы түсінем.
Менімен өмір жолында,
Ортақ бұйырған несібең.
Тəте!
Өзімшілдігімді кешірген,
ессіз балалыққа балап.
Қалмасам өлең көшінен,
жүргендігімнен ағалап.
Тəте!
Тағдырың жомарт болғай,
қиялың уақыттан озғай.
Аман жүр,
Жүрекке жаққұт жыр жолдай.