Үндістанның Хайдарабад қаласының тұрғыны смартфон арқылы порнография көрген баласының қолын кесіп тастады.

    Баспасөздің жазуына қарағанда Халед есімді 19 жастағы бозбала смартфон сатып алып, одан үнемі порнографиялық видеолар көріп келген. Халедтің әкесі Мухаммед Куреши баласының соткадан бас алмай қалғанына алаңдап, бірнеше рет ескерту де жасап, оның таңнан кешке дейін сотка шұқылап отыруы дұрыс емес екенін айтады. Алайда ұлы оған құлақ аспайды. 
    Бір жолы әкесі баласынан смартфонын тартып алмақ болғанда ол қолын тістеп алып, үйден қашып кетеді және қайта оралмайтынын айтады. Дегенмен басқа барар жері жоқ жасөспірім түн ортасында үйге қайта келеді, ал таңертең әкесі екеуінің арасындағы әңгіме қайта жалғасады. Ұлының әрекетіне күйінген әке қасында тұрған ет турайтын үлкен пышақпен оның қолын кесіп алады. Осы әрекетінен кейін Куреши қамауға алынды. Оған "дене жарақатын келтірді және кісі өлтірмек болды" деген айып тағылып отыр.