Танымал түрік актрисасы Озге Бурак Instagram желісінде оған оғаш ұсыныс жасаған әзірбайжандық кәсіпкерге жауап берді. Кәсіпкер актрисамен бір түн үшін миллион доллар төлеуге әзір екенін айтқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Озге бұл хабарламаның скриншотын желі парақшасында жария етті.

"Мен әзірбайжандық кәсіпкермін. Мәскеуде тұрамын. Сенімен бір түн үшін миллион доллар төлеуге әзірмін... Өз шотыңды айтсаң, бірден ақшаны аударамын", - деп жазған кәсіпкер хабарламасында.


 



Актриса бұл ұсынысқа жауап берді.

 

"Мен жазылушыларымның хабарламасын жиі жариялап отырмаймын. Әдетте оларды тек күлкілі немесе оғаш болып көрінсе ғана жариялап жатамын...

 



Маған түрлі адамдар сезімін білдіріп, хабарлама жіберіп жатады. Рақмет. Алайда мына хабарламаға не дерімді де білмеймін", - деп таңданыс білдірді Озге.