Американың Мэриленд штатында тұратын әйел байқаусызда 50 мың доллар ұтып алды.



Ол қателесіп, билет шығаратын автоматтың басқа батырмасын басқан.  "Автоматтан басқа билет шыққанда ах ұрдым. Әдетте мен бұл лотереяның билетін алмаймын, тек бұл жолы басқаша болды", - деді жеңімпаз.  Ол сәттілік әкелген билетін үйінде сканерледі. Ұтыс жайлы хабарламаға алғашқыда сенбей, екінші рет тексерді. Сыйақыға ие болғанына көз жеткізген соң, ұтыстың бір бөлігін үйді жөндеу жұмыстарына жұмсайтынын айтты. 

ktk.kz