Қытайда интернетте өзін әйел ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды.

65 еркек, яғни интернет-алаяқтары өздерін әйелмін деп танысып отырғаны үшін түрмеге қамалды. Ғаламтордағы алаяқтар тобын басқарған жетекшісі 14 жылға түрмеге тоғытылды. 
 
Сондай-ақ оған 100 мың юань айыппұл салынды. Оның 64 көмекшілері де 12 жылға сотталды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды. Айта кетсек, бұл пайда табу үшін жынысын ауыстырған алаяқтар туралы алғашқы дерек емес. Ағымдағы жылдың ақпан айында Үнді елінде қалыңдықтың "қалың малын" алу үшін өзін еркекпін деп таныстырған әйел қамауға алынған болатын.


Дереккөз:ktk.kz