Болған оқиға желісімен...

Жалғасы

Ғани Әлихан 


Соңғы үш айда араққа қатты салынған Айдардың маған берер көмегі шамалы еді.(негізі мен барымды салғанда ол мүлдем ішпеуі де мүмкін еді -деп өз кінəсін сөз арасында мойындап та қойды) Ішкен еркек кімге керек үйге келіп, тамақ-шəйімді дайындап алып, өзім қыздарыммен отырып ішіп-жеп жатып қалатынды шығардым.

   Бұрынғыдай жаным ашып жақ ашпайтын болдым.Ішпе, деп те айтпадым,жылы сөз де сөйлемедім.Керісінше сезімім сөніп күннен-күнге Айдарға деген жиіркенішім асқына берді.Ол кезде бірге тұрып жатқанымызға төрт жылдай болған еді.Ал соңғы үш-төрт айда тіпті бір төсекке жату былай тұрсын ,мүлдем хал сұрасудан қалдық .Шыдамым бітіп бір күні Айдардың ауылдағы əке-шешесін шақырдым. Елулерге таяп қалған үлкен жеңгесімен өзім қатарлас ең кіші қарындасы келді.
- Алып кетіңдер !Маған мұндай алқаш бай керек емес! - дедім.
- Келінжан олай болмайды ғой –дей берген жеңгесіне :
- Артық сөз керек емес,алып кетіңдер, əйтпесе милицияға тапсырып жіберемін-деп қоқан-лоқы көрсеттім.
Амалы таусылған екеуі сыртта отырған қайнағамды шақырып Айдарды сүйемелдеп шығып бара жатты.Мен болсам алдын ала дайындап қойған киімдерін сумкаға салып қолдарына ұстаттым.Осылайша үш жылдан көп отасқан үшінші күйеуімнен де ажырасып тындым.
Өз еңбегіммен тапқан ақшама базар маңынан үш бөлмелі үй алған болатынмын. Соны жақсы жөндеуден өтіріп болып бір күні əке-шешемді,туған-туысқандарымды шақырып үлкен қызымның мектепке баруын жасап мəз-мейрам боп жаттық Əкемнің де жүзіне күлкі үйіріліп қабағы ашыла бастаған еді.Барымды қойып шыр-пырым шығып жүгіріп жүріп əкемнің оң көзбен қарағанына қатты қуандым.Қуанғаным соншалық ертесіне, бəрінде жеке машинама отырғызып ауылға апардым.Бұл менің амалын тауып əкемнің үйіне қалай болғанда да бір барудың жолы еді.Жəне де ол кезде машинаны емін-еркін жүргізе бастаған кезім болатын.

Үйден шығып қайтуға дайындалып жатқанда əкем маған: қызым жалғыздық құдайға ғана жарасқан теңіңді тауып тұрмысқа шығып жатсаң ,менің қарсылығым жоқ.Сен əлі жассың тек əркімнің бір жетегінде кетпегейсің, айтарым осы деді.
Міне əкемнің осы сөзі менің төртінші рет күйеуге шығуыма түрткі болды.Арысқа келген соң ,жан-жағыма көз сала бастадым.Не көп жігіт көп.Бірақ бірі анау, бірі мынау əйтеуір күн көру үшін базар жағалағандар.Осылайша теңімді таппай алты ай сандалдым. Ол кездің телефондарында "агент" деген болды.Сол арқылы бірнеше жігітпен танысып-кездесіп те үлгірдім.Ұнамағанына сол жерде жауабын беріп жүрдім, ұнағандарымен бір түн жатып қайтып таппай алданып қалып жүрдім.Осылайша жолым болмай жалғыздан жалғыз жүріп алдым.Сөйтіп жүргенде көктем шықты.Үш бөлмеге тағы да бір бөлме қосу үшін жұмысшылар іздеп сұрастыра бастадым.Елшілік қой бригадам бар деп ,бір жігіт қоңырау соқты.Əдірісімді айтып күтіп алдым,қарасам əп-əдемі, сымбатты, өзі жап-жас жігіт екен,бір көргеннен-ақ қатты ұнады.Ең бастысы оғаш мінезі жоқ, қой аузынан шөп алмайтын жуас жігіт.Өзі менен екі жасқа кішкентай Өзбекстаннан көшіп келген оралман  жігіт.
Не болсада осы жігітті құрығыма түсіруді ойладым.Материал десе машинама мінгізіп алып базарға апарамын, кешке үйіне өзім жеткізіп саламын ,тіпті таңертең өзім үйіне барып əкелетінді шығардым.Жомарттығым ұстап ақшаны алдын ала беріп, жолым болсын деп тілеп жүріп, соңында құрықтап тындым.
  Жас баланың аты жас қой. Біріншіден төсегімде құмарымды қандырса,екіншіден тірлігімде көмекші қолғабысым болды.Енді қалай болмасын осы жігітпен заңды түрде некеге тұруды ойластыра бастадым.Некеге тұруға ешқандай қарсылығы да жоқ еді ,тек құжаттары жөнге келмей қатты қиналдым.Себебі ол Қазақстанның заңды азаматы емес болатын.Мен болсам осы жігіттен қайткенде де айрылмауды ойлап ,бала туып алуды жоспарлай бастадым.Сол оймен жүріп сақинамды алдырып көтеріп те қойдым.
Қуанғанымнан төбем көкке жетті .Себебі енді болды, осы жігіттен айрылмаймын осы жігіт менің соңғы күйеуім болады деп ойладым.Ойламай қайтейін бірге тұрып жатқанымызға бір жылдай уақыт болған еді.Бұл енді екі мың алтыншы жыл болатын...

    Қазақстанды Қағазстан дейтіндей бар ғой. Мына байымның құжаттары бітпей көп жүріп алды.Жыл өтіп менің де ай-күнім жақындай түсті. Ал бұл құжаттың соңы, үлкен дау-дамайға ұласты.Осы ұзақ жақыннан қоныс аударған қандастарымызға қаржылай көмек көрсетіледі екен,сол ақшаны алу үшін (арада жүрген посредниктерге) ақша төлейді екен. Сол алаяқ істі болып, не ақша жоқ, не құжат жоқ менің байсымағым далада қалды.Жалғыз ол емес жүздеген отбасы құжатсыз үйсіз-күйсіз қалды.Бұл өз кезегінде бүткіл облыстың көші-қон басқармасына тексеру жүргізіп тіпті жəрдемақыны тоқтатып тастауға дейін барды.Бізді күтетін құдайдың құдіреті ма еді, айым күнім жетіп бір күні менде Еркінбектің ұлын дүниеге əкелдім.Бұл менің некесіз туған үшінші балам еді.Сонымен не керек бұл баламды да өз атыма жазуға мəжбүр болып,бар əкесі жоққа шығып əкесіз атанды.
    Бірақ бел баласын дүниеге əкелсем де, бала туылған соң байсымағым қатты өзгерді.Өзгергені сонша тіпті амалсыз жүрген кəпірдің күйін кешті.Өзіме суық қарағаны бір бөлек , өз баласына өзі үрпие қарайтынды шығарды.
   Əрине бұл қылығы менің ашуымды туғызбай тұрмады.Мен де ашу шақырып, дауыс көтере сөйлеп “өзбек” дейтінді шығардым.Кімсің қаңғып келгенсің дейтін болдым.Бұрынғы əдетіме басып айқайға салдым.Аттың басын базарда болса базарда ,үйде болса үйде жіберетін болдым.
( осы мінезің ғой бай бұйырмай жүргені əйтпесе əп-əдемі қазақтың қызысың ғой дегеніме : Еркектен қатты көңілім қалған оның үстіне жүйкем де жұқарған ғой деп жауап беріп темекісін тұтатты)
   “Ұраберсең құдай да өледі” демекші қашанғы шыдасын бір түнде Еркінбегімде зым-зия жоқ болды.Мен іздей қоймадым ,ол келмеді ,сол кеткеннен мол кетіп қарасы батып қайтып көрмедім.Келмесе қойсын оның маған қажеті де жоқ дедім.Себебі жөндеуден өткен жаңа үйім бар,кішігірім бизнесім бар, қызым-ұлым бар болатын.Осылайша төртінші байдан да қайыр болмады.Алайда маңдайыма бай тұрақтамағанына мен қатты өкіне қоймадым.Тек анда- санда əкемнен қорыққаным болмаса, байға тие салу, кете салу деген мен үшін түкке тұрмайтындай көрінетін....
Осылайша күндер зулап өтіп жатты.Қатарлас екі қызым екеуі де ерте есейіп ,үй тіршілігін өз қолдарына ала бастады.Ұл шапқылап өзімен- өзі ойнайтын ойын баласына айналды.Мен болсам сол баяғы бизнесімді айналдырып машинаның жаңасын алып6 өмірімді сүре бердім.Сөйтіп жүргенде жасым отызға жетті.
 Сонда ғана мен қатты ойлана бастадым.Қыз кісінікі деген, үйге қонақ6 демек бір күні кетеді.Ұлым болса енді беске толады.Үйленем дегенше əлі жиырма жыл бар.Неге маған бай тауып 6тағы да бір рет бағымды сынап көрмеске.Отыз деген не ,жас  сұлулығым сыр бермегені тағы бар.Оның үстіне бай көрмегелі қай заман.Көшеден кездескен көлденең көк аттылардан не пайда.Сондай-ақ не шықса біздің Шымкенттен шығатыны тағы белгілі.Айдын күннің аманында үш жүз баланы айықпас ауруға айналдырған да осы біздің Шымкент.Мұндай-мұндай сұмдықтарың тағы бар.
  Қой бұлай жүре бергенім жарамас ,енді не болсада бір еркектің етегінен ұстайын деп шештім.Бірақ проблема сол баяғы бір проблема, міңгірлеп жүрген еркек көп ,қолдарында көк тиын жоқ .Жақындай кетсең тек жағдай айтып денсаулығың үшін ғана деп аузын қу шөппен сүртетін сорлылар.Ал жағдайы бар жігіттер, ерні кеседен басқаға тимеген жас қыздар тұрғанда, үш баласы бар мені неғылсын,мен олар үшін əлдеқашан дəуренім өтіп ,просроченный боп пенсияға кеткем.Осылайша жолым болмай,теңім табылмай көп жүрдім.Сөйтіп жүргенде құдай маған қазіргі Əуіпбайымды терезеден тастай салмасы барма...

   Ұлымның мектеп табалдырығын аттаған күнді менің де өз бақытымды тапқан күнім десем болады.Себебі ата анаға баласының мектепке баруы қуаныш қой. Мен де сол күні үстіме барымды іліп ,ұлымды алып мектепке бардым.Енді бұл бұрынғы мен оқыған ескі мектеп емес ,екі жылда соғылып біткен ,алғашқы оқушыларды қабылдап жатқан жаңа мектеп еді.Осы жерде қазіргі күйеуіммен (Алладан тілерім осы соңғым болғай деп қосып қойды) кездейсоқ таныстым.Жасы менен біршама үлкен болсада тартымды келген келісті кісі.Таныса келе ол менен он төрт жасқа үлкендігін əйелі қайтып екі ұлмен қалғандығын айтты.Жас айырмамыз болмаса былайша əбестігі жоқ жəйбарақат сабырлы көпті көрген адам екені көрініп тұр. Кет əрі еместігімнен болар сұрағаннан-ақ əп-сəтте өз номерімді беріп оның номерін алып үлгірдім.
  Сөйлегенде сөзі жұмсақ ұсақтап сөйлейтін осы кісімен арамыз жақындай түсті .Өзі Тараз қаласының тумасы. Шымкентте су ресурстарын  реттеу агенттігінде жұмыс істейтін болып шықты.Қысқасы сол күні кеште-ақ, бұл кісі қоңырау соғып кездескісі келетінін айтты.Əрине менің де тілегенім осы емес пе, сонда да ыңғайсыз емес пе, бір көрген адамым шақырғанға бара салғаным жарамас, қазақтың ауылдан шыққан қызымын-деп сызылып сынбаған сыңай таныттым.Ол енді сөзін ұсақтап отырып жалынуды бастады.Мен болсам қанша жерден барғым келіп тұрсада, қипақтап, қашқақтап алда əлі өмір бар екенін айтып, мүмкін кездесерміз деп үміттендіріп тұрып алдым.Іштей ұшып барғым келіп-ақ тұр ,тұтқаны қоя салмаса екен деп, алаңдап қорқып тұрған жəйім тағы бар ,жарайды барайын алайда "без лишних движений" деп қойып қалдым.

   Əрине деп қуанып келісе кетті.
Содан не керек екі сағаттан соң үстіме барымды іліп, машинамды мініп межелі жерге жетіп бардым .Ең бастысы əңгімесі түзу ,ыржаңдап қалжыңдап ананы- мынаны айтатын кісі емес. Менің де іздегенім осындай адам болатын ,ақылын тыңдап болып ойланып көрейін деп уəдемді бердім.Уəдемді бермей қайтем ішіп-жеп отырып телефоны безілдеп ,біреулермен  сөйлесіп қояды содан-ақ қандай да бір жұмыста, столда отырған мансабы бар кісі екенін аңғардым.Біраз отырып тарқайтын кез жетіп қызық сонда болды.
- Жеткізіп тастайын -деп сызылдым.
- Жоқ рахмет мені машинам күтіп тұр -демесі барма. 
Қара жаяу жүрген сияқты еді машинасы несі?- деп қоямын. Сонда да сыр бермеген боп сыртқа шықсақ масқарааа дəу қара Джип күтіп тұр.Есімді жия алмай аңырап тұрып қалдым.Ол болса машинасының артқы есігін ашып тұрып :” бүгінше мен қонақпын, сол үшінде сен мені шығарып сал, келесіде Шымкентке шақырам кездесеміз, сонда мен сені шығарып салам.Ал енді барда ойлан бірақ сенің жауабың сондай болсын екеуміз бірге болатын болайық”- деді де машинаға отырды.

   Мен оған амансау жетіп алуын тілепақ жол деп басымды изей бердім.
Не деген адам мынау қайдан ғана пайда болды .Əлде бай шыдамаған маған бұл кісі Алланың жібергенсыйыма екен ?-деп қоямын.
Есім кетті ,түнімен көз ілмедім. Ұнамай қалдым ба?- екен деп тағы қорықтым.Неге қоңырау соқпайды екен ,тым болмаса аман сау үйіңе жетіп алдың ба?- деп қоңырау соқса ғой деп армандадым.Болмаса өзім соқсамба екен.Жоқ ол ұят оған өзім қоңырау соғуға менің намысым жібермейді ,намыстан да бұрын мен жайлы жаман ойлап қалса ше ? Осылайша өз ойыммен өзім арпалысып ұйқым қашты.
  Өзі кеткеніне қанша болды. Шымкентке жететін уақыты болды ма екен? Жетіп алса соғар -деген үмітпен отырып таң атты.Ал Əуіпбайдан əлі хабар жоқ құрып кетті.Осы түнді көз ілмей өтірдім, екі көзім телефонда отырып ұлымды оятып тамағын бердім.Сонан киіндірдім де мектепке апардым.Бірақ тағатсыздана күтіп телефонға үңілумен болдым.Ақыл естен айрыла бастадым.
Кенет міне телефон шырылдады өлəəə қоңырау соғып жатқан сол Əуіпбайым.Тұтқаны қалай көтергенімді білмей қалдым.

 -Алло! Сəлем! Қалайсың ?Жақсы жатып жайлы тұрдыңба?Аман сау жетіп алдың ба? Балдар қалай?- деп сұрап жатты.Мен болсам шүкір бəрі жақсы бірақ аман саулықты түстен кейін емес азанда сұраушы еді ғой ағасы- деп бұртидым.Ол болса жұмыс қой менде, өзің неге қоңырау соқпадың? Сен мені тіпті таңғы қоңырауыңмен оятсаң да жарасушы еді ғой -деп айтып салды.
Осылайша алғашқы қоңырауды ол жасады.Бірақ бұл маған өз кезегінде менің Əуіпбайыма қалаған кезімде қоңырау соғуға мүмкіндік берді.

Екі ай жүріп үйлендік. Шымкентке талай бардым.Екі ұлы бар, екеуі де үйленбеген ірақ екеуінің де өз жұмыстары ,өз үйлері бар.Жағдайларын жасап қойған.Енді тек қана менің үйімді сатып ,осында көшіп келуғана қалды.Себебі аптаның соңы жұма күні келеді, дүйсенбі күні таңмен қайта кетеді.Шаршаған болуы керек.Сəл күн өтпей бұлай жүре беруге болмайтынын айтып жаңа жылға дейін Шымкентке көшіріп алды.
Шымда жыл тұрып енді үйреніскенім сол екен, жұмысы Астанаға ауысты,былайша айтқанда жоғарылады.Осылайша Арыстан шығып Шымқалалық, одан Астаналық боп шыға келдім.Қазір екі ортадамын изнес деп жүгіріп жүрген жайым бар.Екі қызым екеуі де студент, ұлым ауылда əке-шешемнің қолында ,өткеніме өкінбеймін, өмір бір орында тұрмайды,қыздарымды қияға ұлымды ұяға қондырсам болды.Тек осы Əуіпбайым аман болғай деп жолсерігім сөзін аяқтады...

Соңы