Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды.
Бұл туралы Президент 12 сәуірде өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. "Үкімет пен әкімдіктер зардап шеккен адамдарды орналастыру, оларға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс.
Қазір бұл жұмыстар атқарылып жатыр. Эвакуациялық пункттердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау керек. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажет.
Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деді Президент.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.
Президент бірқатар отандасымызды арнайы төсбелгімен марапаттады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:
▪️Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;
▪️ «Қазақстан украиндарының радасы» бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович, «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович «Ел бірлігі» орденімен;
▪️ Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич, Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
▪️Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович, Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич, Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна «Шапағат» медалімен;
▪️Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна, Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич, Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.
Бұған дейін хабарлағанмыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.
Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
Наурыздан бастап қазақстандықтар түрлі вирусқа қарсы екпе алуға міндеттеледі. Бұл туралы Денсаулық министрлігі хабарлаған еді.
Министрлік мәліметінше, енді медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін екпе алуға болады.
Адам папилломасы вирусы туғызған аурулар міндетті профилактикалық екпе жүргізетін аурулардың тізбесіне енгізілді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Massaget.kzке сілтеме жасап.
Міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
-b типті гемофильді инфекция;
-дифтерия;
-көкжөтел;
-қызылша;
-қызамық;
-пневмококк инфекциясы;
- полиомиелит;
- сіреспе;
- туберкулез;
-эпидемиялық паротит;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
- дифтерия;
- көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
- күйдіргі;
-құтырма;
- қызылша;
- қызамық;
- оба;
- сіреспе;
- туляремия;
- тұмау;
- іш сүзегі;
- эпидемиялық паротит.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын ескере отырып, 6 жастағы балаларды (1-сынып) туберкулезге қарсы ревакцинацияланбайды;
Министрлік өкілдерінің айтуынша, профилактикалық екпелерге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті.
Бірақ қазақстандықтар вакцинациядан бас тартуға құқылы. Бұл Кодекстің 77-бабында айтылған.
Республикада профилактикалық екпелер туралы деректерді тіркеу мақсатында "Вакцинация" модулі жұмыс істейді. "Вакцинация" модулі - вакцинациялар туралы деректер қоры.
Денсаулық сақтау министрілігі екпе алатындарға кеңес берді.
"Профилактикалық екпелер туралы ақпаратты ресми және сенімді дереккөздерінен алу қажет. Вакцинациялау туралы ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттар мен аккаунттарда орналастырылады. Сонымен қатар, вакциналар туралы толық ақпарат алу үшін EGU.kz платформасына және вакцинациялау бойынша Call-орталыққа (жедел желі нөмірі 7701) жүгінуге болады", - делінген хабарламада.
Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болды
Атырау облысындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтері өртеніп, екі бала мерт болды.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, өрт туралы бүгін, 25 сәуірде таңғы сағат 05:37-де хабар түскен.
«Өрт 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде тұтанған. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтердің толықтай жанғаны анықталды. Пәтердің жатын бөлмесінен 2014 және 2017 жылғы балалардың өлі денесі табылды.
Балалардың анасы –1995 жылғы әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі ес-түссіз күйде табылды. Олар жедел жәрдем бригадасының көлігімен аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Қазір жалынның тұтану себебін анықтау мақсатында өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жүргізіп жатыр. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толық сөндірілді.
Дереккөз: Kazinform
СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
Атырауда ұсазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Үш әйел алған түркістандық қария тағы үйленгісі келетінін айтты
- Подробности
- Категория: Сырласу
Түркістан облысы Жетісай ауданының 72 жастағы тұрғыны Сапаралы Серікбаев үш әйелінен он ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Үш шаңырақтың балаларын тату-тәтті ұстап отырған қария төртінші рет отбасын құруға қарсы емес. Сапаралы атайдың әкесі де кезінде үш әйел алып, 20 бала өсіргендіктен бұл отбасы "көп әйел" мәселесіне шошына қарамайды.
Аяқтан шығатын сасық иістен қалай арылуға болады
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Аяғыңыздағы сасық иістен арылудың бірнеше тиімді әдісін ұсынамыз. Төменде айтылған әдістерді үй жағдайында жасауға болады.
Астаналық жүргізушілер видеотіркегіш арқылы айына 260 мың теңге табыс таба алады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Астанада жүргізушілер видеотіркегіш арқылы айппұлдардан «табыс таба алады». Бұл ҚР Ішкі істер министрлігінің «ынталандыру» жүйесі енгізілгеннен кейін мүмкін болмақ.
2019 жыл Доңыз жылы деп аталмайтын болды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Түрікменстан билігі Доңыз жылын тойлауға тыйым салды.
Еркек болсаңыз, екі рет тұрмыста болған келіншекті алар ма едіңіз?
- Подробности
- Категория: Сырласу
-
Құрметті оқырман, амансыздар ма! Сіздерден сұрайын дегенім, үшінші 3 рет тұрмысқа шығу дұрыс па? Егер еркек болсаңыз, 2 рет тұрмысқа шыққан қызды алар ма едіңіз? Мен бір қызды білем. Өзі былай жақсы қыз, қолы ашық, күліп жүреді əрі намысшыл.
Күшік бір ай бойы өртенген үйде өз иесін күткен
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Лабрадордың өрт пен дауылға қарамастан иесін күткені туралы құтқарушылар айтты.
Лабрадордың лақап аты – Мэдисон. Ормандағы өрт салдарынан Мэдисонды иелері дер кезінде алып кете алмаған.1 айға жуық уақыттан кейін оралған олар күшікті аман көргендеріне қуанып та таңырқады. Жануар қорғаушылар күшікті иелері келгенге дейін тамақтандырған.Мұз су
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Мұз ерісе су болатыны бәрімізге аян. Ендігі жерде осы тақырыптағы әңгіме барсында «еріген су» деген мағынада қолданайық. Еріген су — дәрі немес дәрумен емес. Еріген судың ағзамыздың өзін өзі басқаруына(реттеуге), зат алмасуды жақсартуға және әрбір жасаушалардың(клетка) өміршең болуына тигізер пайдасы зор.
Адамдардың түрін құбыжыққа айналдырған хирургті сотқа берді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Дәрігердің отасынан кейін кісі шошырлық кейіпке енген жәбірелнушілер оны лицензиясынан айыру үшін, суреттерін жариялады.
Науқастар түр-келбетін адам танымастай етіп, "құбыжыққа" айналдырған пластикалық хирургты сотқа берді. Ондаған жәбірленуші ажарлана түсі үшін және безеу тыртықтарын кетіру үшін арам ниетті дәрігерге сеніп қалған екен.Миға кері әсер ететін 10 нәрсе
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Ми − адам ағзасының ең басты мүшесі. Біз онсыз өмір сүре алмаймыз. Ал бүгінгі таңда, яғни ХХI ғасырда мамандықтардың басым көпшілігі ақылды керек етеді. Сондықтан біз миымызды қорғауымыз керек. Алайда ақыл-ойымызға кері әсерін тигізетін әдеттер бар.
Сүйгенім неке төсегінде пәк болмай шықты…
- Подробности
- Категория: Сырласу
Әлеуметтік желіде жарияланған осы бір мақаланы оқып отырып, көзіме жас алдым. Өйткені төмендегі жай менің де басымнан өткен. Үйлене салып, ажырасқан жандардың бірі менмін.
Жынның тойында қызмет қылған музыкант
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Негізі жындар адамдар арасында өмір сүретін көрінеді. Олар да үйленіп, бала-шағалы болады екен. Бірақ оларды өлмейді деседі. Сонан соң олар адамдардың көзіне көріне бермейді.
Қайыр
- Подробности
- Категория: Проза
(Әңгіме)
Бақтыгүл АУДАНОВА
«А» класты бизнес ұшағының тұмсығы төмен тартып, жер бауырлай бастады. Қара көзілдірігін алып, иллюминаторға үңілгені сол, әлдене жарқ етіп көзін қарықтырды. Алғашқыда көзін аша алмай жұма қойды. Кейін қайта қарады. Батып бара жатқан күннің қызыл шуағына шағылысып әлдебір күмбез жарқырайды. Шіркеу екен деп ойлады. Қайта қарағанда үлкен күмбездің төрт тарапынан тағы төрт күмбез күнмен шағылысып жарқырай көрінді. Мешіт екенін ұқты. Керемет сәулет құрылысының төбесінен қарап таң қалды.
«Ол ешқашан ажыраспайды!». Отбасылы жігітпен «жүрген» Айнұрдың оқиғасы
- Подробности
- Категория: Сырласу
Айнұр әуежайда жұмыс істейді. Екі жыл бұрын күйеуінен ажырасып, ата-анасына ұлымен қайтып келген.
Жасы отызға тақап қалған жас келіншек жеке өмірін басы бос ер-азаматпен жайғастырғысы келетін. Бір күні ол басқа бөлімде жұмыс істейтін әріптесі Нұрболатпен іссапарға барды. Нұрболат өте биязы, жарқын, мейірімді, жомарт жігіт. Нағыз армандағы ер-азамат дерсің. Сол бір аптаға созылған іссапардан кейін екеуін бір-біріне тіл жетпес күш баурап әкетті. Ол Айнұрмен кездесуге сыйлықсыз, гүлсіз келмейтін. Оған Нұрболаттың сүйіспеншілігі, қамқорлығы ұнайтын.
Күндізгі ұйқының пайдасы
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Күндізгі ұйқы қаламайтын адам жоқ шығар. Кейде қатты шаршайтын уақыттарымыз болатын белгілі. Мұндай жағдай ұйқы қанбағанда немесе үздіксіз ой жұмысымен айналысқанда жиі кездесіп жатады. Мұндай мәселенің тексерілген және тиімді емі бар. Ол — күндізгі ұйқы. Ол сіздің ағзаңыздағы көптеген мәселелерді шешуге көмектесе алады.
Страница 147 из 213
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Көктемнің мың бір түні...
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- «Кедейліктің қорлығын-ай. Әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты… »
Соңғы жаңалықтар
- Президент бірқатар отандасымызды арнайы төсбелгімен марапаттады
- Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болды
- «Салақтығынан ұшынып қайттым»: Саудагер жігіт келіншектің сұлулығына алданып қалғанын айтты
- СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
- Қазақстанға әкелінген қызанақ дәнінен қауіпті вирус анықталды
- "Бірнеше миллион теңгеге дейін": желіде біреуге тіл тигізгеніңіз үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
- Президент көп талқыға түскен заңға қол қойды
- Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты
- Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
- Әттең...(Әңгіме)
- Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
- Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
- Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
- Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Президентке есеп берді
- Мұнайлы ауданында Құлсарылықтарды қабылдау жалғасуда
- Қызылорда облысында 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
- Алматыда жас жігітті соққыға жығып, аяусыз тепкілеген күдікті ұсталды
- Петропавлда дәрігерді ұрып, кейін ер адамды пышақтаған жасөспірім сотталды
- Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды
- БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған
Тылсым дүние
Тәуіптер туралы
Бала кезден тәуіп, бақсы, құшынаш, көріпкел дегендерге сенбеймін. Бірақ түрлі себептермен 2-3 рет ол...Сырласу
Ұнатпаған жігітке тұрмысқа шықсам бола ма?
Менің жасым 24-те. 4 жасар ұлым бар. Ажырасып кеткеніме 3 жылдай болды. Тұрақты көңілімнен шығатын ж...Тылсым дүние
Өмірбекті тілден қалдырған қашардағы қара құбыжық
Біз ол кезде 50-60 отбасыдан құралған совхоздың бөлімшесінде тұратынбыз. Совхозға дейінгі аралық 3-4...Сырласу
Қызғаншақ күйеуден шаршадым
Мен -қарапайым ауыл тұрғынымын. Жолдасым бар. Құдай берген екі қыздың ата-анасымыз. Жасымыз елуге ...Тылсым дүние
Үш жасар көріпкел.
Бұл оқиға менің жас кезімде болған еді. Ол кезде мен 18 жастамын. Әлі тұрмысқа шықпағам. Ата-ана...Сырласу
Он мың еркекпен төсектес болған жеңіл жүрісті әйел өз тәжірибесімен бөлісті
Он мыңнан астам ер азаматпен төсектес болып үлгерген жеңіл жүрісті әйел Гвинет Монтенегро өз тәжіриб...Сырласу
Әйелімді де жақсы көремін...
Сәлем «Сырласудың» оқырмандары ! АНОНимді берсеңіздер екен. Сайттың «Кел сырласайық» тобына ...Сырласу
Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады
Қыздарға кеңесӘзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” кітабынан Меңтайдың анасы қызына жаз...Тылсым дүние
Анасының аруағымен тілдескен жігіт
Кішкентай кезімде өзімнен бір-ақ жас үлкен әпкеммен ойыншыққа таласып, жиі ұрысып қалатынмын. С...Сырласу
«Досымның әйеліне үйлендім»: ақтаулық азамат сырымен бөлісті
«Қазақ байыса қатын алады» деген сөз бар. Бұл сөздің жаны бар, өйткені жағдайы жоқ еркекке ешкім ...Тылсым дүние
«Үй иесі» келгенімізді ұнатпады
Бұл бала кезімде болған уақиға еді, - деді Еркін,- мен ол кезде тоғыз жастамын. Әпкем 8 классты біті...Сырласу
Қарт ананың қасiретi
...Əкем қайтыс болған соң анамның да денсаулығы сыр бере бастады. - Бұл үйде не шешең тұрсын, не мен...
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru