Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы: түсірілімдер Ақтауда өтеді

 

Қазақстанда қыркүйек айында қазақстан-қытай бірлескен ірі музыкалық жобаның түсірілімдері басталады. Әнші Димаш Құдайберген бұл жобада атқарушы продюсер ретінде қатыспақ,-деп жазады el24.kz тілшісі, Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Түсірілімдер 8 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін төрт қалада — Түркістан, Алматы, Ақтау және Астанада жүргізіледі.

Жоба әлемнің түкпір-түкпірінен келген вокалистерді біріктіріп, халықаралық аудиторияға Қазақстанның сұлулығын және жаңа музыкалық таланттарын көрсетуді мақсат етеді.

«Hunan TV телеарнасындағы менің жолым осыдан он жыл бұрын «Singer» жобасынан басталды. Бүгін мен жаңа рөлде — халықаралық шоу авторы ретінде оралып отырмын. Бұл мәдени ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып, адамдарды музыка арқылы біріктіреді», — деді Димаш.

Айта кетейік, 2025 жылдың сәуірінде Димаш Ақтауда өткен «Ақтау – түркі әлемінің астанасы» шарасы аясындағы концертке қатысып, көрермендерге ерекше әсер қалдырған еді.

 
 

1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі

 

el24.kz  Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс тағайындау тәжірибесі енгізіледі. Бұл өзгеріс қайталанатын және қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады.

Жаңа жаза кімдерге қолданылады

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық жұмыс мына жағдайларда тағайындалуы мүмкін:

Жол қозғалысы ережесін бір жыл ішінде бірнеше рет бұзу;
Экстрен қызмет көліктеріне жол бермеу фактісін қайта қайталау;
Жаяу жүргіншілердің жол ережесін өрескел бұзып, зардап келтіруі;
Қоғамдық орындарда қайта-қайта ішімдік ішу, мас күйінде жүру;
Ұсақ бұзақылық және қоғамдық тыныштықты бұзу.

Жаза көлемі

Құқық бұзушылықтың түріне қарай қоғамдық жұмыс көлемі 12 сағаттан 100 сағатқа дейін белгіленеді. Мысалы, экстрен қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушіге 40 АЕК (шамамен 157 мың теңге) айыппұлдың орнына 20 сағат қоғамдық жұмыс берілуі мүмкін.

Мақсат – тәртіпті күшейту

Министрлік өкілдері бұл шараның мақсаты – айыппұл төлеу мүмкіндігі жоқ адамдарды қатаң жазалау емес, қайта оларды қоғамдық жұмыс арқылы жауапкершілікке тарту екенін атап өтті. Қоғамдық жұмыс арнайы белгісі бар киімде, тұрғындар көретін орындарда атқарылады.

Теріс қылықтың алдын алу құралы

Жаңа жаза түрі құқық бұзушылық деңгейін төмендетіп, азаматтардың тәртіпке бағынуына әсер етеді деп күтілуде. Қоғамдық жұмыс жазасын орындамаған жағдайда, ол әкімшілік қамауға ауыстырылуы мүмкін.

Жаңа оқу жылы: ата-аналар мен мұғалімдерге не өзгерді

 

el24.kz 2025–2026 оқу жылы қарсаңында еліміздің білім беру саласында бірқатар жаңа өзгерістер енгізілуде.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметінше, биыл оқу бағдарламалары жаңартылып, мұғалімдердің жұмыс жүктемесі мен мектеп формасына қатысты нақты талаптар белгіленді. Бұл өзгерістер оқушыларға да, ата-аналарға да, ұстаздарға да қатысты.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады, 31 мамырда аяқталады. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу аптасы сақталып отыр. Алғашқы жеті күнде олар жеңілдетілген режимде оқиды.

Жаңартылған оқу бағдарламалары негізінде математика, жаратылыстану және қазақ тілі пәндерінің мазмұны тереңдетілді. Сонымен қатар бағалау жүйесі де жеңілдеп, тоқсандық бақылау жұмыстарының саны азайтылды. Енді әр пәннен оқушылар жоба жұмыстары мен практикалық тапсырмаларды көбірек орындайды. Бұл оқушының ойлау, талдау қабілетін арттыруға бағытталған.

Мұғалімдердің апталық жүктемесі кәсіби стандартқа сай қайта қаралды. Енді дәптер тексеру, қосымша сабақ өткізу сияқты жұмыстарға арнайы ақы төленеді.Бұрынан бар жүйе күшейтілді.Электронды журнал жүргізу де жеңілдетілген.

Мектеп формасына қатысты да бірқатар ереже өзгерді. Министрлік ата-аналарға мектеп формасының міндетті екенін, алайда қымбат киім алудың қажеті жоқ екенін ескертті. Форманың түсі мен үлгісін мектеп кеңесі бекітеді. Діни немесе сәндік сипаттағы киім үлгілеріне жол берілмейді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жергілікті әкімдіктер тарапынан мектеп формасы тегін берілуде.

Балабақшаларда электронды кезек пен eGov.kz арқылы өтініш қабылдау жалғасады. Бастауыш сыныптарда цифрлық оқулықтар мен планшет арқылы оқу жүйесі кейбір өңірлерде пилоттық жоба ретінде енгізіледі. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігіне де ерекше мән берілуде.

Министрлік ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға шақырып отыр. Мұғалімдер үшін курстар мен сертификаттау талаптары да жаңартылды.

el24.kz анықтамасы
2025 жылы елімізде 7 700-ден астам мектеп жұмыс істейді. 250-ге жуық жаңа мектеп салынған. 1-сыныпқа 400 мыңнан астам оқушы қабылданады. Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар үлесі 98 пайызға жеткен.

8-қыркүйекте Президент Қазақстан халқына жолдау жасайды

 

el24.kz 8 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл — мемлекет басшысының сегізінші жолдауы.

Оны Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды. Мұны Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Лудомания қасіреті: құмар ойынан қанша қазақстандық жапа шегуде?

 

Қазақстанда құмар ойынға тәуелділік – күн сайын мыңдаған адамның тағдырын тәлкекке түсіріп отырған әлеуметтік дерт. Ойынның шырмауына түскендер тек қаржысынан ғана емес, отбасынан, денсаулығынан, кейде тіпті өмірінен айрылуда. el24.kz тілшісі осы орайда сараптама жүргізіп, зерттеу жасады.

Ажырасулардың себебі – ойынқұмарлық

Ресми статистикада ажырасудың нақты себептері ашылмайды. Дегенмен, депутаттар мен мамандардың айтуынша, елімізде ажырасулардың 40 пайызына дейін құмар ойын тікелей әсер етуі мүмкін. Бұл мәлімет ресми бекітілмесе де, қоғамдағы ахуалды көрсетіп отыр.

Суицид деректері алаңдатады

2024 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 2,1 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оның қаншасы лудомания құрбаны екені бөлек көрсетілмейді. Кей ақпарат көздерінде «құмар ойынның кесірінен жыл сайын жүздеген адам суицид жасайды» деген деректер айтылады, бірақ ресми растауы жоқ.

350 мыңнан астам қазақстандық ойын тұзағында

Әртүрлі ашық дереккөздерге сенсек, елде 350 мыңнан 1 миллионға дейін адам құмар ойыннан зардап шегуде. Тек 2024 жылдың өзінде 130 мыңнан астам азамат eGov мобильді қосымшасы арқылы өздерін құмар ойындарға қатысудан ерікті түрде шектеген. Бұл – мәселенің қаншалықты ауқымды екенін айқын дәлелдейді.

Экономикалық айналым – 1 триллион теңгеден асады

Ойын бизнесінің жылдық қаржылық айналымы 1 триллион теңгеден астам деп бағалануда. Бұл бір жағынан саланың табысын көрсетсе, екінші жағынан – қоғамға түсіп жатқан ауыртпалықтың көлемін білдіреді.

Қорытынды

Лудомания – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Қаржыдан айырғанмен қоймай, отбасыларды ажыратуда, адамдарды тығырыққа тіреп, кейде өмірімен қоштасуға итермелеуде.

Көмек керек болса – хабарласыңыз!
111 – Ұлттық сенім телефоны (балалар мен жастарға арналған)
112 – Шұғыл қызметтер нөмірі
eGov mobile арқылы – құмар ойындарға қатысуды 6 айдан 10 жылға дейін ерікті түрде шектеу қызметі қолжетімді

Кейбір сауда орындарында никап, паранжа кигендерге кіруге тиым салынды

 

Ниқаб пен паранжа кигендерге кейбір сауда орталығына кіруге тыйым салынды. Тіпті кіреберіске арнайы жапсы

Бұл талап құқықты шектеу емес деп санайдрмалар да іліне бастаған- деп хабарлайды el24.kz  тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.ы сенаторлар. Керісінше, заңды әрі қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес деп отыр.

Марат Қожаев, Сенат депутаты:

— Өткен сессияда қоғамдық орындарда бетін толық жабуға тыйым салатын заң қабылданды. Бұл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілген. Сауда орталығы – адам көп жиналатын орын. Сондықтан заңға қайшы емес. Кейін дау туғызғанша, алдын ала ескерткен дұрыс. Алматыдағы сауда орталықтарында бет-әлпетін толық жауып тұратын киіммен кіруге тыйым салынған. Яғни ниқаб, паранжа сияқты бет‑келбетіңді жасыратын киім киіп кіруге рұқсат берілмейді. Депутаттар мұндай шараның барлық көпшілік орындарына да енгізілуін қолдайды.

Арнайы заң талабы ұзақ талқылаудан соң қабылданған. Бұл соңғы жылдары қылмыстық істерде күдіктілердің бетін тұмшалап, жазадан жалтарып кету оқиғаларының алдын алуы үшін де енгізіліп отыр.