новелла

Енді ол маған қарап сөйлемейді.Күндегідей « Балам !»деп өтініш те айтпайды.Күндегідей анау істелмей қалды.Мынау жасалуы тиіс еді,жетіспей жатырмын деп  уайымдамайды да...

    Тірліктің  қым –қуыт қамытын мойнына киіп, әкесіз мені өсірді.Сабаққа бастауыш сыныптан соң ынтам болмады.Анам қанша желкелеп оқытса да,оқуға мойным жар бермеді.

Әупірімдеп тоғызыншы сыныпты біткергесін анам коммерциялық колледжге оқуға түсірді.Айтатыны мен оқи алмай қалдым.Енді сен де қатарыңнан кем болма.Қара жұмыс істеп,өзіңдей адамның  астамси қарағанын көрмегейсің, ұлым.Ол өте ауыр нәрсе.Оқы, қолыңда дипломың болса,әйтеуір жерде қалмассың.Бір жерге жұмыс іздеп барсаң да тіліңе тиек болады ғой деуші еді.Жоқ,мен ол кезде ештеңені ойламадым.Сабаққа сол  құлқым болмады.Бірдеңені істей салшы балам десе,компьютерден басымды көтергім келмей тыңдамайтынмын.Ұрысса одан сайын қасарысып қалушы едім.Кейде тіпті жалынатын «Балам мен үлгермей жатырмын көмектесе сал»дейтін.Сонда да іштегі бір қырсық мінезім жібермейтін.

Соңғы рет қатты жылады. «Балам қарғамаймын.Бірақ...ертең балалы болғанда бәрін түсінесің,қазір ананың қадірін білмейсің ғой»деді.Сонда да жібімедім. «Мұндай ойсыз болармысың»деді , налына.Маған сөз әсер етпеді.Содан кейін үндемей үйден шығып кеткен.Арада қанша уақыт өткенін білмеймін.Басымды көтерсем түнгі он.Ал анам үйде жоқ болатын.Қарным ашты.Жейтін бірдеңе іздедім.Стол үстіне дайындап қойған тамақты көрдім.Бірақ өзі ауыз да тимепті.Тамағымды ішіп алып,келіп қалар дедім де тағы сол компьютермен болып кеттім.Жоқ.Түнгі он екі болып барады.Бұрын бір жаққа кетсе айтып кетуші еді.Әрі мұншалықты кешіккенін көрмеппін.Енді ғана алаңдай бастадым.Түнгі сағат бірге шамаласқанда барып анамның телефонынан қоңырау түсті.Жалма –жан  көтеріп  «қайда жүрсіз осы уақытқа дейін?»дедім зілдене.Сөйтсем ар жақта дауыс  анамның даусына мүлде ұқсамайды.Сіз кімі боласыз, осы номердегі кісінің?- деп сұрады ар жақтағы кісі.Мен ...мен ұлымын дедім,қапелімде кекештене бір жамандықты сезіне.Бес сағаттан бері ажалмен арпалысып анаңды алып қала  алмадық.Көшеде көлік қағып кеткен.Қатты соққыдан ес жимастан үзіліп кетті.Телефонда «балам» деп тұрған бірінші номерге қоңырау соғып тұрғанымыз осы деді де,  трубканы қойып тастады.

Аспан айналып жерге түскендей күй кештім.Неге?- дедім аласұра.Неге мені тастап кеттің апа?Мені кімге қалдырып кеттің?Күндегідей  мені жұмсашы.Маған ұрысшы.Тек ана жаққа кетпеші деп жыласам да, енді кеш еді.

Аппақ жүзі көгіс тартып,сұп –суық жансыз денені құшақтап көз жасымды төккеніммен,енді оған бәрі -бір еді. Енді маған «балам» деп ешқашан айтпайды.Енді  ешқашан «жетіспей жатырмын» да демейді.Оған енді ештеңе керек емес.Ештеңе...

     Жансерік Жанболат