Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Көлік тәркіленді

Range Rover Vogue көлігін банан қораптарына жасырып, Волгоградтан Шымкентке жеткізбек болған жүк көлігі жүргізушісін ресейлік шекарашылар ұстады.

 "Iveco Stralis жүк көлігі Волгоград облысы Паллас ауданында шекара бақылауынан өткен. Тіркемесінен банан қорабына жасырылған қара түсті Range Rover Vogue көлігі табылды", — деп хабарлайды Ресейдің Волгоград облысы бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі.

Жүргізушінің контрабандалық көлікке құжаты болмаған. Оның кімге тиесілі екенін әлі белгісіз. Ұсталған азамат полицияға берілді.


sputniknews.kz