Кей еркектің қылығы төбе шашыңды тік тұрғызардай
- Подробности
- Категория: Сырласу
Затымыз әйел болғасын әйелдермен әңгімелесіп, сыр бөлісіп жүреміз ғой. Сондай әңгімелерден байқағаным, көп отбасыларда әдетте үйдің бар жауапкершілігін әйелдер арқалайды екен. Үй салу, той жасау, қара қазан мен сары баланың қамын да бүгінде әйелдер ойлайтын болыпты. Тіпті денсаулығын құртып, өмірін сарп еткендерді де көріп жүрміз. Сондай отбасылардағы еркектің жауапкершілігі қайда? Жатыпішер, масыл ер қайдан шығады деген сұрақ көкейді еріксіз мазалайды екен. Сөзім құрғақ болмас үшін өзім сырына қанық әйелдердің өмірлері жайлы жазуды жөн көрдім.
Бейіт басындағы жұмбақ шал
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
-Әкем айтқан сол бір әңгіме мен өзім куә болған мына бір оқиға қанша жылдар өтсе де ойымнан кетпестей орнығып қалды,-деді нағашым (марқұм) менің тылсым жайлар туралы білгім келген ниетімді аңғарғаннан кейін.
Денис Теннің өліміне қытысты күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Атышулы іс бойынша барлық үш күдікті үшін де қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.
Алматыда Денис Теннің өліміне күдіктілер 23 қазанға дейін қамауда отыратын болды. «Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты 11-12 қыркүйекте арнайы қаулы шығарды.
Күйеуімді тастап кеткен көңілдесіне риза болдым
- Подробности
- Категория: Сырласу
Күйеуімді бір көргеннен ұнаттым деп айта алмаймын. Қазанның түпкі күйесі сияқты қаралығы мені шошынтқан басында. Жүре-бара оның бойынан өзіме ұнайтын қасиеттерді біле бастадым. Әсіресе сөзге шеберлігі ұнайтын. Өзім аса сөзшең емеспін. Көп жерде ақымды жегізіп, сөз қайтара алмайтын босбелбеулігімнен көп жапа шегуші ем. Менің ақымды сол алып беретіндей-ақ көңілім құлады да тұрды.
Күніне үш шынаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді тісжегіден қорғайсыз
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Күніне үш шынаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді түрлі аурулардан қорғай аласыз. Себебі, қара шай стрептококка және лактобактерия деп аталатын дертке шалдықтыратын екі түрлі бактерия мен тісжегіден қорғайды дейді ғалымдар.
Тіс дәрігерлері бұл бактериялар қызыл иекті зақымдайды деп отыр. Алайда, зерттеу тобының жетекшісі доктор Кэрри Ракстон күнделікті ішетін шай көлемі 3-4 кеседен аспауы тиіс екендігін алға тартты.
Аспириннің пайдасы мол
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.
Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.
Секс-қуыршаққа тапсырыс берген жігіт соттың алдынан бір-ақ шықты
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Британдық азамат жалғыздық сезімінен құтылмақ болып, Қытайдан секс-қуыршаққа тапсырыс берген. Алайда ол өте кішкентай болып шыққан деп хабарлайды korrespondent.netсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
29 жастағы Натан Уоттс қуыршаққа тапсырыс беремін деп, басы дауға қалды. Шекара қызметкерлері ойыншықты тексере келе, оны педофилдерге арналған деп шешім шығарған. Сонымен аталмыш іс сотқа өтіп, азамат төрешінің алдынан бір-ақ шыққан.
Канелоның допингпен ұсталғаны рас па?
- Подробности
- Категория: Спорт жаңалықтары
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Сауль Альварес «Канелоның» допингпен ұсталуы туралы ақпаратты теріске шығарды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Анамды аяймын...
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сəлем, "Сырласу" клубы! Айтсаң жамансың, айтпасаң надансың. Үйдегі сүт кенжеміздің қылығынан қажып біттік. Тоқсан екінші жылы туғанымен тоғыз жасар қыздың ақылы жоқ. Адам ретінде айтқан ақылды құлағына ілмейді. Ауылдағы қолы бостармен қосылып, арақ ішіп жүреді. Арақ ішкен адамда абырой қайдан болсын?!
Бомж
- Подробности
- Категория: Проза
Өзін-өзі құрбандыққа шалған адам
- Подробности
- Категория: Проза
Шырқыраған телефон дауысынан оянып кеттім. Таң қылаң иектеп атып келеді екен. Халатымды желбегей жамылып қонақ бөлмесіндегі телефон трубкасын нарау көтердім.- Алло, қайырлы таң, құрбан айт құтты болсын!- Бірге болсын-дедім есіней отырып.- Бұл мен, сенің бала күніңдегі құрдасың, жас күніңдегі сырласың, отыз жасыңда досың, қырық жасыңда қасың болған Анық. Мен аз-кем үнсіз қалдым. Саңқылдаған дауысынан Анық екенін таныдым.- Ау, Қалеке, неге үнсіз қалдың. Білем, маған деген өкпең қара қазандай әрі ессіз адамдай таң атпастан қоңырау шалып мазаңды алып отырмын.
WhatsApp мессенджерінің түсі өзгереді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
WhatsApp мессенджерінің өкілдері алдағы уақытта қосымша жаңаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды //Tengrinews.kz тілшісі Wccftech басылымына сілтеме жасап.
Головкин бокстан кету туралы сұраққа жауап берді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Boxingtalk.com порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымтасына қатысты бірнеше сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Тұздалған қырыққабаттың сығылған суынан 1 литр алып, оған 400 грамм зәйтүн майын қосады. Сосын 4 дана лимонды сығып, шырынын қоса араластыру керек.
Страница 189 из 234
Соңғы жаңалықтар
- Азияда «Омикрон» өршіді — вакцина егу қайта басталуы мүмкін
- Сиыр еті неге қымбаттады?
- Шерзат Полат ісі: 22 мамырдағы сот отырысында не белгілі болды?
- Жасанды интеллект: Құнды көмекші ме, қауіпті құрал ма?
- Полиция заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты: төлқұжаттар, мөрлер мен ақша тәркіленді
- Ақмола облысында қылмыстық топ әлсіз адамдардың атынан миллиондап несие алған
- 25 мамырдан бастап тіркелмеген телефондар бұғаттала бастайды: Не білу керек?
- Ақтауда көлік апатынан екі бала жансақтау бөліміне түсті
- 15-17- мамыр аралығында ауа райы болжамы
- 9 Мамыр – Жеңіс күні: Естен кетпес ерлік пен мәңгілік тағзым
- Bloop дыбысы туралы не білеміз?
- Польшадан алаяқтық жасады деген күдікті, Қазақстанға қайтарылды
- Алматыда полицей әйелін пышақтап өлтірген
- Күйеуім қыз-қырқынға құмар
- Каспийде итбалықтар қырылып жатыр, 88 өлексе табылды
- Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогерге қатысты сот ісі басталды
- Бауырды, өт жолдарын, қан тамырларын тазарту жолдары
- Шерзат Полат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында не белгілі болды?
- Жасанды интеллекттен адамзатқа қәуіп бар ма?
- Шымкентте улы жыландар қаптады: Тұрғындар абай болу керек
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru