Болған оқиға желісімен...

Ғани Әлихан

Бүгінгі таңғы ас бәрінен де ерекше болды . Өйткені бір үстелде бірге отырып тамақ ішіп көрмеген Болатым жанымда отыр . Отырғанда жәй отырмай , ананы - мынаны аузыма тосып , өліп - өшіп отыр . Кеше ғана қабағына қар жауған қатал адам, бүгін кеп неге сонша қамқоршы бола қалды бұл ?

Сорлы , мына қыздың ішінде менің бел балам бар деп ойлап отырған шығар . Әйтеуір қатты өзгеріп сала берді . Әшейінде жақ ашпайтын жұмыр адам , бүгін таң атпай жадырап - жайнап отыр . Ананы мынаны айтып , айналып толғанып болып отыр . Не деседе , бұл сорлы мен үшін Оралханның тырнағынада татымайды - ау . Соны өзі біле ме екен десеңші . Білмейді ғой білмейді . Білмей ақ та қойсын. Ал мен ішкі жан дүниеммен арпалысқаным қашан . Қолда барда қоныштан басайын . Осы бүгін барып қаладағы үйін көрейін . Сонан соң анашымды сағындым деп ауылға барып келейін . Мына сорлы емпілдеп отырғанда осы ойымды айтып дегеніме көндірейін .

 - Жаан , мен ертең үйге барып келмесем болмайды . Жіберші , ары кетсе төрт - бес күнге , жоқ демеші азғана күн ғой . Анашымды қатты сағынып жүрмін . Соңғы күндері түсіме жиі - жиі кіретін болып жүр . Үйдегі бауырларымды да сағындым . Папам ол да бар , оны да сағындым . Мен енді сенен ешқайда да кетпеймін ғой . Сен менікісің , мен сенікімін дей бергенімде Болатым құрақ ұшты .

 - Жаным менің , жаным сол . О не дегенің? Сен мұнда қамауда жүрген жоқсың ғой . Барғың келсе барып келе ғой . Бірақ бүгін - ақ больницаға баршы .Менің құлағыма қуанышты жаңалығымды жеткізші . Сосын сүйіншіңе не сұрасаң соны аласың ғой . Ал сол баланы өмірге әкелген күні мына дүниенің бәрі сенікі . Айттым бітті , уәдем уәде жаным , дей бергенінде аспазшы апайым асханаға кіріп келді . Оны көрген Болатым сап тыйылып басын төмен салды . Қысқасы екеуміздің әңгімеміз осымен бітті . Қалғанын енді өз бөлмемізге барып жалғастырмасақ мұнда қажеті жоқ .

Мін осыдан соң іштей күбірлеп барып “әумин” деп бетін сипаған Болатым мені қолымнан тарта түсті . Соңынан еріп отырып өз бөлмемізге жеткенде барып әңгімесін қайта бастады .

 - Жаным менің  , айттым ғой бүгін больницаға баршы . Тағатым кетіп төзімім таусылып барады -дейді мені қапсыра құшақтап . Оның айтқанына бара қоятын менмін ба ?

 - Бүгін қайдағы больница , больницаға адам шәй - тамағын ішпей баруы керек емес пе ? Оның үстіне бүгін демалыс . Онан да мені қаладағы пәтеріңді көруге жібер . Сонда барып көргім кеп тұр . Өйткені мақтауын өзің жетірдің ғой . Больница ешқайда қашпайды- дедім мен де құшағына тығылып . Аңқау аңғалдығы емес пе? :

 -  Ия , ия жаным , қазір мен күзетшіге айтайын . Сені апарып , көрсетіп келсін . Тек таксимен бара салыңдар . Мына машинамен қайта - қайта көшеге шыға бермеңдерші . Жаным сол . Такси дұрыс деп терезені ашып “күзет” -деп айқайға басты . Арадан минут өтпей ентіге басып жеткен екі күзетші бастары салбырап біздің бөлменің алдында тұрды . Бұл бүгінгі күзетті тапсырып жатқан Оралханмен оның қосшысы Наркен деген жігіт еді . Кешегі мені қалаға апарып келген міне осы Наркен деген жігіт . Атын кеше өзінен сұрап біліп алғанмын . Жас шамасы отыздардағы , алып денелі , қараторы жігіт . Бұл да сол сен тұр мен атайынның бірі екені , түрінен көрініп тұр . Негізі Болатттың айналасында жәй жүріп сылтып басатын әумесер жоқ . Бәрі де осындай төртбақ келген ірі денелі қазақтың жап - жас жігіттері .Бәрінің де бірі - бірімен жас шамалары қарайлас жігіттер . Ұзын сөздің қысқасы менің таңдауым Оралханда емеспе , ал Болат болса екеуіне бірдей алдағы жұмысын түсіндіріп жатыр . Айтуынша , мені қаладағы үйіне апаруы керек . Онан сыртқы есікті ашып - жауып көрсетіп беруі керек . Онан лифтті қалай қолданамын , оны көрсетуі керек . Тіпті өз пәтерімнің есігін қалай ашып жабамын түсіндіріп көрсетіп беруі керек . Ал ішке кірген соң , асханадағы ас дайындайтын құралдарды қалай қосып өшіреді , оны да көрсетуі керек . Сосын ең маңыздысы үйдегі интернетпен үй күзететін камераларды қалай қосып ағытады , соны үйретуі керек . Қысқасы кешке дейін сендерге уақыт беремін . Қайсың барасың оны өздерің білесің , ал қазір барып біреуің такси шақырыңдар , енді боссыңдар деп қоя берді . Мына бұйрыққа бастарын изеген екеуі сыртқа шығып кете барды . Содан соң маған қарай жақындай түскен Болатым тағы да сөйлей бастады .

 -  Жаным менің , түскі тамағыңды сол маңдағы қалаған рестораныңнан іш . Ал анау айна астында тұрған шкафта ақша бар . Керегіңше алып ал . Аш жүрме , аш қалушы болма . Өзіңді күт . Сен маған керексің . Өйткені сен менің , жүрегімнің жартысысың жаным -деп шашымнан сипады . Охо , не дейді ?  Ананың ішінде ақша бар- дей ме ? Бұрын қалай көрмегенмін ? Әлде өтірік пе екен ? Мүмкін қалжыңдап тұрған шығар- деп мен де қулығыма бастым .

 - Жаан , керегіңше алып ал -деген не сөз ? Онан да белгілі бір санды айтшы . Пәлен теңге ал деп айтшы . Әйтпесе ертең , үйден ақшам жоғалды деп жүрерсің . Маған ғой жаным , сенің өзіңнен басқа ештеңе керек емес , ақшаңда - басқаңда . Маған сен болсаң болды емес пе ? Сосын бар ғой жан . Әлгі оң жақта тұрған қап - қара күзетшің бар ғой ...қабақбас . Чьё та маған ұнамай тұр . Түрі де қорқынышты өзінің . Кеше көлікті жүргізгенін көрсең ғой . Жолдан ұшып кететін сияқты көріндім . Қорыққанымнан жанымды шүберекке түйіп , әрең отырдым . Онан анаусы жақсы сияқты . Аты кім еді өзінің . Сол жақта тұрғаны ше ? Көлікті де әдемі жүргізеді екен , өзі де моп - момын , жуас екен . Мені қалаға сол апарсыншы деп сызылдым . Ойында түк жоқ сорлы емес пе ?

 - Әрине жаным , әрине . Сен қалаған күзетшің болсын .Ол жігіттің аты Оралхан .Ол әлі жас жігіт , жас болсада понятиесі бар жігіт , “КМС” жігіт . Міне , менің қазағымның болашағын қорғайтын осындай жігіттер . Өйткені бұл болашағы бар бала . Осы Алматының алыс аудандарының бірінен келген бала . Олда қалаға келгенде тап сен сияқты боқмұрын еді деп , мұрнымнан шертіп жіберіп қалжыңға басты . Мен болсам бұл кезде “КМС” деген сөздің қай мағынада айтылғанын таппай басым қата бастаған . Шыныменде , мынауың мен естіп көрген сөз емес . Әй оны қойшы , Оралханның өзінен сұрап алармын . Оның жеке мәселесін шештім ғой . Міне , мына сорлыны қарасайшы . Болатты айтамын . Тап қазір менің алдымда би - билеп кетті емес пе ?  Бір пәсте иманын үйіріп өзін иіріп тастадым . Шәпкесін қайырып шатырын шайқап жібердім .Енді мұның , менің алдымда құрдай жорғалағанын қара да тұр . 

 -  Айтқандай жан , сонымен қанша ақша алайын , айтпадың ғой , әлде ақшаңды қимай тұрсың ба ? Мен , сен айтпағанша бұл үйден бір тиын да алмаймын . Тіпті бар ғой сенің маған ақшаң да керек емес . Сұрағаным қашан еді , сөзді бұрмалап болмай қойдың ғой . Осыдан ауылға жетсем бар ма , сенің қаладағы үйіңде бір ай жатып жеп - ішетін ақшамды әкелемін . Мамаммен папам аман болсын , қоя салшы бәрін- деп бұртиып отыра кеттім . Енді міне , мына сөзден соң Болатың онан сайын жорғалай түсті .

 -  Жаным-ау менің , о не дегенің ? Қолыңдағы қапшығыңа қанша сыяды , сонша ақша алшы . Оның несіне ренжисің . Мен ол ақшаларды сен үшін әкеп қойғанмын . Алда жұмсай бер . Бітіп қалса айтасың ғой жаным . Тіпті бітпей тұрып айтсаң да болады . Тек қана қалада жүргенде абай бол . Ұрлатып алмасаң болғаны . Оны мен күзетшіме де нақтылап тапсырып жіберейін . Ал енді сен киіне бер жаным . Такси келетін уақыт боп қалды . Мен аулада бола тұрамын деп бетімнен шөп еткізіп сүйіп шығып кете барды . Болат кетісімен менде киіне бастадым . Өткендегі шопингте ішкиімнің түрі - түрін алғаным бар  әйтеуір бірін киіп бірін шешіп әуреге түстім .  Мына түрлі - түсті киімдердің қайсысы Оралханға қатты ұнайды екен ? Мына киген қап - қара жіңішке тор көздісіме , әлде анау әппағыма ? Мүмкін , мына қызыл түстісі ұнайтын шығар . Қап , өзінен сұрап алмағанымды - ай . Бірақ өзіміз көлеңкеде қашып кездесіп жүргенде оны қайдан сұрайын . Не де болса бүгін айым оңынан туып тұр емес пе ? Қаладағы кең бөлмеде құшақтасып жатқанға не жетсін ?! Қаруы қатты , қауқарлы Оралханды құшақтап кең төсекке кедергісіз құласам ғой . Ол менің жанымды үйірері анық . Соны осы соңғы кездері енді - енді түсініп келемін . Негізі мына сорлы Болатпен Оралханның арасында жермен көктей айырмашылық бар . Мұны мен о бастан - ақ сезсемде , асығыс істе дәмін татқаның болмаса тойып түсіне қоймайсың ғой . Өйткені кім көріп қояды екен ,  кім келіп қалады екен деген  көңілдегі кірбің , жәй ғана дәм таттырғаны болмаса , көңілің тойып тояттауға мұрсат бермейді . Бірақ бүгін бәрі де басқаша болады . Себебі кең үйдегі , кең төсекте екеуміз ғана болмақпыз . Мен осы бүгін осы Оралханның есін алмасамба ? Болаттығой билетіп жібердім тіпті қалпақпен ұрып алуға шамам жететіндей қалтырап тұр . Ал мынаны қалпақпен ұрмасамда қылығыммен қағып түсемін . Айтатын еді ғой еркектің құшағына кіріп сайманын сипасаң болды екен , соңыңнан қалмайтын итің болады деп . Айтқандай , ол үйде интернатпа - интернетпе , ол да бар емес пе?Естігем ия , сол құрғырды ашсаң қызбен жігіт емін - еркін бәрін жасап көрсетіп береді- дейді ғой . Қызық ия . Үйде жүргенде ондайды шетел киноларынан көретінбіз . Күтпеген жерден көре қалсам , көзімді төмен салып асханаға қарап тұра қашатынмын . Бірақ ол менің үйімде еді . Ол жерде әкең - шешең , туыс бауырларыңнан ұяласың . Сол үшінде сыртқа қашқаннан басқа амалың қалмайды . Болмаса , жақын отырғандардың бірі теледидардың арнасын ауыстырып үлгіреді . Ал мұнда ше ...мұнда ешкімде кедергі емес . Ешкім көрме демейді , қанша көргің келсе сонша көр .Қой құрсын мен кеттім , шығайын . Өйткені сыртта бір көлік сингал басқандай болды ғой . Ия терезеден қарасам такси келіп тұр екен . Әне анау тұрған менің ғашық Оралханым . Ол мені күтіп тұрғаны анық . Көп өтпей аяғымды айқара басып сылаңдап кеп , таксиге отырдым . Есігімді жауып алдыңғы орындыққа Оралхан отырғанда жолға шықтық . Негізі бұл жол , соңғы күндері екі -  үш рет жүріп өткен өзімнің жолым ғой . Мұндағы ойлы - қырдың бәрі таныс маған . Әне анау тұрғандар бастарын аппақ қар жапқан таныс таулар . Міне мынау оң жақтағы көк жамылған қалың орман . Ал ана жер болса өткендегі Оралхан екеуміз барып тоқтаған жер . Екі бетім бал-бұл жанып , бойымнан бал аққан жер . Оған мына ақ қайыңдар куә .Мұнарлап мен мұндалаған ана таулар куә . Сол үшінде көзімді алмай сонда қарап келемін . Есіме түскен сайын еріксіз күлімдеп , есінеп келемін . Арасында Оралханға да көз қиығымды салып үлгіремін . Ол үнсіз отыр . Отырғанда да , көлік терезесінен көз жүгіртіп , екеуміз тоқтаған жерге қадала қарап отыр . Не ойлап отыр дейін . Әрине ол мені ойлап отыр . Екеуміздің сол жердегі қылмысымыз жайлы ойлап отыр . Көз алдынан өтіп , күйіп жанып ол да мендей әрең отыр . Қайтпас қанжары басын көтеріп қыл шабуға дайында тұрған шығар .

Не болсада азғана шыда жаным . Айша сенде шыдай түс . Міне қалағада аз қалды , жақын қалды . Әрі кетсе жарты сағат . Содан соң ше ...содан соң сенің жаныңды сығып аламын Оралхан ...

    Міне , ауласы тап - таза зәулім үйлерге де жеттік . Әсем шаһардың жаңа ықшамауданының қақ ортасында бой көтерген мына үйлерді көргенде есім кеткені рас . Құдды бір көк түсті шишалардан қаланып тұрғызылғандай қатар - қатар бой түзеген , бірінен бірі көрікті үйлер . Төбесі көк күмбезбен көмкерілген мынандай үйлерден үш бөлмелі пәтерді анау - мынау байсымақтарың сатып ала алмасы анық . Өйткені бұл тек Алматының ғана емес тіпті кең байтақ Қазақстанның да ең бай , ең ауқатты адамдары тұратын жері . Демек менің Болатым да осал адам емес . Ол мен ойлағандай жәй ғана жауына жабысып жаға жыртысып жүрген адам емес . Кім болса да қолында ақшасы да алтыны да бар , өте бай адам . Бірақ , ең өкініштісі сол ол менің теңім емес . Менің теңім міне мына жігіт . Оралхан деген жас жігіт . Айтқандай , кеше Болат не деп еді ? “КСМ “деп пе еді , “КМС” деп пе еді ? Есіме түспей тұрғанын қарашы . Қой өзінен сұрап алайыншы .

  - Жан , жан тоқташы . “КСМ” беді “КМС” пе еді ол не деген ?- айтшы жан айтшы -деп жетіп барып қолына жармаса кеттім . Сол сәтте қолымды қағып жіберген Оралханым аларып бір қарап алып онан сайын жүрісін тездетті . Мен де соңынан қалмадым , жылдам жүріп ілесіп отырдым . Есік алдына жеткенде ғана қалтасына қол сұғып кілт шығарып есікке басты . Сол сәтте - ақ темір есік тыңқ деп барып айқара ашылды . Онан лифтке де сол кілтті басты . Есігі ашылып ішке кірдік . Құдай - ау мынау өзі лифт пе ? Ішінің бәрі айнамен қапталған , қай жағыңа қара ма , өзіңді ғана көретін жарты бөлмелі үй сияқты . Мұндай үйді білемін ғой , осыдан алты ай бұрын Тараздың екі қызымен көлемі осындай времянка үйде тұрдық емес пе ? Сол кезде менің қатты қиналғаным - ай , бәрі есімде . Сол екі қыз мені тастап өте шыққанда тіпті көз жасымды көлғып төккенде едім - ау . Ал лифтісі  мынандай үйдің ішіндегі пәтерлері , оның ішінде , болашақта өзім тұратын пәтердің қандай екенін көз алдыма елесте алар емеспін . Тап қазір айналадағы айнаға қарап , өз өзіме сүйсінгеннен  басқа шарам жоқ . Өйткені  менің жанымда іштен тынып Оралханым тұр .

 - Қарашы жаным , біз екеуміз үйленіп тойымызда тап осылай тұрсақ қой , ғажап емес пе ?Сен бүгін неге көңілсізсің өзі . Әлде мені сүймейсің бе ?Мүмкін ауырып тұрған шығарсың . Жаным сол сені барма , сені қазір өзім - ақ емдеп аламын деп қайта жабыса кеттім . Менің мына қылығыма оның қатты ашуы келді . Көздері шатынап сала берді . Кеуде тұсымнан итеріп кеп жіберді де:

 -  Қолыңды тарт ақымақ , тып - тыныш қана жөніңе тұр . Әйтпесе қазір мына қабаттан лақтырып жіберемін . Ұқтың ба?- сен деп сілкіне түсті . Мұндайды күтпеген едім . Зәрем ұшты . Мынаны мен жігіт деп жүрсем таза есуас екен ғой . Үндемегеннен үйдей бәле шығады деген осы екен - ау .Негізі мен , Болаттың айналасынан қашан жөні түзу адам көріп едім . Өңшең әпербақан жарымес , жындыларды жинап алған ғой . Мынаны қарашы .

 -  Әй сені Болаттан сұрап алған мен өзім емеспін бе ? Енді келіп ақымақ дейсің . Сүймейтінің бар неге маған сүйкенесің ? Әлде сенен басқа еркек жоқ па екен ?-дей бергенімде , кенеттен лифт тоқтай қалып есігі өзінен- өзі ашыла кетті . Менің шәңкілдегеніме пысқырып та қарамаған Оралханым шығып өз жөніне жүре берді . Бұртиып алып менде соңына түстім . Алайда көп жүрмей нөмірі 40 деген жазуы бар пәтер алдына кеп тоқтадық . Қолындағы кілтімен есігін ашып ішке кірдік . Оппанаааа . Міне мынау үй . Міне пәтер . Ішінде менен басқаның бәрі бар , дап - дайын пәтер . Төбем көкке жетті . Себебі мұндай үй , енді мендей сұлу қызда да бар . Бөлмесінен бөлмесіне өтіп кезе бастадым . Бір бөлмесінде менің бойымнан үлкен телевизор тұр . Үлкендігі сонша тіпті бір қабырғаның бетін түгелдей алып жатыр . Келесі бөлме ше , мұнда кең салынған төсек тұр . Аяқ астында табаныңа жұп - жұмсақ тиетін домалақ кілем жатыр . Кілем болғанда да өте қымбат кілем . Ал тазалығы сонша , тіпті аяқпен басуға көзің қимайды . Ал енді келесі бөлме қандай , о тоба , мынау немене ? Шомылатын моншама деп қалдым . Құрсын монша болса қабырғасы неге шишадан соғылған . Ішіне кірген адам айқын көрініп тұрады емес пе ?

Сосын ше , құрсын мынаусы несі ? Бассейн ба мяяя  . Оныншы қабат дегенді көзім шалғаны бар . Егер оныншы қабат болса мұндағы су қайдан келді , келсе де қалайша ағып кетпей тұр ? Төменгі қабаттағыларды топан су алып тұратын шығар . Біз осы анау лифтісімен төмен қарап кетпедік пе өзі ? Аа , балкон дегені қайда еді , содан қарап көрейінші . Мәссаған ! Алып Алматың алақандай көрініп тұр ғой . Әне , анау тұрған таулар маған таныс  таулар . Төменге қарап көз жүгірттім . Ойбай құрсын өлдім . Басым айналып кетті ғой , құлап кетермін . Зып беріп келесі бөлме асханаға жеттім . Ортадағы ас ішетін дөңгелек үстел тұр . Болды болды . Айша саған не керек енді . Сен өте байсың , өте сұлусың , өте бақыттысың . Ай жарайды , тоқташы . Оралхан қайда жүр а . Кетіп қалмады ма екен өзі ?Томпиып алып үндемегенімен , үре салатын біреу екен өзі .

 - Оралхан ! Оралхан деймін қайдасың ?

Күтпеген жерден шыққан дауыс мен мұндалап жатты . Жаным қалмай жанына жетіп бардым . Шешініп тастаған Оралханым болса ток жүретін сымдарды жалғап әлек .

 - Бұл немене деймін шатпақ - шатпақ сымдарды көрсетіп .

 - Бұл сигнализация , камера , телевизор , интернеттің сымы . Соларды жалғап жатырмын -дейді күлімдей қарап . Мәссаған ! Мынаның жаңағы жыны қайда кеткен . Лезде ашуы тарқап ыржалақтап тұрғанына не дерсің .

 -  Жаңа ғана ақымақ деп ұрсып алып енді неңе күлесің . Онымен тұрмай көкірек тұсымнан итергенің не . Мені ешкім олай итеріп көрмеген . Көңілім қалды сенен . Сағынышым су сепкендей басылып қалды менің . Сосын мен аш қалдым . Таңертең ас батпады . Тездет , екеуміз барып тамақ ішіп келейік деп енді теріс қарай бергенімде  Оралханым тұрған үстелінен секіріп түсті .

 -  Сен білмейсің ғой , мына үйдің алдында да артында да барлық жерде камера бар . Тіпті лифттеде бір емес екі камера бар . Сен оны көрген жоқсың . Өйткені қараған жоқсың . Сол үшін үй алдында , лифтте жабысқаныңды қой . Ол күмәнді . Болат білсе сені де мені де оңдырмайды -дейді басын төмен салып .

 - Онда неге сол жерде айтпайсың ? Көкірегімнен соншама итергенше , айта салмайсыңба ? Жүрек тұсым әлі де ауырып тұр . Мүмкін қолыңның ізі қалған шығар , қатты тиді маған , деп тамақ асты түймелерімді бірінен соң бірін ағыта бастадым . Төңкерілген қос анарымды қаптаған қып - қызыл төстартқышымды көргенде Оралханнан ес кетті . Бас салып құшақтай көтеріп жатын бөлмеге қарай жүгірді . Менің де күткенім осы емеспе , ерніне сүлікше жабысып еркіне көне бердім . Сыртқы киімімді оңды - солды шешіп лақтырған Оралханым болса лып етіп үстіме қарғыды . Менде қарап жатпадым . Қос аяғыммен қапсыра құшақтап ырғала бастадым . Есім кеткені сонша тастай қатқан тарланына жабыстым . Саусақтарым жұмуға жетпей жұмсақ қолыммен басынан сипай бастадым . Сол күйі өзімнен төңкеріп тастап астыма бастым . Ернінен тойғанымша сүйіп тамағынан иіскедім . Кеуде тұсын сипалап басымды көтермеген күйі жәймен төмен түсе бастадым . Қою шашым төгіліп көкірегін жауып жатты . Ол менің шашымның арасына саусақтарын жүгіртті . Басымды көтеріп ернімнен сүймекші болды .Мен оған көнбедім , төмен қарап сырғи түстім . Тілімнің ұшы тұла бойын күйдіріп кетті .Тынысын терең тартып талықсып берді . Енді ол ышқына түсті . Мен де қалыс қалмадым , ынтыға түстім . Па шіркін , төсектің кереметін айтсайшы . Көзідерім еріксіз жұмыла берді . Бойымнан күш қуатым кеткендей болды . Сонда да тоқтағым келмеді , жібергім келмеді . Басын беріп қойған тарланын онан сайын тарта түстім . Сипап - сипалап жоғары төмен ырғауға көштім . Көп өтпей ақ жұп - жұмсақ алақаныма аппақ шәуһатын төгіп берді . Асау тарлан осылайша тыным тапты . Бойынан қайраты кеткен соң басын бұға бастады . Тап осы кезде менде шарықтау шыңына жеттім . Жеттім де сұлық түсіп жата кеттім . Сонан соң тарланның басын өз еркіне қоя бердім . Осылайша мен өз уәдемде тұрдым . Оралханның жанын шығарып сығындысын сырқып алдым . Енді ол менікі ! Менен құтылып көрсінші . Бұл негізі соңы емес . Кешке дейін де біраз уақыт бар . Әлі де қаншама рет есін шығарамын . Тулаған тарланын талай рет тақымға басамын .Тап осы күнді , мен өзімнің ең бақытты күнім деп есептедім . Жас жұбайлардың бал айы дегенді енді ғана түсіндім . Негізі қауқарсыз кәрі Болатқа тисемде төсектен құр қалмадым . Өйткені құмарымды басар Оралханым бар . Ақшасын шашар Болатым бар . Болды емеспе ? Маған басқа ешкімде керек емес.

Қысқасы сол күні кешке Көк Төбедегі үйіме қайтып келдім . Алдымнан емпілдей шыққан Болаттың ернінен шөп еткізіп сүйдім де өз бөлмеме кеттім . Ендігі жоспарым ертең ақ ауылға кету . Кеткенде бұрынғы айтқанымдай біржолғы кету емес , әке - шешеме өзімнің дін аман екенімді көрсетіп келу . Ал құрбы - құрдастарыма алтындарыммен қымбат киімдерімді көрсетіп мақтан тұту . Міне , енді мен осы ойымды жүзеге асыруды жоспарлай бастадым ...

   Сол күні қатты шаршап келгенім бар, ертерек ұйықтасам ба деп бөлмемде отырғанмын . Оралхан болса мені үйге жеткізген таксимен сол сәтте кері қайтқан . Ол енді ертең келеді . Негізі сол Оралхан болмаса мына даңғарадай үйдің мен үшін түк қызығы жоқ . Оның орнына Болат үйде жүр . Соңғы үш күнде бұл сорлыда  үйден шықпай , мені айналшықтап жүріп алған . Менде өзімнің іштей құрып жүрген жоспарымды қалай жеткізудің жолын таппай басым қатып отырғанда Болаттың кіріп келмесі бар ма ?

Айтқандай бүгін таңертең мені такси алып кеткенінде де , онан кешке қайтып келгенімде де , бұл мені не шығарып салмаған не күтіп алмаған . Міне мұның сыры неде ? Бұл мен үшін жауапсыз жұмбақ .Тап қазір сөзімді бастауға осы жұмбақ себеп емес пе ?Сұрап көрейінші .

 - Жаан , неге мен кеткенде шығарып салмайсың , келгенде неге күтіп алмайсың ? Мүмкін жақсы көрмейтін шығарсың ? Мүмкін құтыла алмай жүрген шығарсың ?

Соңғы күндері бір тұйық мінезді болып алдың . Үйден де айналшықтап шықпай жүрсің . Осының сыры неде , түсіндіріп берші маған , жаным сол- деп қолқа сала бастадым . Мынандай сұрақты күтпеген болса керек , терең тынысын тартып барып Болатым жаныма кеп отырып сайрай бастады .

 - Жаным менің , сен білесің бе? Мен күндіз түні -сені ғана ойлап жүремін . Соңғы күндері жұмысымда жөнді жүрмей аздап қиналып жүргенім бар . Сол үшін де алдағы бір аптада өзіңмен бірге болсам деп үйде қалғанмын . Ал сені , бүгінгі шығарып салып күтіп алмағаным үшін кешірім сұраймын , кешірші жаным кешірші деп шалқалап жата кетті .

Міне міне , мына Болат дегенің басқалар үшін бақырған бұқадай болса да мен үшін маңыраған қойдан жуас екенін көре қал . Кешірім сұрап өліп - өшіп отыр емес пе . Бірақ соның қандай да бір жауабы болуы керек қой . Неге көшеге шықпайды бұл ? Онан сайын езе түскім келіп сөйлей бастадым .

 - Жаан , сонда саған аулаға шығып мені қарсы алу қиын ба ? Өзім анашымды қатты сағынып көңілі жарым боп жүрмін . Сосын мен өзімді саған да керек емес сияқты сезінем . Мен өзі бұл өмірде біреуге керекпін ба, жоқ па ? Мені керек қылатын әке - шешемнен басқа адам бар ма екен өзі . Ертең - ақ үйге кетемін , апта жүріп мауқымды басып келмесем болмас . Жан не дейсің , айтшы , айтшы өзің деп кеудесіне басымды тастай салдым . Шашымнан сипап құрақ ұшқан сорлы сол сәтте ақ тақтан тайып түсті .

 - Әрине жаным , барып кел . Барам десең бара бер- дедім ғой . Қашан кетесің , бүгін кетем десең , қазір ақ апарып ұшаққа отырғызып жібереді ғой . Қазір тоқтай тұршы жаным . Мен күзетшіге айтайын- деп орнынан тұрмақшы болды . Мен оны босата қоямын ба , онан сайын еркелеп сызыла түстім .

 - Жооқ жан , бүгін сенімен болайыншы . Ертең не соңғы күндері кетермін . Өйткені мен өзіңді қатты сағындым , жаным сол деп онан сайын қапсыра құшақтай жақындай бердім . Негізі менің осы ертең ,не соңғы күндері кетермін дегенімнің бірнеше себептері бар еді . Біріншіден :  өмірімде ұшаққа отырып көрмегенмін , ұшақтан өлердей қорқамын . Екіншіден : ертең Оралхан келеді , күзетте болады . Сонда соңғы күн ол мені шығарып сала алады . Демек оның құшағында болуға тағы да бір мүмкіндік туады . Үшіншіден : бүгін ертең Болатпен төсектес болып жатсам онда мен бала көтерсемд е ешқандай күдік тудырмайды . Қазірше  менің бала көтергенім күмәнді  . Өйткені өз есебім бойынша тағы да үш - төрт күннен соң етеккірім келуі керек . Ол келсе бұл сорлыға бала түгіл , бәле де жоқ . Бала көтерді деп өзінше ойлап жүре берсін . Сосын етеккірім келгенде мен мына үйде болмауым керек . Болат біліп сезіп қойса болмайды . Маған деген көзқарасы түбегейлі өзгеріп кетуі мүмкін . Ол дегенің өз аузымен айтқан байлықтың бірде - бірі маған бұйырмайды деген сөз . Қысқасы мұны бүгін өз илеуіме салайын . Ақ тер көк терін шығарып есін алайын . Тіпті аузыммен аптап , қолыммен күптесемде бұл сорлының кәрі көкжалын оятайын . Бірақ бұл сорлыдан пайда жоқ , қызық жоқ . Әтем - сәтем үстіңе шығып итінгені болмаса , Оралхан сияқты жойқын соққысы жоқ . Керісінше бұл адамда ақша бар , басына қонған бітпес байлығы бар . Сол үшінде бұл маған аса қажет адам , керек адам . Мұнан айрылуға болмайды . Онанда тап қазір бастасамба екен . Жоқ - жоқ маған бастауға болмайды . Өйткені күнімен Оралханның құшағында жаттымғой . Әлдебір белгі бойымда қалып кеткен болса ше . Оны мына сорлы көріп , сезіп қойса ше . Онда мен құрыдымғой . Жалғыз мен емес Оралханда құриды ғой . Қой құрсын  ,айтарымды айттым , еркек болса өзі қозғалар . Онанда мен мұның көңілін аулап еркелігімді көрсетейін .

 - Жан , жаан . Жан деймін . Ойбай мынаған не болған . Жынды боп қалғаннан сау ма ?Еңгезердей еркек еңкілдеп жылап жатқаны несі ? Орнымнан атып тұрдым да , қолымен көлегейлеген бетіне үңілдім . Екі көзден аққан тамшысы екі самайына жетіпті . Қорыққаннан зәрем ұшып кетті - Әй сен неге жылап отырсың ? Жаным айтшы , айтшы деймін, айтшы -деп жұлқи бастадым . Сонда ғана екі көзін кезек - кезек сүрткен Болатым сөйлей бастады . Алайда мен оның сөздерінен тұщымды жауап ала алмадым . Сонда да үнсіз отырып тыңдай бердім .

 - Жаным менің , жарығым менің . Өткен кеткенім есіме түсіп көзіме жас келгені . Сен айтасың , мен саған керекпін бе ?-дейсің .

Әрине сен маған керексің жаным . Ал енді мен саған керекпін бе?- соны түсіне алмай жүрмін . Сосын ғой сенің жаныңда көбірек болсам деп үйде жүргенім . Оның үстіне соңғы күндері шаруаларым шешілмей жүр . Кезінде менің арқамда төбесі көкке жеткен ағаларым осы күні өзіме қарсы шауып тұр . Тіпті аяғымнан тартып болмай жүр . Соңғы күндері досымнан дұшпаным көбейген сияқты . Мен негізі осының бәрін тек өзім үшін емес қазағым үшін де жасадым ғой . Қазақ үшін кез келгенмен күрестім емес пе? Сен әлі жассың ғой жаным , ол жағын білмейсің , түсінбейсің . Осыдан он жыл бұрын - ақ Алматыны өзге ұлттар билеп тұрған. Ал тап қазір қазақтардың қолында . Бірақ мен үшін ең өкініштісі сол , қазақтың жауы тек қана қазақ . Қазақты сырттан келіп жау ала алмайды . Қазақты қазақ қана құрта алады . Ее қоя салшы жаным . Мен тіпті көп сөйлеп кеттімғой . Келші бері , жақындашы маған . Құшағыма басып жатайыншы сені . Жаным менің , жарығым сол- деп мені құшағына тартып ернімнен сүйді . Менің де күткенім осы емеспе кенедей жабысып құшағына тығыла түстім . Алайда көп ұзамай ерніне сүлікше жабысқан күйі үстіне шықтым . Сонан соң отырып алып көйлегенің түймелерін ағыта бастадым . Құдай - ай , асыққанда түйменің бірі шешілсе  бірі шешілмей екпінімді тежей берді . Ақыры екі жағасын екі жаққа тартып жыртып алдым . Ашық қалған жалаңтөсін жалап , сүйіп қысқа балақ шортиіне қол жүгірттім . Ұйқыда жатқан тарланын тасымен қоса сиплап , бірде ерніне жабыссам енді бірде кеудесін сүйіп , тырнап әбігерін шығардым . Кәрілікпе білмеймін қанша сипасамда бас көтерудің орнына кәрі тарлан онан сайын басын бұға түсті . Қап , Оралханның тарланы тарланғой шіркін  не дейін . Мұндайда жұлқына түсіп тап беріп тұсауын үзген айғырдай тулап шығары сөзсіз . Ал мына сорлыда күш жоқ , қауқар жоқ . Сондада бастадым ғой енді жайына қоймаспын деп шолақ шортиді шешіп бастан асырып лақтырдым . Сонан соң қос қолмен ұстап алып ауызға бастым . Міне қызық . Көп өтпей кәрі тарлан басын көтергендей болды . Құдды бір жан бітіп қозғалғандай болды . Бәсееее , өліп қалған кәрі емесқой жолын жан кіргіздім-ау әйтеуір . Қалауын тапсаң қар жауар деген осы емес пе ? Таңдайма басып тлімнің ұшы тигенде кәрі тарланға әжептәуір ес кіріп қалды . Ал енді маған ерік бер жаным деп сыбырладым да ерсіз мініп шаба жөбелдім . Бұл кезде екпініме шыдамаған Болатымда екі бөксемнен қапсыра ұстап менімен бірге ырғала бастаған . Бірақ өкініштісі сол басталуына жарты сағат кеткен іс бес минутқа жетпей бітіп қалды . Енді мына сүмелектің тағыда бір апта бас көтермесі анық . Мүмкін бір айға ұйқыға кеткен шығар . Ол мәңгі ұйқыға кетседе маған түк қызық емес . Өйткені ертең дайындалсам арғы күні Алла деп жолға шығамын . Ал қанша ақша аламын , қаншасын үйіме беремін , ол менің жеке шаруам . Тек Оралханмен көлікте болсада бір рет кездесіп кетсем болғаны . Бір апта деген көзді ашып жұмғанша өте шығады , шыдай тұрамын .

Жалғасы бар...