Stan.kz ақпараттық агенттігі екінші әйел болып тұрмысқа шыққан қазақстандық жұлдыздардың тізімін ұсынады.
Бокстан жастар арасындағы Азия чемионы, жастар арасындағы әлем чемпионы (2013), жастар арасындағы олимпиада жүлдегері (2014), Ғ.Жарылғапов турнирінің қола жүлдегері (2015), Рио Олимпадасына қатысушы (2016), Ташкентте өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Гамбургте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017) Абылайхан Жүсіповпен сұхбаттасқан едік.
Қымбатты қыз-келіншектер, маған ақыл-кеңестеріңіз керек. Тәп-тәуір отбасым бар, 14 жыл болды тұрмыстамын, 4 балам бар.Құдайға шүкір, жағдайымыз жақсы. Күйеуім мені жақсы көретінін айтып "жаным, күнім "деп еркелетіп отырады, күндіз үйде болса, жанымнан шықпайды, түнде тыныштық бермейді. Бірақ мен оның көзіме шөп салып жүргенін білемін. Бір баласы бар жесір әйелге барып жүргенін, оның кім екенін де білемін. Жұмыс орнына барып әдейі ол келіншекті көрдім, менен еш жері артық емес, қай жеріне қызыққанын түсінбедім.
Тылсым дүние, біз түсіне бермейтін жұмбақ әлем...
Жаратқанның құлдары имандылыққа әр түрлі жолдармен келеді. Бір адамдар туылғаннан иманды, енді біреудің басына таяқ тигенде, теперіш көргенде Тәңірісі есіне түседі.
Ал мен Алланың жолына бір-ақ күнде түскен мына бір жігіт туралы естіген әңгімемді баяндағалы отырмын. Алайда, ол адам Құран оқып, Құдай жолына түсер алдында көрге түсіп-шығуға мәжбүр болған екен.
Оқиға мынадай. «Отырған қыз орнын табады» деген рас қой. Қырыққа қарай аяңдаған бір құрбымызға жаратқанның жақсы бір күнінде құдалар келді. Ескірмейтін ескі дәстүр бойынша қызға сөз айттырып, сырға таға келіпті.
Күйеуге шығайын деп отырған қызды да, қызды алайын де жатқан жігітті де жақсы танитын едік. Осы екі достың бас қосуының өзі де Алланың жазуы деп білетін, өзінше бір хикая.
Стамбулдағы тұрғын үйлердің ортасына әскери тікұшақ құлады.
Мырс етер
Ерсін Ерғалиев
1
Сөйлесіп тұрған екі қарияның бірі: «Жасарудың жолын таптым,- дегеніне елең етіп, еріксіз құлақ түрдім, - «Мен өлең шығара бастадым, таныстар енді мені «жас ақын» деп атай бастады», - десе, екіншісі: «Е, бәсе! Жуырда докторлық дисертация қорғап едім, айналамдағылар мені «Жас доктор» деп айта бастады», - дегенде «адам қартайса жас бала деуші еді» деп еріксіз езу тарттым.
2
Бір күні жаңадан пәтер алған құрдасыма қонысын құттықтауға барсам, ол қалың ойда отыр екен. «Ау, сенің қуанышың қайда?» - десем: «осы ағайындар тілек тілегенде шаңырағың биік болсын, шаңырағың биік болсын деп айта беруші еді, енді міне маған 9-шы қабаттан пәтер тиіп отыр» деп ренішін білдіргені. Мен не айтарымды білмей қалдым.
Біз ол кезде 50-60 отбасыдан құралған совхоздың бөлімшесінде тұратынбыз. Совхозға дейінгі аралық 3-4 шақырым шамасы. Балалар бастауыш класты бөлімшеде оқып, бесінші кластан бастап интернатта жатып, совхоз орталығындағы мектепте оқитын. Интернатта жатып оқитын балалар сенбі күні түстен кейін үйге қайтатынбыз. Демалыс күні түстен кейін интернатқа қайта келеміз. Ол кезде бөлімшеге қатынайтын арнайы көлік болмайтын. Сол себепті көбінесе үйге жаяу барып қайтатынбыз.
Әртүрлі кейіпкерлер туралы әңгімені тыңдап отырған досым «неге сенбейсің, өмір болған соң бәрі де болады, әр оқиғаның өмірде өзіндік прототиптері бар. Мысалы, менің басымнан өткен оқиғаны айтсам оқырман тұрмақ сен де сенбейтін едің» деп өз басындағы жағдайды баян етті.
– Менің қазіргі өмірімді көріп ешкім еш уақытта «сондай» болды деп ойламасы анық. Ұйып отырған отбасым бар, екі баланың әкесі, үлкен шаруа қожалығының иесімін. Қалтамда табақтай екі дипломым да бар. Өзің білесің, ата-анам ерте жол апатынан қайтыс болғанан кейін, нағашы атам мен әжемнің тәрбиесінде болдым. Анам - Күләш нағашыларымның жалғыз қызы болған. Ал әкемнің үйінде төрт ұл. Бірақ, олар бір-біріне өте суық еді. Мені асырап алуға ешқайсысының құлқы болмады.
КТК редакциясына бомба қойылғандығы туралы қоңырау түсті
"Бізде бүгін масқара күн болды. "Сағат түскі 13:00-ге қарай КТК, НТК, Еуразия арналарының ғимаратына бомба қойылған" деген ақпарат түскен кезде, полиция бүкіл қызметкерлерді сыртқа қуалады. Қалпағымды киіп мен де сыртқа қарай қашып бара жатсам, 13:00-ге бес минут қалыпты. Сасқанымнан Ретродағы эфиріме қарай қайта жүгірдім.
Шымкентте жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан полиция қызметкері мерт болды.
Диета
Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.
Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.
Мен кезінде сіздер сияқты журналистердің ортасында жұмыс істедім, яғни бір басылымда бас бухгалтер қызметін атқардым. Ол газет қазір жоқ. Мен Мираспен сонда таныстым.
...Өзім жайлы айта кетсем, екі бірдей институт тәмамдаған едім. Ата-анам ұл-қыздарының білімді болуларын қалады. Соған бар күштерін салды. Үміттерін ақтадым, екеуін де қызыл дипломмен бітірдім. Бірақ тұйықтау болғандықтан ба, қатардағы бухгалтер мамандығынан аса алмадым. Бірақ, мақтанғаным емес, ұжымның бетке ұстар қызметкерімін. Ол – шындық. Өзім – алматылықпын. Қазақша оқыдым. Ауылдың баласына тұрмысқа шыққан едім.
1996 жылы мен Атбасарда емшілікпен айналысып жүрген Алмас әулие дегенмен кездесіп, сөйлестім. Одан ем қабылдаған біреу «несін айтасың, ауруыңды әп-сәтте жұлып алады екен» деп аузының суы құри мақтады. Осыны естіп, сол тұста халық емшілері туралы жазып жүрген мен жұрттар әулие атаған әлгі азаматпен кездескім келді.
Алмас есімді емші жасы отыздардағы қырғыз жігіті екен. Қырғызыстанда туып өскен, сол елде тұрады. Өзінің айтуынша, екі рет өліп, тіріліпті. Алғашқы өлгенінде, ол кезде кеңес заманы екен, бір тәуліктей жатып, жерлеуге дайындап жатқанда тірілген. Оның айтуынша, оқиға былай болған.
Страница 151 из 213
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru